Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» 5В012000-«Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша (3 кредит) студенттерге арналған пән бағдарламасы



бет2/4
Дата12.10.2020
өлшемі153,5 Kb.
#66707
1   2   3   4

1.2 Пәннің қысқаша мазмұны:


  • Студенттерді қауіпсіз өндірістік еңбек тәсілдеріне оқыту;

  • Жұмыс орындарында еңбекті қорғау және техника қаупсіздің талаптарымен танысу;

  • Қауіп және зияндылық өндірістік шығу көздерін сипаттау;

  • Студенттерге еңбектің қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру бойынша сауатты шешімдер қабылдауға үйрету.

  • Қауіпті және зиянды өндірістік факторлардан қорғану тәсілдерін зерделеу.

Аталған пәнді зертейтін студенттер келесі пәндерді игеру қажет: «Экология», «Физика», «Химия», «Психология»

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты:

Болашақтағы мамандарға қауіпсіз және зиянсыз жағдайдағы тіршілік әрекетін құру үшін қажетті теориялық және тәжірибелік дағдыларды үйрету; қауіпсіздік бойынша қазіргі заман талаптарына сай технологиялық процестер мен жаңа техниканы жобалау; студенттерге соғыс және бейбіт уақыттағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерді, халықты қорғау әдістерін, қазіргі заманғы зақымдау құралдарының қолдану кезінде, табиғи апаттар, авариялар салдарын жою кезіндегі құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін оқыту; зақымдау ошағына сипаттама беру; құтқару және басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу негіздерін анықтау; ТЖ салдарынан халықты қорғау әдістеріне сипаттама беру; химиялық және радиациялық барлау құралдарымен таныстыру және олардың жұмыс істеу тәртібі мен таныстыру.
1.4 Пәнді оқытудың негізгі себептері:

«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» пәні қауіпсіздікті қамтамасыз етудің теориялық және практикалық негіздерін білетін, қауіптілікті тани және бағалай білетін, олардан сенімді қорғау тәсілдерін анықтай және жүзеге асыра білетін, басты принцптер-ғылыми ізденіс, жобалық-конструкторлық әзірлемелер, өндірісті ұйымдастыру және басқару облысында кез-келген техникалық міндеттерді шешу кезінде қауіпсіздік басымдылықтарының сөзсіздігін терең сезетін, жас мамандарды дайындау.


1.5 Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі қажет:

  • Адамның мекендеу ортасының жағымсыз факторлары, олардың әсер ету салдары, оларды сәйкестендіру және адамдарды қорғауды қамтамасыз ету принцптері, нысандардың жұмыс істеуінің тұрақтылығын арттыруды зерттеу әдістері, ТЖ болжау және апаттардың, табиғи апаттардың салдарын жоюға әзірлігін анықтайтын модельдерді әзірлеу туралы түсінігі болуы қажет;

  • ҚР негізгі заңдарын және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысындағы нормативтік заңдарды; зиянды және зақымдаушы факторлардың адам үшін анатомия-физиологиялық салдарын, қорғау тәсілдерін; ТЖ дағы шаруашылық нысандарының жұмыс істеу тұрақтылығын арттыру жолдары мен тәсілдерін; төтенше жағдайларды болжау және олардың салдарын жою әдістерін білу керек;

  • Қауіпсіздік пен экологиялықты арттыру бойынша шараларды әзірлеу, құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысуды жасай білулері керек;

  • Қауіпсіздік облысында, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, жалпы кәсіптік және арнайы ғылымдар, ойлау мәдениеті және өзінің кәсіптік қызметінің нәтижелерін баяндау облысында білім мен ілімді тиімді пайдалану дағдылары болуы керек;

  • Заңды және нормативтік – құқықтық база, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау облысында техникалық және жобалық құжаттаманы құрастыру мәселелерінде құзыретті болу керек.

  • өмір сүру ортасында адамның тіршілік қауіпсіздігінің теориялық негіздері, тіршілік қауіпсіздігінің құқықтық және нормативті – техникалық негіздері, төтенше жағдайларды бағалау әдістерін және олардың салдарын жою, төтенше жағдайлар кезінде шаруашылық нысандарының тұрақтылығын арттыру жолдары мен әдістерін меңгеру;

  • зақымдану ошағының техникалық есептерін жүргізе білу;

  • өндірістің техникалық үрдістерін және өндірістік қызметтің экологиялығын және қауіпсіздігін жоғарлату бойынша қажетті шараларды түсіну;

  • травмалық, зиянды және зақымдаушы факторлардың адамға анатомия – физиологиялық салдары туралы түсіне білу, травматологиялық зақымдану, аса қауіпті инфекциялық аурулар белгілерін ажырата білу және алғашқы медициналық көмек көрсете білу керек.

1.6 Курс пререквизиттері: жоқ


1.7 Курс постреквизиттері:

1.7.1 Физика

1.7.2 Экология

1.7.3 Химия




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет