Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «философия»



бет33/40
Дата04.11.2023
өлшемі191,94 Kb.
#189809
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40

Тезистерді құрастыру



Тезистер дегеніміз мәтіннің қысқа тұжырымдалған басты ережелері. Тезистерде, ереже бойынша, деректі материалдар қарастырылмайды, ол материал мәтінде айтылатын жағдайаттарды түсіндіру, дәлелдеу немесе дәйектемелеу үшін беріледі.
Тезистер конспектілер сияқты тек қана мәтінді алын-ала зерттеу негізінде ғана дұрыс құрылуы мүмкін болатыны анық.


Мақалаларға аңдатпа мен ой-пікір жазу



Аңдатпа – шығарманың мазмұнының қысқаша сипаттамасы, ол әдетте басты сауалдардың тізімі түрінде беріледі. Аңдатпада шығарманың кейбір ерекшеліктері де аталуы мүмкін: басып шығару уақыты, құрылымының құрылуы, бұл жұмыс кімге немесе неге арналғанын көрсету және т.б.
Ой-пікір дегеніміз белгілі бір шығарманың сындық талдауы. Ой-пікірде, ереже бойынша, жұмыстың көкейкестілігі атап өтіледі, оның құрылымы ашылады, бұл жұмыста қарастырылатын негізгі сауалдар атап өтіледі, оның тәжірибелік маңыздылығына сілтейді. Ой-пікір беруші мазмұндалған мәселеге өз көз қарасын айтады, сарапнамаға жататын жұмыстың қазіргі кездегі талаптардан шыға отырып бағалылығы туралы жалпы қорытынды жасайды.


Курстың белгілі бір тақырыптары бойынша библиография құрастыру



Тақырып байынша әдебиеттерді жинақтау кезінде кітапханадағы жүйелік каталогқа, журналдардың («Ақиқат», «Мысль», «Ғылым» және т.с журналдарға, ТМД елдеріндегі университеттерінің хабаршыларының) ақырғы нөмірлеріне, интернетке жүгіну керек.
Библиографиялық тізімді хаттау кезінде барлық әдеби жұмыстарды авторларының тегі немесе жинақтын атауы бойынша әліппелік тәртіп бойынша орналастыру керек.
Әр-бір жұмысты сипаттау кезінде автордың тегі мен инициалдары, жұмыстың атауы, оны шығару туралы мәлімет: басып шығарған жері мен жылы көрсетілуі тиіс. Журналдық мақалаларды сипаттау кезінде мақаланың авторы, мақаланың атауы, мақала басылған журналдың атауы, басып шығару нөмірі мен жылы көрсетіледі. Мақалалардың жинағын сипаттау кезінде сонын ішіне оның редакторының аты-жөнін енгізу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет