Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «философия»


Коллоквиумдарға дайындалу



бет35/40
Дата04.11.2023
өлшемі191,94 Kb.
#189809
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Коллоквиумдарға дайындалу.
Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін игеру дәрежесін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі.
Осыдан шығатыны: коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек.
Бақылау жұмыстарына дайындалу.
Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • білім алушылардың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • білім алушылардың дайындығын айқындау;

  • үлгірімділігі төмен курсанттармен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Курсанттар бақылау жұмысына дайындала отырып:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу қажет;

  • теориялық материал, негізгі формулаларды, есепті шығару әдістерін қайталау керек;

  • оқулықтағы мысалдар мен есептерді және семинар сабақтарында қарастырылған есептерді қайта қарастыру.

Егер курсант алғашқы дәрістен бастап өткен материалмен жүйелі жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық туғызбайды.


Өздік тапсырмаларын орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
КӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз аудиториядан тыс орындалады. КӨЖ-тың негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындалу. Семинарлық сабақтарда қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұны қамтымайды. Сондықтан өз білімін тереңдету және кеңейту бойынша әрі қарай жұмыс жасауы қажет. Ол КӨЖ процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан КӨЖ – да тақырыптың мазмұның толық ашатын қосымша сұрақтар, мәселе, тапсырмалар қарастырылады.
КӨЖ формалары мен мазмұның өңдеу.
Тақырып бойынша шолу жасау –басым мен Интернеттің ақпараттық ресурстарынан қосымша материалдарды тарту арқылы ұсынылатын тақырып бойынша 1- 2 беттік қысқаша шолу жасау.
Реферат – КӨЖ – дің неғұрлым кең таралған формасы бола отырып, әдебиетті міндетті түрде крсете отырып, белгілі тақырыпқа жасалған баяндаманы білдіреді. Рефератты не ғұрлым қызықты да шығармашылық жұмыс болып табылады. Осы жұмыс нәтежесінде пікір – талас жүргізу, оған талдау жасау ептіліктері өңделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет