ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту әдістемесі» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет5/56
Дата18.03.2017
өлшемі4,29 Mb.
#11978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Блок. Алдымен блоктың нендей нәрсе екендігі айтылып және көрсетіледі. Жылжымайтын және жылжымалы блоктар жөнінде түсінік беріледі. Жылжымайтын блок арқылы жіп өткізіп, оның бір ұшына жүк,екінші ұшына динамометр байлап, оның көмегімен жүк көтергенде ешқандай ұтыс болмайтындығын, тек жылжымайтын блок жәрдемімен жүк көтеретін күштің бағытын қолайлы етіп алуға болатындығы жөнінде қорытынды жасалады.

Жылжымалы блок көмегімен жүк көтеру болатындығына ерекше тоқталу керек. Динамометр және сызғыш арқылы өлшеніп, жүк көтергенде күштен екі есе ұтуға болатындығы тәжірибеде дәлелдегені дұрыс. Жылжымалы блоктардың тобын қолдануға болатындығын, оны полиспастылардың қолданылуына мысалдар келтірумен және есептер шығарумен аяқтайды.

Адам баласының көп ғасырлық практикасы қарапайым механизмдердің жұмыстан ұтыс бермейтіндігін,олардың тек жұмыстың түріне байланысты не күштен, не жолдан ғана ұтуға болатындығын дәлелдеп отырғандығы айтылады. Күштен қанша есе ұтсаң –жолдан сонша есе ұтыласың және керісінше. Бұл қорытындыны механиканың «алтын ережесі» деп атайды.

«Қарапайым механизмдер» тақырыбын оқып үйренуде оқушылар механиканың осы «алтын ережесін» жақсы меңгеріп және оны практикада қолдануды үйренуі керек.

3.Қарапайым механизмдердің пайдалы әсер коэффициенті. Бұл ұғымды енгізу үшін,алдымен қарапайым механизмдерді пайдаланғанда үйкелістің себебінен «алтын ереженің» орындала бермейтіндігіне назар аударылады. Шындығында барлық жағдайда үйкеліс болады, сондықтан, оны жеңу үшін қосымша жұмыс істеуге тура келеді. Мәселені нақты мысалмен түсіндірген дұрыс.

Массасы 400кг бетон плитаны 10 см биіктікке көтеру үшін рычагты пайдаланады.Рычагтың екінші ұшына түсірілген 1200 Н күштің түсу нүктесі 40 см жол жүреді.Рычагтың пайдалы әсер коэффициентін (ПӘК) табу керек.

Есепті шешу үшін алдымен бетон плитасының салмағын анықтайды:



,

одан кейін жасалуы қажет жұмысты-пайдалы жұмысты есептеп табады:



сонан соң плитаны көтеру үшін нақты жасалған жұмыс немесе толық жұмыс есептеледі:



,

Ең соңында п.ә.к.-ті анықталады:



Үйкеліс салдарынан әдетте толық жұмыс пайдалы жұмыстан артық болады,өйткені,толық жұмыс пайдалы жұмыс пен үйкеліске қарсы жасалған жұмыстың қосындысына тең.Олай болса, қарапайым механизмдерді пайдаланғанда біздер жасалуы қажет жұмыстан артық жұмыс істейді екенбіз.Бұл тақырыпқа да бірнеше есеп шығарып,пысықтау қажет.

«Қарапайым механизмдер» тақырыбын өтіп біткеннен кейін олардың қолданылуын көрсету мақсатында заводқа,фабрикаға,механикалық шеберханаға немесе құрылыс алаңына экскурсия ұйымдастырған жөн.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет