Орта жалпы білім беретін мекемелердің жұмысын реттейтін екінші құжат, базистік оқу жоспары болып табылады, ол оқушылардың оқу жүктемесінің максимал көлемін анықтайды, мемлекеттік білім беру стандартының компоненттерін меңгеруге бөлінген оқу уақытын анықтайды. Базистік оқу жоспары пәндерді қамтымайды, білім беру аймағын қамтиды және екі бөлімнен тұрады: инвариантты және вариативті. Инвариантты бөлімінде мемлекеттік білім беру стандартының компоненттері толықтай жүзеге асады, жалпы білім беретін мекемелердің түлектеріне қажетті білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |