Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 1-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген. Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады: а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы; ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы; б) аралас сабақ; в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы; г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы. Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады. Әрбір сабақтың өзіне тән құрылымы болады (2-кестеде көрсетілген). 1-кесте Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері
Достарыңызбен бөлісу: |