)сабақтың қандай элементттері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты материалдар келтіру керек, т.б
4)сабақтың қандай элементттері оқушыларға неғұрлым көп тәрбиелік ықпал жасады, келесі сабақта нені күшейтіп, қосымша қандай нақты материалдар келтіру керек, т.б;
Одан әрі мұғалім сабақтың барысында қандай кемшіліктер болғанын, қандай мүмкіндіктерді пайдалана алмағанын нақтылап, әдістемелік және дидактикалық қортынды жасайды.
Физика мұғалімінің негізгі құжаттары
Физика мұғалімінің негізгі құжаттары
на: пән бойынша бағдарлама, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, сабақ жоспары жатады.
Бағдарлама – бұл физика курсының көлемі мен мазмұнын анықтайтын мемлекеттік іс-қағаз. Оны орындау міндетті. Бағдарлама оқушылардың қандай білім алу керектігін, анықтайтын негізгі құжат. Бағдарлама барлық мектептерде бірдей білім алуға көмектеседі.
Физика ғылымының алға дамуына, оның техника мен өндірісте қолданылуына, мектептерде орта білім беруді жетілдірудің жаңа міндеттеріне байланысты бағдарламада өзгерістер болып тұрады. Физика оқулығы бағдарламаға сәйкес өзгеріске ұшырап, жазылып отырады. Бағдарламада бүкіл жыл бойына қай сыныпта қанша сағат оқытылатыны және аптасына неше сағат жүретіндігі, әр тарауға қанша сағат бөлінгені көрсетіледі. Әрбір пән мұғалімі бағдарламаны басшылққа ала отырып, күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасауы қажет. Жыл бойына бөлінген жалпы сағатты тоқсандарға бөлеміз.