Сөзбен баяндау әдістері мұғалімнің ауызша түсіндіруі арқылы жүзеге асырылады. Оқушыларға берілетін білімнің негізгі көзі – мұғалімнің сөзі, ал мұғалімнің әрекеті – сөзбен түсіндіру, оқушылардың қызметі, міндеті – тыңдау, ойланыу және т.б. Мұғалімнің оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдісі әңгімелеу, әңгімелесу (сөйлесу), түсіндіру, дәріс арқылы жүргізіледі. Әңгімелеу – оқу материалын сабақта диалогсыз тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Бұл тәсілді қолданудың мақсаты мынадай: 1)физикалық заңдар мен жаңалықтардың ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың (өнер тапқыштың) өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда; 2)ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен менктеп оқушыларын таныстырғанда; 3)физикалық заңдар мен құбылыстардың ғылымдағ техникада, өмірде қолдануын түсіндіргенде, табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда.
Достарыңызбен бөлісу: |