-физиканы оқыту мақсатын негіздеп беру; -тәрбиені физиканың негізін оқытумен үйлестіре отырып іске асыру; -мектеп физика курсының мазмұны мен құрылымын анықтау және оны үнемі жүйелі түрде жетілдіру; -аса тиімді әдістер мен тәсілдерді ойластырып, әрі оны тікелей тәжірибе түрінде тексеруден өткізу және оны оқу жүйесіне енгізу. Сонымен физиканы оқыту әдістемесінің негізгі мақсаты физиканы оқыту жолындағы теорияны жетілдіру, оқыту үрдісі баарысында негізгі заңдылықтарды ашып беру, оқушылардың физиканы қаншалықты меңгергенін зерттеу, физиканы оқыту негізінде оқушыларды тәрбиелеу, ой-өрісінің өсіп жетілуін өзектеу, жалпы дамуын жандандыру.
Достарыңызбен бөлісу: |