Физиканы оқыту әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты, атап айтқанда ең алдымен физикамен, психологиямен және педагогикамен байланысты (1.2 схема). Бұл ғылымдармен байланыс физика курсының мазмұнынан, сондай-ақ оқыту әдістерінен, тәсілдерінен және формаларынан көрінеді. 1.2 Схема | ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ | | | | | ФИЗИКА | | ПСИХОЛОГИЯ | | | | ФИЛОСОФИЯ ЛОГИКА ТЕХНИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР | Физиканы оқыту әдістемесі сондай-ақ философиямен, логикамен, техникалық ғылымдармен тығыз байланысты. Техниканың дамуы оқытудың жаңа тәсілдерін құруға әкеледі, өз кезегінде оларды оқу процесінде қолдану әдістемесін жасауды талап етеді. Орта жалпы білім беретін мекемелердегі оқу процесін реттейтін құжаттар. «Білім беру жайындағы» заңда білім беру жүйесін демократизациялау және білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат принциптері идеясы көрініс тапқан. Оларға жатады: білім берудің гуманистикалық сипаты, жалпы адамзаттық құндылықтар приоритеті, жеке адамның даму еркіндігі.
Достарыңызбен бөлісу: |