2.Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі бойынша ұйымдастырылуы керек. Бұл мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: оқушылардың арнаулы физикалық білімдерін тереңдету; қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы және т.б.) оқу; физикалық приборлардың модельдерін жасау және т.б. Бұларды ұйымдастырудың формалары да әртүрлі, мысалы: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздыру, физикалық кеш өткізу,тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттерін шығару, үйірме жұмыстарын ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың жеке, топ және жаппай қатыстырылуымен орындалатын болып 3-ке бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |