Дербес (индивидуальная работа) жұмыс – жекелеген оқушылармен физика және техника бойынша жетекшілік жасау мақсатында, осы мақсатта реферат, баяндама және мазмұндама дйындау. Топтық жұмыс – жаңа білімдер мен рактикалық іскерліктерді меңгеру мақсатында оқушылардың тұрақты шағын тобымен және балалардың қызығушылықтарын қанағаттандыруға бағытталып жүргізілетін жүйелі жұмыс. Оқытудың жаңа технологиялары – ЭЕМ көмегімен ақпараттарды көрсету, тарату. Оқытудың компьютерлік технологиясы – бұл техникалық құрал компьютер болып табылатын оқыту жүйесі. Компьютерлік сауаттылық – бұл оқыту құралы ретінде мұғалім мен оқушыға ЭЕМ қолдануға мүмкіндік беретін білім мен іскерлік.
2 Дәрістер
1МИКРОМОДУЛЬ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ»
1-тақырып. Кіріспе. Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым
Дәріс мақсаты: Физиканы оқыту әдістемесінің негізгі міндеттері жайында мағұлымат беру. Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелерін көрсету.
Жоспар:
Физиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым, зерттеу әдістері мен мәселелері.
Орта мектептің қазіргі заманғы даму кезеңіндегі физиканы оқыту әдістемесінің міндеттері мен өзекті мәселелері.
Тақырыптың қысқаша мазмұны:
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі – педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі – орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру. Ендеше, оның негізгі міндеті: а) мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау; ә) оқушыларға физикалық білімдер мен дағдыларың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету. Демек, физиканы оқыту әдістемесі студенттерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді. Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарт – физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен дамуын тарихын терең түсінуі. Физиканы оқыту әдістемесі, ең алдымен, физика ғылымының зерттеу әдістеріне және оның әдіснамасына сүйенсе, екіншіден, философия, педагогика және психология ғылымдары негізінде дамып келеді. Ол өзінің мақсаттары, зерттейтін мәселелері, пайдаланылатын әдістері бойынша физика ғылымына қарағанда, педагогика ғылымдарына бейімділігі мен жақындығы анағұрлым көп. Сондықтан да, физиканы оқыту әдістемесі педагогика ғылымдарының құрамдас бір саласына жатады. Физика әдістемесінің ғылыми-теориялық негіздері ретінде теориялық талдау, нобайлау, эксперимент, дара тұлға мен қаракетті дамыту теориялары, таным мен сезу және ойлау процестері, дидактикалық принциптер, педагогикалық және психологиялық заңдылықтар, бақылау, мектеп тәжірибесін жинақтау, оқушылардың ойлауы мен еңбек ету ерекшеліктері, т.т. пайдаланылады. Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады. 1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалының көлемін және мазмұнын анықтау. Мысалы, мектепте неге газдардың қысымы бірінші басқышта, ал термодинамика негіздерін екінші басқышта оқимыз? Не себепті жарық құбылыстары бірінші және екінші басқыштарда да оқытылады? Мұның дәлелін тек ғана физиканы оқыту әдістемесі курсынан табамыз. 2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі, оңайдан қиынға қарай бірте-бірте өсіп отыруы тиіс. 3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдерін және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету. Мәселен, ауызша баяндау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, эксперимент, анализ және синтез, индукция және дедукция, аналогия мен нобайлау, т.т. 4.Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық базасын анықтау. 5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау. 6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру. 7.Оқушылардың эксперименттік білімдері мен ебдейліктерін және дағдыларын қалыптастыру. Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай шартты формула түрінде өрнектеуге болады 1.1 схемада көрсетілген: ФОӘ=А+Б+С, мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі; А-физиканы не үшін оқытамыз; Б-физикада не нәрсеге үйретеміз; С-физиканы қалай оқытамыз. Яғни, қысқаша айтсақ, олардың негізгі мәні мынада: Оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін, физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет (А); физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білу ебдейліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншектерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз (Б); физиканы оқыту процесі нәтижелі болуы үшін (С), оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлаудың дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсіндіреміз.
1.1 схема
Достарыңызбен бөлісу: |