ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Физиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы қажет



бет7/21
Дата05.12.2016
өлшемі2,15 Mb.
#3214
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21

Физика мұғалімі оқушылардың есептеу шеберліктері мен дағдыларын ойдағыдай қалыптастыру мақсатында алдын-ала математика мұғалімдерімен бірігіп, әдіс қолдануы қажет.

Физика және химия курстарының байланысы. Физика мен химия ғылым ретінде бір-бірін өзара толықтырып отыратыны мәлім. Өйткені, бұл екі ғылым табиғаттағы құбылыстар мен процестерді өз тұрғыларынан қарастырады. Физика мен химия үшін өте маңызды ортақ ұғымдардың қатарына зат, масса, салмақ, энергия ұғымдары, сондай-ақ энергияның, электр зарядының, электр өрісінің сақталу және айналу заңы, т.б. жататыны мәлім.

Физика мен химияның пәнаралық аса маңызды теориялық байланыстары екеуінде бірдей: молекулалық-кинетикалық және электрондық теорияны, атом құрылысы теориясын, т.б. оқып үйренуде айқын көрініс алады.


Өзін өзі бақылау сұрақтары:

  1. Пәнаралық байланыс.

  2. Пәнаралық байланыс түрлері

  3. Физика және басқа оқу пәндерінің байланысы.

  4. Заттың құрылысы жайындағы ұғымдарды қалыптастырудың негізгі кезеңдерін көрсетіңдер.


6 - тақырып. Физикадан оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.
Дәріс мақсаты: Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формаларымен таныстыру.

Жоспар:


1. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың формалары.

2. Оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы.

3. Мұғалім іс-әрекетінің құрылымы.

4. Физика мұғалімінің негізгі құжаттары.


Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру аса қажет.

Оқыту – оқу материалының мазмұнын меңгерту және танымдық іс-әрекет әдістерін игерту мақсатында мұғалімнің оқушылармен жұмысы кезіндегі бірлескен әрекет процесі.

Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының формалары бір-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнын баяндау тәсілдеріне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары оқушылардың оқу қаракетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді. Оқу сабақтары формасының әртүрлігінің қажеттілігі тәрбиелеу және білім беру міндеттерінің әртүрлігімен сипатталады. Бұл:

- оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыру;

- оқушыларға дүние-танымдық көзқарас қалыптастыру;

- өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.

Оқу сабақтарының әртүрлі формаларын ұйымдастыру мәселесімен көптеген ғалымдар шұғылданды. Әдіскер ғалымдардың көзқарастарына, пікірлеріне сүйене отырып, оқу сабақтарын ұйымдастырудың екі түрін бөліп қарастырамыз: а) жалпы формасы; ә) нақты формасы. Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары 1- суретте көрсетілген.


Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары


оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасы


оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы



ұжымдық



топтық



жеке



сабақ



лекция



семинар



оқу-практик. сабақ



экскурсия



конференция



1-сурет - Оқу сабақтарын ұйымдастыру формалары.



Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы формасына оқу сабақтарының ұжымдық, топтық және жеке формалары топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы, мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмасына байланысты анықталады, яғни тапсырма: 1) сыныптың барлық оқушыларына; 2) жеке топ оқушыларына; 3) әрбір оқушыға беріледі.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың нақты формасы оқу үрдісіндегі атқаратын міндетіне, оқу материалын баяндау тәсілдеріне, білімдерді қалыптастыру және жетілдірудегі, оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға, дағдылар мен іскерліктерді қалыптастырудағы негізгі білім көздеріне байланысты анықталады, мысалы лекция – жоғары сынып оқушыларына ғана жүргізу көзделеді. Себебі, ұзақ уақыт бойы жаңа ақпараттарды қабылдауға дағдыланған. Лекцияда негізгі білім көзі – мұғалім. Лекция білімдерді қалыптастыру міндетін атқарады. Семинар –білімдерді бекіту, жетілдіру міндеттерін атқарады. Семинарда білім көзі – пікір сайсқа қатысқан, рефераттарды талдауға қатысқан, қолдан көрнекіліктер және приборлар жасаған оқушылар болып табылады. Оқу-практикалық сабақтар оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіледі. Оқу сабақтарын ұйымдастырудың бұл формасында әртүрлі практикалық жаттығулар, экспериментік жұмыстар орындалады. Экскурсияда оқушылар білімді өндірістердегі механизмдердің жұмыс принциптерімен танысу, табиғатта өтіп жатқан әртүрлі процестерді бақылау барысында алады. Конференцияда оқушылар білімді өздігінен оқыған әдебиеттерден және олардың сыныпта жасаған баяндамаларынан алады.

А.В.Усова, А.Н.Звягин оқу сабақтарының бір-бірінен ерекшеленетін бір қатар елеулі белгілері болады,- деп төмендегідей белгілерді көрсетеді.

Сыртқы белгілеріне:

1) оқушылар құрамы (сынып оқушылары түгел; сыныптың жартысы; оқушылардың еркі бойынша);

2) өту орны (сынып-дәрісхана, оқу кабинеті, оқу лабораториясы);

3) өту уақыты (күнделікті тұрақты сабақ кестесі бойынша, арнайы кесте бойынша және т.б.).

Ішкі белгілеріне:

1) негізгі дидактикалық мақсат (жаңа білімдерді түсіндіру, практикалық сипаттағы дағды мен шеберлікті қалыптастыру, оқулықпен және қосымша әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру және т.б.);

2) оқытудың әдіс-тәсілдері (мұғалімнің түсіндіруі, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру, жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану және т.б.);

3) оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару (оқушыларға сұрақтардың қойылуы; проблемалық жағдайды тудыру және т.б.);

4) оқушылардың іс-әрекетінің түрлері (мұғалімнің түсіндіруін тыңдау, сабаққа араласу, оқулықпен өз бетінше жұмыс, жаттығулар орындау, құралдармен жұмыс және т.б.);

5) оқушылардың іс-әрекеттерін және нәтижелерін тексеру тәсілдері жазбаша (бақылау жұмысы,тестік жұмыстар, физикалық диктант және т.б.).

Осы көрсетілген ерекшеліктер оқу сабақтарының мазмұнын құрайды.

Оқу сабақтарының қай түрін алып қарасақта олардың ортақ мақсаты – оқушыларға білім қорын игерту. Сондықтан оларды дұрыс таңдап ұйымдастыру қажет.

Сабақ – оқуды ұйымдастырудың негізгі формасы, әрі оқу процесіндегі шешуші буын. Сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы ең алдымен әр сабақтың ғылыми-әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты.

Барлық сабақта оқушыларды оқу процесіне белсене қатыстыру, оларды өздігінен білім алуға үйрету қажет. Әрбір сабақ тиімді болуға тиіс.

Сабақтардың тиімділігі: біріншіден, оқушылардың алған білімдерінің, шеберліктері мен дағдыларының тереңдігіне және беріктігіне қарап; екіншіден, жалпы сыныптың және жекелеген оқушылардың материалды меңгеруіне кеткен уақытқа қарап; үшіншіден, тәрбиелік міндеттерді шешуге ғылыми көзқарасты қалыптастыруға және оқушыларды жан-жақты дамытуға сабақтың қалай көмектесетініне қарап бағаланады.

Материалды меңгеру сапасы: сабақта қолданылатын оқу материалын баяндау әдістеріне, оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру тәсілдеріне, олардың білімдерін, дағдылары мен шеберліктерін тексеру фомаларына байланысты.

Оқыту әдістерінің және оқушылардың сабақтағы әрекетінің алуан түрлілігі, оларды шебер пайдалану – физиканы оқыту процесінің тиімді болуының аса маңызды шарттарының бірі. 1-кестеде сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері көрсетілген.

Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай мынадай бірнеше түрлерге бөлуге болады:

а) жаңа оқу материалын түсіндіру сабағы;

ә) білімдерді бекіту және практикалық іскерліктерін қалыптастыру сабағы;

б) аралас сабақ;

в) білімдерді жалпылау және жүйелеу сабағы;

г) оқушылардың білімдерін және іскерліктерін бақылау сабағы.

Бұл сабақтардың барлығының ортақ мақсаты – оқушыларға ұғымдарды меңгерту болып табылады.

Әрбір сабақтың өзіне тән құрылымы болады (2-кестеде көрсетілген).

1-кесте

Сабақта оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру негіздері


Әдістемелік негіздері

Сезім арқылы қабылдау – абстракциялық ойлау – практикада қолдану

Психологиялық негіздері

Оқу материалдарын дайындау

Саналы түрде қабылдауларын және түсінулерін ұйымдастыру

Оқу материалын есте сақтау және игерулерін ұйымдастыру

(1 деңгей)

Алған білімді таныс жағдайға қолдануларын ұйымдастыру

(2 деңгей)

Білімді жаңа жағдайға қолдануларын ұйымдастыру

Дидактикалық негіздері

Жаңа материалды өтуге дәлел келтіру, білімдерді өзектендіру

Оқу материалдарын құрылымдық-логикалық сызба, жоспарлар, тірек конспектілері неегізінде баяндау

Меңгерудің 1-деңгейін бағалау және сұрау, бекіту

Жаттығу, лабораториялық жұмыстар, игерудің 2-деңгейін бағалау

Стандартты емес есептерді, оның ішінде экспериментті игерудің 3-деңгейін бағалау

Әдістемелік негіздері. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдау

Әңгімелесу, қызықты тәжірибелерді демонстрациялау, есептерді шығару. Мәселелік сұрақтар қою, тарихи және ғылыми материалдар енгізу

Лекция, түсіндіру, әңгімелесу, демон. тәжірибелер, кестелер, кинофрагмент, тақтаға, дәптерге жаздыру, ойша экспериментпен байланыстыру

Оқулықпен жұмыс, дәптерге жазу, әңгімелесу. Есептер шығару, кестелер, графиктер, суреттермен және т.б.жұмыстар

Есептер шығару, оқулықпен жұмыс, фронталь тәжірибелер

Әртүрлі есептер шығаруды және жаттығуларды, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру



2-кесте

Сабақтың түрлері және құрылымы


Сабақтың түрлері

Сабақтың кезеңдері

Жаңа материалды өту сабағы

Өтілетін материалды актуалдау, өзектілігін, маңыздылығын айту және дәлелдер, себептер келтіру

Жаңа білімдерді қалыптастыру (10-15 мин).

Бекіту, жаттығу, игерудің 1-деңгейін бағалау (15 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерін бекіту, іскерліктері мен шеберліктерін қалыптастыру сабағы

Өтілетін материалды игерудің 1-2 дәрежесінде қайталау, бағалау (10-15 мин).

Өздерінде бар білімдеін дамыту және жаңа іскерліктерді қалыптастыру (10-15 мин, 2-3 деңгейі).

Білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларға пайдалану (3-деңгейі, 15-мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Барлық мақсат біріктіріліп қойылған аралас сабақ

Өткенді қайталау, білімдерін бағалау (10-15 мин).

Жаңа білімді қалыптастыру (10-15 мин).

Білімдеін бекіту және бағалау (1-деңгей, 5-7 мин).

Іскерліктерін дамыту (3-10 мин).

Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Білімдерін талдап қорыту және жүйеге келтіру сабағы

Өтілетін білім бойынша теориялық материалды қайталау және талдап қорыту (15-20 мин).

Білімдері мен шеберліктерін күрделі жағдайларға қолдану (20-25 мин).


Үй тапсырмасын беру. Сабақты қорыту (3-5 мин).

Алған білімдерді тексеру сабағы

Бақылау жұмысы немесе физикалық диктант, топтап сұрау т.б. игерудің барлық деңгейлері бойынша білімдерін тексеру және бағалау мақсатында өтіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет