Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет29/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ

Суланған шаң аулағыштар. Суланған шаң аулағыштарда суаратын сұйықтық ретінде су жиі қолданылады. Түйісу бетіне немесе олардың іс-қимыл тәсіліне байланысты сегіз түрге бөлінеді:

- бос газ жуғыштар;

- тағылатын скрубберлер;

- табақты (барботажды, көбікті);

- жылжымалы саптамасы бар;

- соғылатын-инерциялық әрекет;

- ортадан тебетін әрекет;

- механикалық газ жуғыштар;

- жылдамдықты газ жуғыштар (Вентури және эжекторлы құбырлар)

Суланған шаң аулағыштардың ерекшеліктеріне мыналар жатады:

- өлшенген бөлшектерді аулаудың жоғары тиімділігі және төменгі құны;

- көлемі 0,1мкм-ге дейінгі бөлшектерден газдарды тазалау үшін қолдану мүмкіндігі;

- жоғары температурада және жоғары ылғалдықта, сондай-ақ, тазартылған газдардың жану мен жарылуы қаупі және ауланған шаң кезінде газдарды тазалау мүмкіндігі;

- шаңмен бірге біруақытта бу тәрізді және газ тәрізді компоненттерді аулау мүмкіндігі.

Суланған шаңды аулағыштардың мынадай кемшіліктері бар:

- ағын суды өңдеу қажеттілігімен, яғни, процестің қымбаттауымен байланысты қоспа (пульпа) түрінде ауланған шаңды бөліп шығару;

- сұйықтық тамшыларын кетіру және оларды шаңмен бірге газ жүретін және түтін соратын түтіктерге отырғызу мүмкіндігі.

Алдын ала қосылған Вентури коагулятор-құбырлары бар, кейіннен (ВКҚ) суарылатын ортадан тебетін скрубберлерде және эмульгаторларда шаңды аулау тазалау процесін ұйымдастырудың ең рационалды амалы болып табылады.

Атмосфераға қатты бөлшектердің эмиссияларын азайтуды шаң ұстайтын аппараттардың тиімділігін арттырумен қамтамасыз етуге болады:

- күлді ұстағаннан кейін тазартылған түтінді газдарды кейіннен жылыта отырып, ВКҚ суаруды күшейту есебінен;

- жұқалап суды тозаңдатуды қолдану және екі сатылы ВКҚ-ны пайдалану есебінен;

- ылғалды күл ұстаушыларды суаруға күл үйіндісінің сілтілі құрамының ақшыл суды пайдалану есебінен;

- инерциялық типтегі шаң ұстаушыларда шаң-газды ағым конструкциясын өзгерту және ұйымдастыру есебінен;

- электрлі сүзгілерде проблемалық шаңды ұстайтын түтінді газдарды температуралы-ылғалды кондиционерлеуді есебінен.

Сұйық отынды жағу барысында:

- түтін газдарын мазут күлінен тазарту батареялық циклондар арқылы жүзеге асырылады;

- мазут пен қатты отынды бірге жағу барысында түтін газдарын мазут күлінен тазарту күлді ұстап қалатын қондырғыларды жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет