Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-16-13.1.04

/03-2013


ПОӘК

«Географиялық орта химиясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Географиялық орта химиясы»


«5В011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


1 ГЛОССАРИЙ

Абиотикалық фактор - тірі организмдерге әсер ететін ортаның бейорганикалық элементтерінің жиынтығы.

Антропогендік фактор (А.ф.) - қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс-әрекетінің тікелей немесе жанама әсері.

Адам экологиясы- адам мен оны қоршаған ортасының жеке, табиғаттың экономикалық, әлеуметтік қарым - қатынастарының ғылыми негіздегі заңдылықтарын зерттейтін кешенді пән.

Аллен ережесі - жылықанды жануарлардың климат суыған сайын құлағы, тұмсығы, құйрығы т.б. органдары қысқа бола береді, салмағы үлкейеді.

Бергман ережесі – белгілі бір түрге жататын жылықанды жануарлардың дене тұрқы үлкен болып, суық облыстарда көп кездеседі.

Биоценоз – табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін және бір - біріне әсер ететін өсімдіктердің, жануарлардың, микроорганизмдердің жиынтығы.

Биосфера - Жер қабатының «тірі денелер», сондай- ақ «денелер» сияқты ұғымдарды ұстап тұратын бөлігі.

Биогеоценоз - тірі ағзалар мен қоршаған ортадағы өлі компаненттердің белгілі бір географиялық территорияда өзара байланыстағы, ішінде біртекті және табиғи шектеулі биосфераның ең кіші құрылымдық бірлігі.

Биоценоз - белгілі территориядағы немесе акваториялардағы тҥрлердің түрлі (жануарлардың, өсімдіктердің, микроорганизмдердің) дараларының өзара және қоршаған ортамен байланысып жатқан бірлестігі.

Вернадский В.И. – XX ғасырдың 20- жылдарында биосфера туралы тамаша ілім қалыптастырған орыстың (совет) белгілі геологы.

Геосфера - Жердің тірі емес бөліктері атмосфераны, гидросфераны және литосфераны біріктіретін географиялық бөлігі.

Өсімдіктер экологиясы - академик Комаров айтуы бойынша «өсімдіктер мен жануарлардың комплексінің түзілуін, яғни осы климаттың және топырақ жағдайларында органикалық заттарды максимал турде беретін комплексінің түзілуі». Өсімдік тіршілігін олардың физиологиясын білмей адам үшін қажетті максимал пайда беру жағдайын тудыра алмаймыз.

Қоршаған орта - адамды қоршап тұрған және оның өмір сүруіне объективті әсер ете алатын, оның түрлі қажеттілігін (биологиялық, мәдени және басқадай) қанағаттандыра алатын объектілер бірлестігі.

Табиғи қоршаған орта - адамның өмір сүру іс - әрекетіне және оның қажеттілігін қанағаттандыратын, тірі және өлі табиғат объектілерінің, өзін қоршаған ортасының бөліктері.

Экожүйе - бір-бірімен заңдылықты қарым-қатынаста болшатын, зат алмасу мен энергия мөлшерінің таралуымен байланысты, тіршілік ортасындағы әртүрлі ағзалардың және өмір сүру талаптарының бірлестігі.

Экологиялық корреляция заңы – экожүйеде барлық тірі ағзалар бір-біріне сәйкестікте ғана өмір сүре алады. Ортаға бірдей талап қоятын екі түр бірге тіршілік ете алмайды.

Экожүйе – бұл зат айналымы жүретін кез-келген организм мен абиотикалық компоненттердің бірлестігі.

Экология- адамның тіршілік ортасы мен онымен қарым - қатынастары, табиғат және қоғам туралы ғылым.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет