ӘОЖ: 378.2
Жармаганбетова Н.С. – педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail:arzamas_10@mail.ru
Уалиахметова Ж.Н. – жаратылыс ғылымдарының магистрі, оқытушы,
М.Өтемісов атындағы БҚМУ
E-mail: syly_88@mail.ru
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ЖОБАЛАУДЫҢ МАМАН ДАЙЫНДАУДАҒЫ РОЛІ
Аңдатпа. Мақалада авторлар университеттік білім беру аспектісінде жоғары мектеп мамандарын дайындауды қарастырады. Жеке кәсіби – педагогикалық құзіреттілігінің қалыптасу жолдарын ұғыну үшін оларға зерттеу бағдарламамызға білім алушыларды психологиялық-педагогикалық даярлау идеяларын ұсынады. Аталған идеяның практикалық тұрғыдан жүзеге асуы педагогикалық іс-әрекеттің барлық аумағын қамтиды: өзара күрделі байланыстағы ғылыми –зерттеушілік, жобалаушылық, тәрбиелік, білімдік, басқарушылық. Педагогикалық құзіреттілікті қалыптастыруда оның жеке компоненттері маңызды болып табылады.
Тірек сөздер: Педагогика, студент, жобалау, теория,оқытушы,құзіреттілік, білім, тәрбие.
Еліміздегі саяси, экономикалық, мәдени қоғамдық өміріндегі өзгерістерге сай жоғарғы оқу орнындағы үлкен жауапкершілікті сезініп, білікті, өз ісінің шебері, бәсекеге қабілетті, кең ауқымды, жан жақты дамыған, өзінің әлеуметтік экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасының талаптың жоғарлауына байланысты өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандарды дайындауды көздеп отыр. Аталған міндеттерді жүзеге асыруда Қазақстанда болашақ мамандарды кәсіби даярлаудың қазіргі кезеңдегі жай күйіне талдау жасауда жоғары оқу орындарының алдына әлеуметтік этикалық, экономикалық және ұйымдастыру басқарушылық, кәсіби құзіретті, сауатты мамандарды даярлау міндеті қойылып отырғандығы анықталды. Педагог мамандардың кәсіби іс әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Мұның өзі оларды жаңа ғылыми педагогикалық идеяларды шығармашылықпен қабылдай алатын, оқыту теориясымен әдістемесін игерген кәсіби педагогикалық құзіреттіліктің жоғары деңгейін меңгерген маман ретінде даярлау мәселесін шешу көзделуде 1,69 б..
Болашақ мамандардың негізгі құзіреттіліктерін қалыптасу деңгейін бағалау белгіленген міндеттерді іске асыра алуымен тікелей байланысты. Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру жаңа білім беру стандартының төмендегідей талаптарына сәйкес болуы керек:
Жаңа білім беру стандартының мазмұны мен әдіснамасын қабылдауға;
Білім беру үдерісін бағдарламалық және әдістемелік тұрғыдан өзгертуге;
Педагог қызметінің мақсаттарымен тәсілдерінің өзгеруіне;
Білім берудің дәстүрлі және тың нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін бағалау әрекетінің жаңа тәсілдерін қолдануға даярлануы керек;
Білім беру жүйесін жаңғырту жағдайында әлеуметтік шындықпен оларды көрсететін тенденциялар өз жұмысының аумағында білікті және кәсіби педагогикалық мәдениетке ие мамандар даярлауда олардың меңгеруге тиісті төмендегідей кәсіби құзіреттіліктеріне тоқталамыз. Жалпы ғылыми құзіреттілік:
Өзінің жалпы мәдени интеллектуалдық деңгейін жетілдіру және дамыта білуі;
Өзінің кәсіби қызметінде ғылыми бағытын таңдауы үшін жаңа зерттеу әдістерін өздігінен меңгере білуі;
Кәсіби қарым қатынас құралы ретінде шетел тілін еркін қолдана білу;
Зерттеу іс әрекетінде жобалау технологияларын тиімді пайдалануы;
Өзінің жеке ғылыми зерттеушілік іс әрекеті арқылы танымдық қабілеттерімен әлеуметтік мәдениетін жетілдіре білуі;
Жалпы кәсіби құзіреттілік:
ЖОО-да педагогикалық үдерісті ұйымдастыртуға және жүзеге асыруға қабілетті болуы;
Кәсіби педагогикалық қызметті жетілдіуге және дамытуға қабілетті болуы;
Кәсіби тұрғыдан өзіндік даму және жетілдіру қабілеттерін меңгеруі.
Кәсіби педагогикалық білім беру кезеңдерінің бірі - жоғары оқу орнындағы оқытушылық іс – әрекетке даярлау. Соңғы уақытта педагогикалық теория мен тәжірибеде жобалау идеясы іс-әрекеттің түрлі салалары мен түрлеріндегі мәселелерді шешудің тәсілі ретінде кең таралып келеді. Заманауи қоғамға вариативтілік, жартылай функционалдық, тәжірибелік және мәдени саладағы адам іс-әрекетінің тәсілдеріне екпін қоюдан тұратын бәсекеге қабілетті білім беру жүйесінің сапалы жаңа сипаттамалары қажет. Осы айтылғандар жоғары мектеп оқушысын даярлауға бағыттылық аспектісінде университеттік білім берудің дамуына бағдарланған педагогикалық технологияларды жобалау қажеттілігін айқындайды 1,71 б..
Дәстүрлі педагогикада басымдық білімге, іскерлік пен дағдыға беріледі, ол шектен тыс интеллектуализмге әкеледі, нәтижесінде- амалдың мақсаттан, жекелеген мақсаттың адам қызығушылықтарынан басым тұруымен сипатталатын технократиялық ойлаудың үстемдігіне әкеп соғады. Оның салдары, білім берудің мәдениеттен үзілуіне алып келуі әбден мүмкін.
Білім берудің табиғатын замануи тұрғыда түсіну мәдениет ұғымымен байланысты. Кейбір зерттеушілер білім беруді қоғам мәдениетін меңгеру негізінде іс-әрекеттің түрлі салаларында білім алушылардың әлеуметтік және тұлғалық маңызға ие мәселелерді өз бетінше шешу қабылетін дамытудың арнайы ұйымдастырылған процесі ретінде қарастырылады. Жобалау мәдениетінің қалыптасуы, гуманистік парадигмадағы педагогикалық процесс субьектілернің құндылықтық мағыналық өзіндік анықталуынсыз мүмкін емес. Сондықтан, адам шын мәніндегі адам болуы үшін заттар кеңістігінен іс-әрекеттер кеңістігіне өтуі тиіс. Болашақ оқытушыларға оқытудың мазмұнының деңгейінде ақиқатты тану әдістерін меңгеру деңгейінде пәнаралық байланыстарды орнатуды үйрету керек. Білім алушыларды педагогикалық жобалауға оқытуға кірісе отырып, біздер оқытушылар өзіміздің өңдеген тұжырымдамамыздағы теориялық негіздерге сүйенеміз. Біздің тарапымыздан жете зерттелген концептуалды бағыттардың аясында субьектілердің мәдениет әлемін рефлексивті меңгеруге жәрдемдесетін педагогиалық шарттар жобаланады:
Білім беру процесінің субьектілерінің мәдениеті меңгеру тәсілдерінің диверкациясы туралы негіздер міндетті болып табылады.
Білім беруді тұлғаның өмірлік жолын құзіретті таңдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және тұлғаның өзіндік дамуына бағытталған процесс ретінде қарастыру
Жобалау технологиясын меңгеру білім алушыларға негізінен әлемді, әлем туралы өзге ақпараттарға толы мазмұндағы және терминдердің мағынасымен толтырылған мәтіндер арқылы емес, танымдық –зерттеушілік іс-әрекет арқылы тануға мүмкіндік береді: білім беру процесінің субьектілерінің тұлғасына мұндай өзгерістерді енгізу білім алушыға тұлға ретінде өзінің жобалау технологияларын меңгергендегі туралы көрсеткіштерді көрсетуіне жол ашады..
«Студент – оқытушы», «магистрант–оқытушы» жүйесіндегі қатынастардың сипатының, типінің, стилінің өзгеруінің негізінде жобалау технологиясын меңгеруді қамтамасыз ететін мотивациялық, ұйымдастырушылық -педагогикалық және басқа да жағдайларды жасау қажет.
Білім алушылардың кәсіби – педагогикалық құзіреттілігінің қалыптасу жолдарын ұғыну үшін оларға зерттеу бағдарламамызға білім алушыларды психологиялық-педагогикалық даярлау идеяларын енгізуге мүмкіндік берді. Аталған идеяның практикалық тұрғыдан жүзеге асуы педагогикалық іс-әрекеттің барлық аумағын қамтиды: өзара күрделі байланыстағы ғылыми – зерттеушілік, жобалаушылық, тәрбиелік, білімдік, басқарушылық.
Ғылыми – зерттеушілік –«университеттік білім берудің жоғары мектеп оқытушысын даярлау аспектісінде дамуы» феноменінің теориялық негіздерін жасауды, тұлға көрсеткіштерін анықтауды, педагогикалық технологияны меңгеруге бағытталған диагностикалық процедураларды өңдеуді талап етеді.Жобалаушылық – университеттік білім берудің жоғары мектеп оқытушысын даярлау аспектісінде дамуына бағдарланған педагогикалық жүйені құруға бағытталған. Тәрбиелік – оқытушылар мен білім алушылардың педагогикалық құзіреттілікті олардың бойына қалыптастыру мақсатымен арнайы ұйымдасқан, мақсатқа бағытталған және басқарылатын өзара әрекеттестікке бағдарланады. Біліміділік – білім берудің жобалау технологиясын негізгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша тікелей оқыту процесіне сіңдіруге бағдарланады. Басқарушылық – жоғары оқу орнындағы оқу процесіне жобалық білім беруді ендіру сіңдіру бойынша ұйымдастырушылық –педагогикалық шешімдерді қабылдауды талап етеді.
Жобалау мәдениетінің қалыптасуының астарында техникалық, ғылыми, әлеуметтік және басқа да тұлғалық – маңызды жобалардың негізінде биографиялық жобалауды (өз тағдырын жобалау) жүзеге асыруға қабілетті тұлғаны тәрбиелеу түсінігі жатыр. Біздің пікірімізше, осы жерде магистранттарды жобалаудың жалпы негіздеріне, іс-әрекеттің кез келген саласы үшін жобаларды өңдеу принциптері арқылы оқытуда бағыттылық аспектісін жүзеге асуына көмектесетін және кедергі болатын факторларды анықтауға, жобаның өмірге сіңісуі үшін қажетті ресурстарды есептеуге үйрету керек: қоршаған ақиқатты жүзеге асыруға, адамзат тарихының ішкі байлығына айналдыруға бағыттау керек. Білім алушылардың іс-әрекетке саналы, мотивацияланған түрде қосылуы білім беруге мәдени, өнегелік, тұлғалық және осы барлық заттық –әрекеттік контекспен бірге қазіргі таңда мүлде жойылған мағына алып келер еді. Педагогикалық модельдеу - бұл жобалаудың теориялық негіздемелерін заңдылықтар, принциптер, құндылықтар, мақсаттар, бейнелер формасында анықтау: педагогикалық жүйелердің, процестердің, жағдаяттарын құрамы мен құрылымын анықтау, құрастырылған модельдерді белгілі бір белгілік – символикалық формада көрсету процесі.
Педагогикалық жобалау – құрастырылған модельді жобалау логикасында оны ары қарай өңдеу (детализация, декомпозиция) және одан пайдалы педагогикалық нәтиже алу механизмін суреттеуге дейін, яғни тәжірибеде қолдану деңгейіне дейін жеткізу.
Педагогикалық құрастырушылық-бұл тәрбиелік қатынасқа шынайы қатысушылардың нақты іс-әрекет шарттары мен потенциалдарын ескеретін, құрастырылған жобаны ары қарай детализациялау.
Жоба модельдеуден, құндылықтарды, олардың кеңістігінде – мақсаттарды анықтаудан басталады. Жоба құрастырылады, оның авторлары арнайы әдіснамалық бағыттардың негізінде құндылықтардың арнайы жүйесінің аясындағы олардың мақсаттары мен жетістіктерінің өзіндік көрінісін дәлелдейді. Осыған байланысты белгілі бір формадағы жүйе ретіндегі жобалаудың обьектісін және жобалау процесінің құрамы ой – желісінің пайда болуынан пайдалы педагогикалық нәтиже алуға дейінгі «жүріп өтуге» қажетті кезеңдердің белгілі бір мөлшерімен сипатталатын жобалау логикасы сияқты өзгеше құбылыс.
Жобалау прцесінің құрлымы – бұл жобалаудың жекелеген кезеңдерінің арасындағы байланыс. Бұл байланыстар әрбір келесі кезең заңды түрде алдыңғы кезеңнен шығып, келесісінің орын алуын дайындайтын сабақтастық болып келеді. Жобаның құрамы – жобаланушы педгогикалық жүйенің компоненттерін, жүйе құрушы іс-әрекетті көрсететін және сипаттайтын құрам.
Жобаның құрылымы – бұл жобаланушы жүйенің элементтерінің арасындағы байланыстардың сипаты, оның «сәулетінің», компоненттерінің иерархиясының, жобаның жүзеге асуына қосылған субьектілердің позитивті тұлғалық өзгеру түріндегі ой-желісінен пайдалы педагогикалық нәтижеге дейінгі қозғалыстардың белгісі.
Педагогикалық құзіреттілікке ие болу оқытушыға өзінің кәсіби міндеттерін білікті орындауға мүмкіндік береді. Білім алушылардың тұлғалық шығармашылық жетілуін жобалау олардың педагогикалық құзіреттілігінің дамуын қамтамасыз етеді.
Педагогикалық технологияларды ендіру тәжірибесі көрсеткендей, ЖОО-да оқу процесін жетілдіру кезінде алғашқы орынға әкімшілік мәселелер қойылады, ал жоғары мектеп оқытушысын даярлау назардан тыс қалып қояды. Соның арасында , педагогтың өзгерістерді қабылдамауы және оларға психологиялық – педагогикалық дайындығының болмауы оны оқу-тәрбиелік процеске кең тарапта сендірудің басты кедергісі болып табылады.
Университет магистранттарының педагогикалық құзіреттілігінің моделін педагогикалық мамандықтар бойынша маман даярлау бағытында құрастыру оның құрылымдық компоненттерін алдын ала анықтауды талап етті. Оған бағдарламалы – мақсаттық, мотициялық, аксиологиялық, болжамдық және іс-әрекеттің компоненттерді жатқызуға болады.
Университеттік педагогикалық білім беру саласындағы педагогикалық құзіреттілік ең алдымен, жоғары мектептегі педагогикалық процесте меңгеретін, игерілетін білімдер мен іскерлердің нәтижесі болып табылады. Оның нәтижесінде білім алушылардың тұлғалық психофизиологиялық ерекшеліктерімен қоса табиғи нышандары, қызығушылықтары мен мүмкіндіктері жатыр. Осы жерде айта кетер жайт, педагогтың кәсіби қызметтерінің ерекшеліктеріне сай жоғары мектеп оқытушысы өзінің кәсіби міндеттерін атқару кезінде алдыңғы орынға өзінің жеке қызығушылықтарын емес, өзінің жеке қызығушылықтары, әлеуметтік ортаның қажеттіліктері және оның іс-әрекеті мен тұлғасына деген мамандықтың талабы кіріктірілетін рефлексияның мақсат қоюшылығы мен рационалдығын шығарады. Осылайша, жоғары мектеп оқытушысы мамандығын және одан кейінгі осы саладағы кәсіби іс-әрекетті игерудегі мотивация магистранттың ішкі қажеттіліктерін ғана емес, оның мақсат қоюшылығынан да туындайды. Осы айтылғандардан магистранттардың бойында жоғары оқу орнының және тұтас қоғамның қажеттіліктеріне сәйкестендірілген жеке қажеттіліктерді саналы, мақсатты түрде асыру орын алады деп тұжырым жасауға болады.
Студенттер мен магистранттардың педагогикалық құзіреттілігін жоғарылатудың кешенді мақсатты бағдарламасы нәтижесінде өз бойына педагогикалық процесті жоспарлауды, уйымдастыруды және басқаруды үйлестіретін оның дамуының моделіне айналды ол келесідей бағыттардан тұрады:
Студенттер мен магистранттардың ізденушілік – зерттеушілік іс-әрекетінің дамуы;
Студенттердің, магистранттардың және университеттің профессорлық – оқытушылық құрамының педагогикалық құзіреттілігінің педагогикалық тәжірибенің жетістіктерінің негізінде үздіксіз жетілуі;
Кәсіби – педагогикалық қызметтердің ерекшеліктерін ұғынудың нәтижесінде жоғары мектеп оқытушысының кәсіби іс-әрекеті – оның жеке қажеттіліктері мен қызығушылықтарының жүзеге асуы емес, жеке қызығушылықтары мен қажеттіліктері кіріктірілетін рефлексияның мақсат қоюшылығы мен рационалдығының көрініс табатындығын байқаймыз. Басқаша айтқанда , кәсіби- педагогикалық іс – әрекет мотивациясы тек ішкі қажеттіліктерден ғана емес, мақсат қоюшылықтан да туады. Бұл микро және макро қоғамның (жоғары оқу орны және тұтастай қоғам) қажеттіліктерімен сәйкестендірілген жеке қажеттіліктердің саналы, мақсатты түрде жүзеге асуы.
Жоғары оқу орнының қызығушылықтары мен қажеттіліктері – бұл білім алушылардың кәсіби білімдер мен іскерліктерде жүзеге асрылған қажеттіліктері. Университеттің педагогикалық ұжымының кәсіби іс-әрекетінің ерекше аймағын білім алушылардың өзіндік кәсіби ұйымдастыруын басқару процесі құрайды.
Оның құрамына : а) шығармашылық, ғылыми, көркемдік, техниалық, спорттық, әкімшілік –коммуникативті қабілеттің дамуы б) қарапайым психикалық өзіндің реттеудің дағдыларынан, өмір тәртібін, күн тәртібін ұйымдастырудан, оқу мен қарым – қатынастағы табандылық, рационалдылық сияқты қасиеттерден, туындаған мәселенің шешімінің түрлі нұсқаларын іздеуден тұратын өзіндік ұйымдастыру дағдаларының қалыптасуы: в) өзінді реабилитация дағдаларыныі, денсаулықпен байланысты дағдылардың қалыптасуы кіреді.
Жоғары мектеп оқытушысының моделі – бұл оның эмпирикалық өлшенетін қырлары мен сапаларының бейнесі емес, жоғары оқу орнының педагогикалық процесінің нәтижесінде алынуы тиіс оқытушының эталоны. ЖМО моделі университет түлегінің іс-әрекетінің жай күйі мен мазмұны анықтауға ғылыми негіздемелі түрде жақындауға мүмкіндік береді2, 62 б..
Құрастырылған модельде тұлғалық, өнегелік, дидактикалық, коммуникативтік, ұйымдастырушылық және гностикалық қабілеттер, жобалаушы және конструктивтік іскерліктер, педагогикалық техника мен ғылыми ойлау элементтерін тәрбелеу сапаларының тобын қамтитын оқытушы тұлғасының кәсіби маңызды сапаларыкөрсетілген. Аталмыш модельдің параметрлерінің толық тізбегі жоғары мектеп оқытушысының 100 кәсіби маңызды сапаларынан тұрады. Оларды жеті топқа : дидактикалық, ұймдастырушылық, гностикалық, тәрбиелеушілік, өнегелік, тұлғалық және педагогикалық техника сапалары деп бөліп қарастыруға болады.Жоғары мектеп оқытушысының кәсіби құзіреттілігі тұрақты тиімділікті еңбек сипатынан, түрлі жанжалды жағдайларда кәсіби мәселелердің адекватты рационалды шешімін табу қабілетінен көрінеді. Берілген анықтамалардан құрылымды түрде кәсіби- білімділік, кәсіби- іс-әрекеттік, тәжірибелік және кәсіби тұлғалық компоненттерді бөліп қарастыруға болады. Бірнеше авторлардың зерттеулерін талдай отырып, кәсіби құзіреттілік ұғымына:
Кәсіби құзіреттілік – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін жеткілікті білімдер, іскерліктер, тәжірибе мен өнегелік ұстанымдарды бейнелейтін жоғары мектеп оқытушысының іскерлік және тұлғалық сапаларының кіріктірілген сипаттамасы, - деген анықтама береміз. Біздің пікірімізше, «квалификация», «кәсібилік» және «құзіреттілік» ұғымдары тұлғаның кәсіби дамуындағы деңгейлік ұғымдар болып табылады, алайда, кейбір жағдайда олар атқарылатын іс- әрекет түріне байланысты параллельді жағдайда бір деңгейлі болуы мүмкін.
Жоғары оқу орнының оқытушысының кәсіби құзіреттілігін құраушы факторлардың бірі оның педагогикалық шеберлігі болып табылады. оның құрамына кәсіби ойлау, кәсіби- педагогикалық іскерліктер, педагогикалық техника, кәсіби импровизация, өзіндік реттелу және басқа да компоненттер кіреді. Мұндай шеберліктің іргетасы кәсіби – педагогикалық білімдер болып табылады.
Кәсіби құзіреттілік функционалды сауаттылық деп аталатын басқа педагогикалық сипаттама үшін негіз болып табылады. Білім беру жүйесінің алдына аса өткір дилемма шықты, ол – тар мамандану немесе кең білімдарлық, құзіреттілік немесе жан – жақтылық. Осыған байланысты үздіксіз білім беру контексінде сан алуан формалар мен деңгейлердің функционалды сауаттылығын диагностикалаудың және өлшеудің ғылыми негізделген әдістемелерін жасау үлкен маңызға ие болады. «Функционалды сауаттылық» ұғымы өткен жүзжылдықтың алпысыншы жылдарының соңында ЮНЕСКО- ның құжаттарында пайда болып, кейіннен зерттеушілердің қолданысына енді.
Университтетік педагогикалық білім беру саласындағы педагогикалық құзіреттілік ең алдымен, жоғары мектептегі педагогикалық үдерісте ұғынылатын, меңгерілетін, негізінде магистранттардың табиғи нышандары, қызығушылықтары мен мүмкіндіктері, олардың тұлғалық – физиологиялық ерекшеліктері жататын білімдер мен іскерліктердің нәтижесі болып табылады.
Біздің мемлекетте болып жатқан демократиялық құрылымдар процесіндегі заманауи университеттік білім берудің даму мәселесі университеттерді кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруға бағыттайды, себебі ол қоғамды гуманизациялаудың және гуманитаризациялаудың маңызды тәсілі болып табылады. В. А. Сластениннің пікірінше, педагогикалық мамандықтың тарихи орныққан екі әлеуметтік қызметі бар – адаптивті және гуманистік. Адаптивті қызмет тәрбиеленушінің заманауи әлеуметтік – мәдени жағдайлардың нақты талаптарына бейімделуімен, ал гуманистік қызмет - оның тұлғасының, шаруашылық индивидуалдығының дамуымен байланысты. Осының негізінде шығармашылық және әлеуметтік өмірлік іс – әрекетке белсенді қатысу, өзіндік дербестік дағдыларының дамуын талап ететін тұрақты кәсіби және азаматтық жетілуді, саналы қабылдауды қамтамасыз ететін жоғары мектеп оқытушысын даярлауға жүйелі бағыттылықты ұйымдастыруға негізделген болашақ мамандардың динамикалық біліктілігін қамтитын заманауи университеттік білім берудің ерекшеліктерін нақты бөліп көрсетуге болады. Жоғары мектеп оқушысын әлеуметтік сабақтастық субъектісі ретінде қарастыру керек, себебі ол әлеуметтік мұраны белсенді қалыптастырушы әлеуметтік іс – әрекеттің тарихи қалыптасқан тасымалдаушысы болып табылады. Адамдардың материалды және рухани іс – әрекетінің дамуының белгілі бір деңгейінде ақырындап, филофостар әлеуметтік жады деп атайтын әлеуметтік мұраның мазмұны өрнектелуде, ол университеттік білім беру үшін де өте құнды.
Жоғары оқу орындарында оқытуша даярлау процесі, өндірістік мақсатты шешу бағыты мен оқыту тақырыптарының бірлігіне, құзіреттілік пен кәсіптік біліктілікті, әлеуметтік ұстанымдарды үйлестірсе, табысты болады деген қорытынды жасауға болады.
Қазіргі дидактикада неғұрлым кең тараған және дәлелденген, біздің пікіріміз бойынша, В.В . Богданов ұсынған үш деңгейлі модель: шынайы болмысты, әртүрлі саланы қамтитын энциклопедиялық (когнитивтік) білімге сүйену, прагматикалық мақсатқа жету үшін тілдік құралдарды пайдалану, сөйлесім және мәтіндік байланыс орнату.Құзіреттілік ұғымын қарастырған еңбектерде әлі бір нақты тұжырымға, ортық пікірге анықтамаға тоқталмаған.
Педагогикалық қызметтің нәтижесінде деген көзқарастың өзгеруі білім беру процесіндегі құзіреттің орнын көрсетеді. С.Е.Шишов соңғы мақаласында құзіретті білім берудің мақсаты ретінде түсіндіреді. Бір жағынан құзірет – білім берудің жалпы мақсаты, ал екінші жағынан ол – алған білімінің әрекетті, практикалық жағы , яғни білім , ептілік жиынтығымен өлшенбейді. Құзіретті болу дегеніміз – сол жағдайға сай өзінің білімін,ептілігін дағдысын, тәжірибесін жинақтай алуы және қолдана білуі , яғни нақты жағдайға сай өзінің білімін, ептілігін, дағдысын, тәжірибесін, жинақтай алуы және қолдана білуі, яғни нақты жағдайға сай беталысын , іс-әрекетін жұмылдыру. Сондықтан оқу-тәрбие процесіндегі мақсат оқытушы әрекеті нәтижесінде қойылуы тиімсіз. Оқытушы білім алушылардың өзіне мақсат қоюға үйрету керек. С.Е. Шишов пен В.А Кальнейді түсіндіруі бойынша «құзірет» ұғымы педагогикаға өнеркәсіптен келді. Ұғым оқытудың арқасында меңгерілген білімге, тәжірибеге, құндылықтарға, икемділікке негізделген жалпы қабілетті білдіреді. Бұл тұжырым, біздің ойымызша күмән тудырады. Себебі, педагогикалық дәл осындай анықтама білімділік пен сауаттылықты білдіредідеп келдік. Сөйтіп, құзірет ұғымының өзі педагогикада қажеттілігі дай тудыратын мәселе екендігі байқалады. Мәселенің тағы бір жағы ұғымдардың ұқсастығынды. Мәселен, С.Е. Шишов пен В.А. Кальней білім алушыларға қандай құзіретті дамыту керектігін талдай отырып, «күнделікті қабылданатын мыңдаған шешім жеке адамдар немесе топтардың құзіретіне байланысты болуы мүмкін» деп жазады. Бұл жерде айқын көрінетін нәрсе , құзірет және құзіреттілік ұғымдылардың сәйкес келетіндігінде. Басшының құзіреті бар, бірақ құзіреттілікті меңгермеген болуы мүмкін.Ескере кететін жайт, С.Е. Шишовтың «Компетентностный подход к образованию: прихоть или необходимость?» атты соңғы мақаласында құзірет және құзіреттілік терминдердің арақатынасы жайында баяндайды.Сонымен оқытудың арақасында қалыптасқан қабілетті білдіретін құзірет емес, құзіреттілік. Бұған көптеген ғалымдар – психолог, педагогтардың еңбектері дәлел. Атап айтқанда И.А.Зимняя білім аушылардың «кәсіби және білімділік, мәдени құзіреттілігін» тәрбиелеу, сондай ақ пәндік және қатысымдық құзіреттілігін дамыту қажеттігі жөнінде айтады. В.А. Якунин «кәсіби –педагогикалық құзіреттілік» ұғымын қолданды. Б.С.Гершунский «кәсіби құзіреттілік» категориясы ұғымы туралы жазады, петербургтік ғалым-педагогтар құзіреттілік білімділіктің ең жоғары деңгейі деп есептейді. Ал шетелдік әдебиетте «comptetence» ағылшын - қабілет, компетенция, «competent» ( франц.) - құзіретті, құқықты, «compotens»(лат.) – сәйкес, жарамды, «competere» – сай болу, қабілетті болу дегенді, ал қазақша сөздіктерде «құзіреттілік» - біреуге тиесілі істер, сұрақтар төңірегінде белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жақсы біліуі» -деген мағынаны білдіреді. Сонымен құзірет – құбылыс, ал құзіреттілік – жеке тұлғаның қасиеті. Білім беру нәтижелерінің тұрғысынан алғанда, құзіреттілік жеке тұлғаның белгілі бір іс-әрекетті іске асыру үшін үйренушінің білімі, ептілігі, дағдысы және тәжірибесі, мағұлматы болуы тиіс.В.М Шемпель құзіреттілік шеңберіне білім, ептілік теориялық дайындығын енгізді. Басқа да құзіреттілікке берілген анықтамалар бұған қайшы келмеді. Мәселен, В. Ландшеер құзіреттілікті терең білімділік, тапсырманы орындауға құлықтылық жөнінде, М.А. Чошанов құзіреттіліктің мазмұндық(білім) және процессуалдық (ептілік) компоненттеріне көңіл бөледі. Педагогикалық психологияда «құзіреттілік» педагогикалық әрекетті жүзеге асырудағы білімі, дағдысы, ептілігі деген пікір қалыптасқан 2, 65 б..
Қорыта келе, кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда барлық құрылымдық құрамдас бөліктері болашақ мамандардың білім беру ұйымдарындағы қызметіне, атап айтқанда, нақты педагогикалық жағдайларды шеше алу шеберлігіне бағытталған. Мамандардың кәсіби даярлығы, яғни оның білім беру қызметі барысында иеленген білімі, тәжірибесі, жеке және әлеуметтік қасиеттерімен құндылықтарын жұмылдыру қабілеті оның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырып, біліктілігін арттыруды құрайды және оны өз тәжірибесінде тиімді пайдалана алуымен өлшенеді.
Әдебиеттер:
ЖұмабековаФ.Н. «Болашақ мамандардың кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың басым бағыттары » Хабаршы. Вестник «Педагогикалық ғылымдар сериясы» ҚАЗҰУ. 3(46) 2015. 69-73б.
Әлқожаева Н.С., Баширова Ж.Р. «Педагогикалық құзыреттілікті жобалау оқытушы даярлаудың құраушы компоненті ретінде» Хабаршы. Вестник «Педагогикалық ғылымдар сериясы» ҚАЗҰУ. 3(44) 2015. 59-66 б.
Баширова Ж.Р. «Жоғары оқу орындарында жоғары мектепоқытушысын даярлау мәселесі».Монография.-Алматы,2003.153б.
Тұрғынбаева Б.А. «Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту: теория және тәжірибе» Алматы, 2005.85-88б.
БашироваЖ.Р.«О методическом базисе новой модели образования». Высшая школа Казахстана. 2004.62-71c.
Жармаганбетова Н.С., Уалиахметова Ж.Н.
Роль проектирование педагогических компетенций к подготовке специалистов
В статье рассматривается вопрос подготовки преподавателя высшей школы в университетском образовании. Важнейшая задача профессионального образования проектирование профессиональных компетенции и через это и личности будущего специалиста. Авторы делают вывод что для сформирования педагогической компетентности особое значение имеет сам личностный компонент.
Ключевые слова: Университетское образование, преподаватель высшей школы, личность специалиста, проектная культура, компетентность, педагогическая компетентность, профессиональная самостоятельность, профессиональная мобильность, профессионализм.
Zharmaganbetova N.S., Ualiakhmetova Zh.N.
The role of the design of pedagogical competencies training
In the article the authors consider the question of the training of teachers of higher education at University level. The most important task of professional education – designing professional competencesand through this and the personality of the future specialist.The authors importance is the personal component.
Keywords: University education, high school teacher , the identity specialist, design culture, competence, pedagogical competence, professional independence, professional mobility, professionalism.
Достарыңызбен бөлісу: |