Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Географиялық орта химиясы» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет7/34
Дата17.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#102087
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
3c1dda9c-1e00-11e3-8705-902b34bdced6УМКД хим горг сред общ

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Ауаны ластаушы компоненттер

2. Атмосферадағы заттардың реакцияға қабілеттілігі калай өлшенеді

3. Атмосфераның химиялық құрамы



2 МИКРОМОДУЛЬ. Гидросфера.Литосфера химиялық экологиясы

1-тақырып. Гидросфераның химиялық экологиясы.



Дәріс мақсаты: Гидросфераның химиялық экологиясы түсініктерімен таныстыру

Жоспар


1. Су құбырларын ластаушы көздер

2. Гидросфераға антропогендік әсер

3. Су ресурстарының негізгі ластаушылары
Тақырыптың қысқаша мазмұны:

Жер шарының сулы аудандарының жиынтығын гидросфера деп атайды. Гидросфераға мұхиттар, теңіздер, ӛзендер, тоғандар, ми батпақ, топырақтағы, жер астындағы және атмосфералық ауадағы сулар кіреді. Дүние жүзінің ¾ бөлігі су. Мұхит теңіздердің жалпы аудандары құрғақ территорияның ауданынан 2,5 есе артық. Гидросфера биосфераның басқа бөліктері – литосфера (жер асты сулары), атмосфера (булы дымқыл) және оларда тіршілік ететін тірі организмдермен тығыз байланыста. Гидросфераның жалпы көлемі 1455 млн км.

Жалпы су қорының 97,5% тұзды минералды болып келеді. Теңіз суларын

ерітінді деп есептеуге болады, себебі бұл сулардың құрамындағы тұздардың

мөлшері орта есеппен 35 г/кг. Менделеев перйодтық системасындағы барлық

элементтер жер бетіндегі сулардың құрамында (жерасты суларында 62-сі)

кездеседі. Бірақ та олардың ішінде теңіз суларының негізгі тұздылығын

құратындарға натрий, магний, калций катиондары мен хлорид, карбонат,

сульфат аниондарын жатқызуға болады. Басқа химиялық элементтердің

мөлшері негізгі иондардыкімен салыстырғанда анағұрлым төмен болғанымен, олардың теңіз бен теңіздегі тірі организмдерге жүретін химиялық процестерге қосатын үлесі өте зор. Олардың ішінде тірі организмдер өз тіршіліктеріне

пайдаланатын азотты, фосфорды, кремнийді ерекше атап өтуге болады, бұл

элементтердің теңіз суындағы мөлшерін реттеп отыратын теңізде тіршілік

ететін жан-жануарлар мен өсімдіктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет