Сабақтың тақырыбы: Құрлық суларының экологиялық мәселелері Сабақ оқу мақсаттары



бет1/6
Дата14.12.2022
өлшемі6,44 Mb.
#162789
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6



Сабақ жоспары



Ұзақ мерзімді тарауы:
3.3 Гидросфера


Күні:6.12.2018ж



Мектеп: "Ұзын-Ата" жалпы орта мектебі





Мұғалімнің аты-жөні: Дошимова Айсұлу

Сынып:8в

Қатысқандар: Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы:



Құрлық суларының экологиялық мәселелері

Сабақ оқу мақсаттары:

8.3.3.6 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады

Ойлау дағдысының деңгейі:

Талдау, жинақтау, бағалау.

Сабақ мақсаты:



Оқушылардың барлығы: Құрлық суларының экологиялық проблемаларына талдау жасай алады;
Оқушылардың көбісі: Құрлық суларының экологиялық проблемаларының тұжырым жасайды;
Оқушылардың кейбіреуі:жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешудің өзіндік жолдарын ұсынады.

Бағалау критерийі:

Құрлық суларының экологиялық проблемаларын жіктеп, шешу жолдарын ұсынады;
Құрлық суларын картаға түсіреді, аймақтағы транс шекаралық өзендерді белгілейді;
Диаграмма арқылы құрлық суларының экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады.

Тілдік мақсаттар:

Оқылым: Мәтінді бірлесе оқиды;
Тыңдалым: бейнематериалдарды тамашалау,тыңдау арқылы бір-бірінің пікірлерін тыңдайды;
Айтылым, жазылым:Құрлық суларына қатысты географиялық терминдердің дұрыс айтылуын және жазылуын,үш тілдегі аудармасымен жұмыс істей алатын болады.
Терминдер
мұхит, теңіз, өзен, көл, мұздықтар, жер асты сулары.
Океан, море,река,озера,ледник,подземная вода
Ocean, sea, river, lake, glaciers, underground water

Құндылықтарға баулу:



Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу
құндылығын оқушыларға Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, экологиялық мәселелерді шешуге баулу.

Пәнаралық байланыс:

Биология:судың биологиялық тазарту жолдарын анықтайды;
Химия:судың химиялық тазарту жолдарын біледі.

Алдыңғы білім



Көлдер мен мұздықтар



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет