Газдардың салысытырмалы тығыздығы – бірдей жағдайда бір газдың масасының екінші газдың осындай көлемінің масасына қатынасын айтады.
Гидролиз – еріген заттың сумен алмасу реакциясына түсіп ерітіндінің рН өзгерте ыдырауы.
Гидролиз дәрежесі – гидролизденген молекулалардың саны мен ерітіндідегі молекулалардың санының ара қатынасы.
Гидролиз константасы – гидролиз процесінің қаншылықты терең жүретінін көрсететін шама.
Гидроксил көрсеткіші (рОН) – теріс таңбамен алынған гидроксил ионы концентрациясының ондық логарифмі.
Диссоциациялану дәрежесі – иондарға ыдыраған молекулалар санының жалпы еріген молекулалар санына қатынасы.
Еріген заттың массалық үлесі – еріген зат массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы.
Ерігіштік – заттардың суда немесе басқа еріткіштерде еру қасиеті.
Ерігіштік көбейтіндісі – тұрақты температурада алынған аз еритін заттың қанық ерітіндісіндегі иондарының концентрацияларының көбейтіндісі.
Ерітінді – екі не одан да көп компоненттен (бөлшектен) тұратын гомогенді жүйелер.