Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»



бет73/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

2 есеп. 1, 60 г калий бромиді ерітіндісіне құрамында хлоры бар бромның 6,00 г қоспасы қосылады. Қоспаны кептіреді. Сонда 1,36 г тұз қалдық болып қалады. Қоспадағы хлордың проценттік массасын анықтаңдар.
Шешуі:
m (КВг)= 1,60 г Бромның құрамындағы хлор калий бромиді
m (Вг2) = 6,00 г ерітіндісімен әрекеттеседі. Реакцияға қатыс-
m (соли)= 1,36 г қан калий бромидінің массасы арқылы
хлордың массасын анықтауға болады:
ω (СІ2) = ?
2 КВг + СІ2 = 2 КСІ + Вг2
М(КВг) = 119 г / моль
М(КСІ) = 74,5г / моль Химиялық теңдеу бойынша 2 моль КВг 1 М(СІ2)= 71г / моль 1 моль СІ2 әрекеттескен. Нәтижесінде 2 моль
КСІ және 1 моль Вг2 түзіледі. Олай болса,
кептіргеннен кейін қалған тұздың массасының кемуі, ∆m = 1,60 г − 1,36 г = 0,24 г калий бромидінің массасы мен калий хлоридінің молярлық массаларының айырмасы арқылы болады.
∆М = 119 г/ моль − 74,5 г/моль = 44,5 г / моль
0,24 г< 44,5 г 185,4 есе, олай болса реакцияға қатысқан калий бромид -інің массасы да 185,4 есе аз болады:

m (КВг) = 119 г ׃ 185,4 = 0,64 г


Химиялық теңдеу бойынша 2 моль КВг реакцияға қатысады, яғни оның массасы m = ν ·М; m (КВг)= 119 г / моль · 2 моль = 238 г, ал 1моль СІ2 71 г тең.


0,64 г < 238 г 371,9 есе, яғни хлор сонша есе аз болады:
m (СІ2) = 71 г 371,9׃ = 0,19 г

Қоспадағы хлордың массалық үлесін анықтаймыз:


ω = m (СІ2) ׃ m (Вг2)


ω(СІ2) = 0,19 г г 00 , 6/ = 0,032
Жауабы. Бромның құрамында 3,2 % хлор бар.
Калий бромиді мен хлордың массаларын басқа да үш әдіспен есептеп шығарыңдар.
Оқушылардың ой-өрісін үнемі ауызша есептерді шығарту арқылы дамытуға болады. Ауызша есептерге көп уақыт кетпейді, әрі оқушылар тез ойлануға, салыстыруға, айырмасын анықтауға, қорытыңдылауға үйренеді.
3 Есеп. 0,5 моль мырышпен күкірт қышқылының қандай массасы әрекеттеседі және қандай көлем сутегі бөлінеді?
Есепте мырышпен күкірт қышқылының арасындағы реакция туралы айтылады. Реакцияға қатысқан заттардың сандық мөлшерлері бірдей. Яғни мынадай ара қатынаста: 1 : 1 : 1

Zn + Н2SО4 = ZnSО4 + Н2


1моль 1моль 1моль 1моль

Реакцияға 0,5 моль мырыш қатысатын болса, қалған заттардың да мөлшерлері 0,5 моль болатыны реакциядан көрініп тұр. Олай болса күкірт қышқылының 98 г/моль тең молярлық массасын және газдардың (қ.ж.) 22,4 л/моль тең көлемін біле тұра, қышқылдың массасын 49 г, бөлінген сутегінің көлемін 11,2 л тең екендігін айтуға болады,


Жауабы: 0,5 моль мырышпен 49 г Н2SО4 әрекеттеседі, 11,2 л сутегі бөлінеді.
4 Есеп. 10 г натрий гидроксиді ерітіндісімен қандай көлемде хлорлы сутегі әрекеттеседі?
Химиялық реакция бойынша хлорлы сутегін натрий гидроксиді арқылы өткізгенде тұз қышқылы мен натрий гидроксиді 1:1 ара қатынасында әрекеттеседі. Натрий гидроксидінің 40 г/моль тең молярлық массасы мен хлорлы сутегінің 22,4 л/ моль тең көлемін біле отырып, 40 г NаОН 22,4 л
НСІ әрекеттесетінің атап көрсетуге болады. Ал есептің шарты бойынша сілтінің мөлшері 10 г, яғни 4 есе аз, олай болса хлорлы сутегі де 4 есе кем беріледі, немесе 5,6 л болады.
Жауабы: 10 г NаОН нейтральдау үшін 5,6 л НСІ керек.
Қарапайым ауызша есептерді шығару арқылы , біршама күрделі есептерді де шығаруға болады.
5 Есеп. 196 г күкірт қышқылы ерітіндісін нейтральдау үшін алдымен 60 г натрий гидроксиді ерітіндісі қосылады, әрі қарай нейтральдау калий гидроксиді ерітіндісімен жалғасады. Толық нейтральдауға қанша грамм калий гидроксиді ерітіндісі жұмсалады.
Н2 SО4 + 2NаОН = Nа2SО4 + 2 Н2О
1моль 2 моль

Есептің шартында күкірт қышқылының массасы 196 г, оны оның молярлық массасымен салыстырсақ (98 г/моль), қышқылдан 2 моль берілген.


Олай болса нейтральдауға 4 моль сілті қажет. 60 г натрий гидроксидінің моль саны 1,5 моль (М(NаОН) = 40 г/моль). Сонымен калий гидроксидінен 2,5 моль қажет. (М(КОН) = 56 г/моль), ал массасы 140 г (56 г/моль · 2,5 моль)
Жауабы:196 г Н2 SО4 нейтральдау үшін 60 г NаОН және 140 г КОН керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет