Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Есеп № 1. 20г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған.Бөлінген СО2 массасын табу. Есеп № 2



бет33/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

Есеп № 1. 20г CaCО3 тұрақты массаға дейін қыздырғанда 10,12 г СаО алынған.Бөлінген СО2 массасын табу.
Есеп № 2. 2,7 г суды толық сутегі мен оттегіне ыдыратқанда 0,3 г сутегі алынған. Алынған оттегінің массасы қанша?
Есеп № 3. Егер газдың көлемі 250 мл, массасы 0,715г тең болса (қ.ж). Оның салыстырмалы молекулалық массасы қандай болады?
Есеп № 4. 0,2 моль О2 , 0,2 моль Н2 (қ.ж) қандай көлем алады?
Есеп № 5. 7г N2 ; 5,1 г NH3 ; 6,8 г H2S (қ.ж) қандай көлем алады?
Білімді тексеруде де сандық есептерді пайдалануға болады.
Білімді тексергенде де үйге берген тапсырманы (есепті) шығартуға болады. Біріншіден ол есептің дұрыс шығарғаның тексереді. Мұғалім оқушыны тақтаға шығарып, есеп кітаптан шығаруды ұсынады. Егер оның көшіріп алғаны белгілі болса, онда соған ұқсас есеп беріледі. Бұл кезде ол оқушы есепті талқылап заңдылықтарды түсіндіреді және әртүрлі әдіспен шығаруы керек. Егер есеп қиын болса, онда есепті сыныппен талқылап шығарған жөн.
Қайталауда, қорытынды сабақтарда сандық есептерді пайдалануға болады. Бұл кезде аралас мазмұнды 2-3 заңдылықтарды қамтитындай есеп беріледі. Бұл әдіс жоғарғы сыныпта қолданылады. Мысалы, зат массасының сақталу заңын, Авагадро заңымен байланыстырып формула құрастыруға соған байланысты Авагадро заңына сәйкес есептеулер беру керек.
Есеп № 1. 11,2 л сутегімен Fe3O4 тотықсызданғанда темірге дейін , реакцияға қанша Fe3O4 қатысады?
Fe3O4 + 4H2 → 3Fe + 4H2O


Есеп № 2. Мырыш HCl әрекеттескенде 4,48 л сутегі алынған. Реакцияға қанша мырш қатысқан?
Zn + 2HCl → ZnCl2 + H2
Бұл есепте зат массаның сақталу заңы мен Авагадро заңы қамтылған.
Сабақты бекітуде де есептер беру арқылы оқушылардың түсінгенін білуге болады. Қайталанатын сұрақтарды есеп арқылы пысықтауға болады. Мысалы: Тақырыбы: «Газдардың молярлық көлемін және Авогадро заңына» мынадай есептер беруге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет