* 5. Органикалық қосылыстарды синтездеу Органикалык химияда "синтез" үғымы бір органикальщ заттан бір немесе бірнеше химиялык реакциялардың нәтижесінде белгілі бір ісүрылымды органикалық зат алуды түсіндіреді. Синтезді жоспар-лауды келесі алгоритм арқылы жүргізуге болады.
1) Есептің шартында берілген бастапқы зат пен талап етіліп түрған реакция енімінің формулаларын жазып, өзгерістерді химиялың сызбанұсқа түрінде бейнелейміз:
2) Бастапқы зат пен синтезделетін заттардың күрылым формула-ларын салыстырып, олардың органикалық заттардың қай класына жататынын, көміртек тізбегінің үзындығын және тізбектегі бай-ланыстарды анықтаймыз. Көміртек тізбегін үзарту немесе кыскарту ісоректігі, көміртек атомдарының байланысу ретін өзгерту, молекулаға жада қандай функционалдық топтар кіргізу қажеттігі жөнінде шешім былдаймыз.
3) Синтезделетін зат молекуласында функционалдық топтың түзілуінің барлык жолдарын ойша сараптаймыз. Нөтижесінде бастаігқы А затын өзгертудің ең тиімді жолын таңдап аламыз. Барлык аралык кезеңдердің мүмкін жолдарын қарастырамыз.
4) Бастапқы заттан өнімді аралык сатылар аркылы алудың ең тиімді жолын таңдап аламыз:
Синтез сызбанүсқасын қүрастырғанда берілген кағидаларды еске үстау керек:
• бірішше мүмкін жолдардың ішіндегі аралық сатылары ең азы таңдалады;
• реагенттерді таңдағанда олардың қолда барларын қарастыру керек;
синтезді таддағанда реакция өнімінің шығымын, жұмысқа жүмсалатын еңбек пен уақыттың тиімділігіне көңіл аударылу керек.
15-жаттығу. 1-бромбутаннан бутен-2-ні алыңдар.
Ш е ш у і. Есеитің шартында берілген зат пен реакция өнімінің күрылым формулаларын келтіріп химиялык сызбанүсқа қүрамыз:
Бастапқы зат көмірсутектің галогентуындысы да реакция енімі күрамында кос байланысы бар этилен көмірсутек. Реакция өніміндегі көміртек атомдарының саны мен олардың байланысу реті бастапқы косылыстағыдай. Сондықтан көміртек тізбегін өсірудің немесе кыскар-тудың қажеттілігі жоқ. Енді қос байланыстың түзілу жолдарын талдап қарастырып, өзара салыстырайык. Қосылыс молекуласына қос байланысты төмендегі жолдармен енгізуге болады:
сөйкес қаныққан көмірсутекті дегидрлеп:
немесе сәйкес ацетилен көмірсутегін біртіндеп гидрлеу аркылы:
спирттерді сусоргыш заттар катысында дегидраттап:
көмірсутектің галогентуындысын дегидрогалогендеп:
Енді осы карастырылған жолдардың ең тиімдісін таңдау керек.
Дегидрлеу тәсілі (1) тишсіз, себебі реакция нәтижесінде изомер бутендердің қиын бәлінетін коспасы түзіледі. Ңалған үш тәсілдің ішіндегі 1-бромбутаннан кай затты оңай алуға болатын реакция теңдеулерін салыстырып, 2-бромбутан аркылы алу керек деген тоқтам жасауға болады:
Бірінші және соңғы сатыларда көмірсутектердің моногалоген туындыларынан галогенсутекті айыру жолы қолданылады. Бүл реакциялар спирттердің дегидратталуы сияқты Зайцев ережесі бойынша сутек атомы аз гидрогенделген көміртек атомынан бөлінуі аркылы жүреді.
Әдебиеттер:
Ерыгин Д.П., Шишкин Е.А. Методика решения задач по химии. - М.: Просвещение, 1989 - 173 с.
БекішевК.Б. Химия есептері (оқу құралы)Алматы. «Білім».2007ж
Усманова М.Б.,Сақариянова К.Н. Химия сандық есептер шығару әдістемесі Алматы «Атамұра» 2004
Дайнеко В.И. Как научить школьников решать задачи по органической химии.М.-Пр. 1987.
Химия:Жалпы білім беретін 11-сыныбына арналған оқулық / Ә .Темірболатова ,
Н.Нұрахметов, Р.Жұмаділова ,С.Әлімжанова. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2007.
Химия:Жалпы білім беретін 10-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Б.Бекишев, Н.Н.Заграничная. Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. –
Химия:Жалпы білім беретін 9-сыныбына арналған оқулық /И.Нұғыманов , Р.Жұмаділова , Ж.Кембебаева . Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -
Химия:Жалпы білім беретін 8-сыныбына арналған оқулық /Н.Н.Нұрахметов, К.Сарманова ,К.Жексембина Алматы : «Мектеп» баспасы ,-2005. -176б
ТемірболатоваӘ.Е.Химия есептері мен жаттығуларының жинағы. Алматы:Рауан, 2000. 96б