Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химия есептерін шығару әдістемесі»


Қорғасын катионына тән сапалық реакция



бет93/109
Дата07.02.2022
өлшемі4,92 Mb.
#83942
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   109
Байланысты:
285b4f1b-dc71-11e4-b960-f6d299da70eeУММ ХЕШ (2)

4.2 Қорғасын катионына тән сапалық реакция
1.Реакция Рв+ионы КОН және NаОН гидроксидтерімен концентрациялы сілті ертінділерінде және қышқылдарда ерімейтін Рв(ОН)2ақ тұнбасын береді :
Рв (NО3)2+2 NаОН→ Рв(ОН)2↓+2Nа NО3
Егер сілті артық мөлшерде алынған болса нартрий плюмбиті түзіледі
Рв(ОН)2+2 NаОН→Nа2 РвО2+2Н2О
2 Реакция Рв+ионы I-ионымен РвI2 қорғасын иодидінің сары тұнбасын береді
Рв2++ I-→ РвI2
Реакцияны жүргізу тәртібі а) реакцияны рН 3-5 ортада жүргізу;б) комплексті тұз түзілетіндіктен рективтің артық мөлшерін алмау;в) калий иодиді анықтаушы реактив болады

3)Органикалық заттарға сапалық анализге арналған эксперименттік есептерді шешу әдістемесі
Эксперименттік есептер шығаруды ойша эксперимент жасаудан бастаған жөн. Жоспар құрып, мүмкін нәтижелерді ескеру керек. Жоспар жасаудың бірнеше жолы бар. Ең ыңғайлы жолдарының бірі жоспарды кесте-матрица түрінде құру. Мматрицаның тік бағандарына анықталатын заттардың молекулалық формулаларын, көлденең жолдарға осы заттардың ерекше белгілерін және немен әсер етіп заттарды анықтайтындығы жазылады. Екеуінің қиылысқан жерлеріне байқалатын құбылыстардың нәтижелері: түсі өзгеруі, тұнба түсуі, газ бөлінуі немесе басқа өзгерістер жазылады. Есептің шарты бойынша қосымша реактивтер пайдалануға болмайтын жағдайда екі жағына да (тік бағандар мен көлденең жолдар) анықталатын заттар жазылады.
Эксперименттік есептерді шешу келесі амалдардан тұрады:

  • Заттың сыртқы сипатына, физикалық қасиеттеріне (агрегаттық күйі, түсі, иісі,т.б.) көңіл бөлу;

  • Осы заттарға тән химиялық реакцияларды қарастырып талқылау;

  • Істелетін жұмысты жоспарлап дәптерге кесте құрып (теориялық матрица), заттардың формулаларын жазу;

  • Құрылған кесте бойынша эксперимент жүргізу;

  • Химиялық реакциялардың нәтижелерін сараптап практикалық матрица құрып, оны теориялық матрицамен салыстырып, нақты заттарды табу;

  • Есептің жауабын тұжырымдап, химиялық реакциялардың теңдеулерін жазып қорытындылау.

Сапалық анализге арналған тәжірибелік есептерді шешу әдістемесі.
Мысал-1 Нөмірленген төрт сынауықта гесан, гексен,гесин-1, және сірке қышқылының ертіндісіберілген.Әр заттың қай сынауықта екендігін анықтау керек.
16-жаттығу. Нөмірленген төрт сынауықта гексан, гексен, гексин-1 және сірке кышқылының ерітіндісі берілген. Әр заттың қай сынауыққа құйылғанын анықтаңдар.



Берілген заттар

Физикалык қасиеттері

Индикаторга (әмбебап) әсері

Бромды су
немесе КМп04 ертіндісі

АgNО3 аммиактағы ертіндісі

Жалпы қорытынды

Гексан

түссіз, иісті

-

-

-

-

Гексен

түссіз, иісті

-

түсеізденелі




1 түсеіздену

Гексин-1

түссіз, иісті


түесі іленсді




1 түссіз-у, 1

Сірке қышкылы

түссіз, иісті

қызарады







инд-р түсі өзгеру

Ш е шуі. Берілген заттарды сыртқы сипаттарына қарап ажырата алмаймыз. Заттардың бәрі түссіз, бәрінің өздеріне тән иістері бар. Химиялық тұрғыдан қарастыратын болсақ, біреуі карбон кышқылы (СН3СООН), екіншісі қаныққан көмірсутек (С6Н14) те, калған екеуі (С6Н12 және С6Н10) қанықпаған көмірсутектер. Есептің шартында берілген заттарды анықтаудың теориялық кесте-матрицасын құрып, жасайтын экспериментімізді жоспарлайық:


Содан кейін эксперименттік есепті тәжірибе жүзінде жүргіземіз. Тәжірибелерді заттар берілген сынауықтарда емес, қосымша сынауықтарда жүргізу керек екенін ескеру қажет. Заттарды қалай анықтау керектігі сәйкес тақырыптарда қарастырылған, сондықтан оған тоқталмаймыз. Нәтижелерін жазу үшін тағы да матрица құрып аламыз. Енді тік бағанға сынауықтардың нөмірлерін жазамыз да, көлденең жолға теориялық матрицадағыдай берілген заттардың физикалық қасиеттерін, әсер ететін индикаторымызды және реагенттерді (қосылыстарды) жазамыз. Эксперимент жүргізіп, тәжірибелер барысында алған нәтижелерімізді практикалық матрицаға түсіріп отырамыз. Мысалы, мынадай нәтижелер алған болсақ:



Берілген сынауықтар нөмірлері

Физикалық қасиеттері

Индикаторға (әмбебап) әесрі

Бромды су
немссе КМпО4 ер-сі

АgNО3
аммиак-тағы ер-сі

Жалпы қорытынды

1

түссіз, иісті

-

түссізденеді

-

1 түссіздену

2

түссіз, иісті

қызарады

-

-

инд-р түсі өзг.

3

түссіз, иісті

-

-

-

-

4

туссіз, иісті

-

түссізденеді




1 түссіз-у, 1.

Тәжірибелердің нәтижелерін қорытындылап, теориялық және практикалық матрицаларымызды салыстырғаннан кейін, қай сынауыққа қандай зат құйылғанын айта аламыз. 1-сынауықтағы зат индикаторға әсер етпеді, яғни сірке қышқылы емес, бромды суды (немесе калий перманганаты ерітіндісін) түссіздендірді, күміс нитратының аммиактағы ерітіндісін өзгертпеді. Теориялық матрицамен салыстырсақ бұндай нәтиже алкенге (гексенге) тән көрінеді. Яғни, бірінші сынауыққа гексен құйылған. 2-сынауықтағы зат әмбебап индикатор қағазының түсін өзгертті, бұл сынауыққа сірке қышқылының ерітіндісі құйылған деп қорытынды жасауымызға болады. Бұл сынауықтағы зат анықталды, әрі қарай тәжірибеге қоспаймыз. 3-сынауықтағы зат индикаторға әсер етпеді және бромды судың (немесе перманганат ерітіндісінің) түсін өзгертпеді, сондықтан бұл зат қышқыл да емес, қанықпаған көмірсутек те емес деген қорытынды жасай аламыз. Олай болса, бұл сынауыққа қаныққан көмірсутек (гексан) құйылған екен. Ал соңғы 4-сынауықтағы зат перманганат ерітіндісін түссіздендіретін қанықпаған көмірсутек болып шықты. 1-және 4-сынауықтардағы қанықпаған көмірсутектерді тек күміс нитратының аммиактағы ерітіндісімен сынағаннан кейін ғана айыра аламыз. 4-сынауықтағы зат пен күміс нитратының аммиактағы ерітіндісі күміс бөле әрекеттескенін көргеннен кейін, бұл сынауыққа гексин-1 құйылған екен деп қорытынды жасауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   109




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет