ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «химиядан мектеп оқушыларының Өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастыру әдістемесі» «5В011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет1/6
Дата05.11.2016
өлшемі2,31 Mb.
#936
  1   2   3   4   5   6




ПОӘК 042–16-13.1.04/03 – 2013


№ 2 басылым

10.01.2013 ж.



75 беттің беті





ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

3 деңгейлі СМК құжаты

ПОӘК

ПОӘК 042-18-34./03-2013



ПОӘК

« Химиядан мектеп оқушыларының өздік жұмыстарының формалары және ұйымдастыру әдістемесі»пәнінің оқу-әдістемелік материалдары

№ 2 басылым

10.01.2013 ж.




ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«ХИМИЯДАН МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ »


«5В011200 – Химия» мамандығы үшін
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2013


Мазмұны


1

Глоссарий

3

2

Дәрістер

5

3

Практикалық сабақтар

52

4

Студенттердің өздік жұмыстары

53


ГЛОССАРИЙ

  1. Ассоциация / Ассоциация / Association - (лат. associatio - қосылу, өзара байланыс)

– ойлау үдерісінде психика элементтерінің арасында пайда болатын байланыс.

Оның нәтижесінде бір элемент пайда болғанда, қандай да бір жағдайларда онымен

байланысты, басқа элементтің бейнесі пайда болып жатады.


  1. Ассоциациялық оқыту / Ассоциативное обучение / Associative learning -

түсініктер мен дағдылардың біртіндеп қалыптасуын қамтамасыз ететін ассоциа-

циялар, мнемоника, шынығу жаттығулары, еліктеушілік, нұсқаулар арқылы оқу.

Ассоциациялық оқыту нақтылы жаңғырту мен жақсы есте сақтауға көмектеседі.



  1. Әңгіме / Беседа / Talk - оқушылардың ой әрекетін жандандыру мақсатында

қолданылатын оқыту тәсілдерінің бірі; әңгімелесу үдерісінде оқушылар мұғалім

қойған және құрдастарында пайда болған сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа

білім алады, бар білімдерін қайталап, бекітеді.

Әңгіме-дебат / Беседа-дебаты / Disputational talk оның барысын-

да қатысушылар арасында ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және

әрқайсысы өз шешімдерінде қалады. Әңгіме-дебат ынтымақтастыққа

бағдарланбаған бәсекелестікке негізделеді.

Диалогтік әңгіме / Беседа диалогическая / Dialogic talk - белгілі

бір тақырыпқа бағытталған диалог жүргізуге негізделген вербалды-

коммуникативтік әдіс. Диалог барысында идеялар екі бағытта жүріп,

оқушының қарқынды білім алуына септігін тигізеді. Диалог барысында

оқушылар (сондай-ақ олардың мұғалімдері) тең құқылы серіктестер болып

табылады. Олар бар күштерін келісілген нәтиже алуға жұмсайды және Мер-

сер (2000) айтқандай, бірлескен білім алу немесе «пікір алмасу» үдерісіне

тартылады.

Зерттеушілік әңгіме / Беседа исследовательская / Exploratory talk - бұл

әңгіме түрінде әркімнің идеясы пайдалы деп қарастырылғанымен, олар

егжей-тегжейлі бағалаудан өтеді. Зерттеушілік әңгімеге қатысушылар бір-

біріне сұрақ қойып, бір тоқтамға келу үшін оларға негізді жауап береді. Алай-

да зертеушілік әңгімеде келісімге келу емес, керісінше оны іздеу үдерісі

маңызды болып табылады.

Кумулятивтік әңгіме / Беседа кумулятивная / Cumulative talk - бұл әңгіме

түріне қатысушы әрбір адам басқа адамдардың айтқанын қабылдайды

және олармен келіседі. Кумулятивтік әңгіме білім алмасу мақсатында

қолданылады, бірақ әңгімеге қатысушы адамдар бір-бірінің идеялары-

на төзімділікпен қарайды. Кумулятивтік әңгіме үдерісінде идеялар

қалыптасады, қайталанады, бірақ үнемі егжей-тегжейлі бағалана бермейді.

Әңгіме_жүргізудің_сократтық_әдісі'>Әңгіме жүргізудің сократтық әдісі (майевтика) / Сократический метод ве-

дения беседы (майевтика) / Socratic dialogue (грек. Μαιευτική, сөзбе-сөз аудар-

масы - босанатын әйелге көмек көрсету) - сұрақтарды шеберлікпен қою арқылы

адам бойындағы жасырын білімді жарыққа шығару әдісі. Педагогикада Әңгіме

жүргізудің сократтық әдісі бағыттаушы сұрақтар мен пікірталастар орталық

орын алатын оқыту түрі деп түсіндіріледі. Сократ, мұғалім ретінде, ең алдымен

оқушылардың ақиқат туралы түсінігін бұзып, кейін олар өз ұстанымдарын қорғай

отырып, оны қайтадан қалыптастыратындай етіп бір сұрақтан кейін бір сұрақты қоя

берген. Әңгіме жүргізудің сократтық әдісінің мәні – әңгімелесушінің «барлық

нәрсе жайлы білемін» деген орныққан пікіріне қарамастан, шындығына келген-

де, көп нәрсені білмейтіндігіне көзін жеткізу. «Ізденіссіз өмір сүрудің қажеті жоқ.

Мен ешкімге еш нәрсе үйрете алмаймын, мен оларды тек ойлануға ғана мәжбүрлей

аламын» – Әңгіме жүргізудің сократтық әдісін түсіну үшін осы ойды желеу ету

қажет болады.



Әріптеспен кеңесу / Консультирование с коллегой / Counseling - іс-тәжірибеде

туындаған кәсіби мәселелерді шешуге бағытталған, белгілі бір жолмен құрылған

әңгіме арқылы іске асырылатын әріптеспен жүргізілетін қарым-қатынас.


  1. Дәлелдеу / Аргументация / Argumentation – белгілі бір көзқарасты жеке немесе

ұжымдық реципиенттің түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы мақсатында

негіздеу үшін жүргізілетін логикалық-коммуникациялық үдеріс.



  1. Жады / Память / Memory - 1. Ақпаратты сақтауға, жинақтауға

және жаңғыртуға арналған психикалық функциялар мен ақыл-ой қызметінің бір түрі. 2.Сыртқы әлем оқиғалары мен ағза реакциялары жайлы ақпаратты ұзақ мерзім бойы сақтау және келесі іс-әрекетті орындау үшін сол ақпаратты бірнеше рет саналы түрде қолдана білу қабілеті

  1. Жоспарлау / Планирование / Planning - мақсат пен міндет қою, сондай-

ақ қойылған мақсаттарға қол жеткізуге арналған әдістер мен стратегияларды

іріктеумен байланысты қызмет түрі.



  1. Мәнмәтін / Контекст / Сontext - 1. Мағынасы бойынша салыстырмалы түрде

аяқталған ауызекі немесе жазбаша тілден алынған үзінді. Оның жалпы мағынасы

оған кіретін әрбір сөздің, тіркестің немесе тіркестер жиынтығының мән-мағынасын

дәл және нақты ашуға мүмкіндік береді. 2. Белгілі бір құбылысты түсіну, түсіндіру

үшін қажетті түрлі факторлар жиынтығы.



  1. Оқу / Обучение / Learning – оқушылардың білім, білік,дағдыларды игеру, шығармашылық қабілеттері мен өнегелі-этикалық көзқарастарын дамыту жөніндегі белсенді оқу-танымдыққызметін ұйымдастыру және ынталандыруға бағытталған

мақсатты педагогикалық үдеріс. Оқу – оқушының білім мен білік элементтерінің саны мен сапасы оқу мақсатын құрайтын тиісті деңгейге жеткізілетін оқу қызметінің түрі.

  1. Оқытуды саралау / Дифференциация в обучении / Differentiation - әрбір

оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес нұсқауларды, тапсырмаларды,материалдарды, әдістерді, т.б. іріктеу үдерісі


  1. Топтық жұмыс / Групповая работа / Group work - білім алушыларды оқу

тапсырмасын бірлесіп орындау үшін бірнеше жұмыс топтарын (5-6 адамнан артық

емес) құру арқылы ұйымдастыру нысаны. Бұл бірін де сырт қалдырмай барлық

оқушыларға жұмысқа қатысып, ынтымақтастық, басқа адаммен қарым-қатынас

жасау дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.



2 Дәрістер

1 МИКРОМОДУЛЬ «МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ»
1-ДӘРІС ХИМИЯНЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНДЕ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАР
Дәріс мақсаты:
Жоспар:


  1. Өздік жұмыстардың түсінігі,анықтамасы

  2. Оқу процесін ұйымдастыруда өздік жұмыстың маңызы



  1. Өздік жұмыстардың түсінігі,анықтамасы

Соңғы кезде оқушыларды өмірге, еңбекке бейімдеуге, олардың бойында өздік ойлау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға көп көңіл бөлінуде. Сондықтан да оқыту құралдары мен әдістерін жетілдіру, олардың тиімді белсенді формаларын ұсыну міндеті үнемі алға тартылуда.

Білімі мен білігін, икемділік дағдысын үнемі жетілдіру, өз бетімен білім алуға ұмтылу әрбір маманның өмірінің негізгі бөлігі екені даусыз. Сол себепті мектеп табалдырығынан бастап жас жеткіншектерді осындай икемділіктер мен біліктілікті игеруге икемдеген тиімді. Ол үшін пәннің барлық мүмкіндіктерін, мазмұнын, оқу жұмысының әдістері мен формасын қолданған тиімді.

Педагогикалық ғылымда «оқушының өздік жұмысы» деген түсінікке бірыңғай анықтама берілмеген. Бұл сұрақ әлі даму үстінде. Оқушы білімді өз бетімен жинақтау қажеттігін дамытуы керек. Ал осы педагогикалық міндетті шешу мұғалімнен оқытудың ғылыми - әдістемелік деңгейін көтеруді, пән ішілік және пән аралық байланыстарды дамытуды талап етеді.

Оқушылардың өздік жұмысының теориялық сипатын айқындау мақсатында көптеген ғылыми еңбектер талқыланды. Саралай келе зерттеуші ғалымдардың пікірлерін 3 бағытта топтастыруға болады:

1-ші топ ғалымдары өздік жұмысты сабақты түрлендірудің бір тиімді әдісі ретінде қарастырады (О.Сүлеев, Р.Сейсекенова, С.Елубаев);

2-ші топ ғалымдары өздік жұмысты оқушылардың өздігінен жетілу құралы деп сипаттайды (М.Ф.Роганова, Б.П.Есипов, т.б.);

3-ші топ ғалымдары өздік жұмысты оқушылардың ешкімнің көмегінсіз орындайтын іс-әрекеттері деп анықтайды (М.И.Моро, А.О.Бурдин, Н.А.Менчинская, т.б.).

«Өздік» дегеніміз –жеке адамның бір қасиеті. Ол мынандай екі фактормен сипатталады: біріншіден, жеке адамдағы бар білім, білік және дағды жиынтығымен, екіншіден, жеке адамның іс-әрекет үрдісіне, оның жүзеге асу шарты және нәтижелеріне тигізетін әсерімен, сонымен қатар іс-әрекет үрдісінде болатын басқа адамдармен байланысымен сипатталады. Бұл екі фактор бірімен-бірі өзара байланысты. Жеке адамның қасиеті ретінде өздікті қалыптастырудың шартын анықтау қарастырылып отырған мәселенің негізі болып табылады. Өздік –жеке адамның жалпы абстрактылы сипаты емес, ол –жеке адамның мінез-құлық, жүріс-тұрысымен сәйкестендірілген сипаты. Іс-әрекеттің бір саласында өзіндікті көрсете алатын адам, басқаларында өз бетінше бола алмауы әбден мүмкін.

Оқу үрдісінде өзіндікті қалыптастыру –мектептегі оқыту ісіндегі ең негізгі міндеттердің бірі. Химияны оқуда өзбетімен жұмысты ұйымдастыру үшін оқушы негізгі заңдылықтарды меңгеріп, химиялық білімді тұжырымдап, ғылыми мәселелерді шешу мәселесін көрсетіп оларды шешудің тиімді жолдарын анықтай білуі тиіс. Оқушыларды химиялық мәселелерді өзбетімен шешуге үйрете отырып оқытушы алдымен бірқатар мысалдар негізінде болжам құруға, мәселе қоюға, оның дұрыс шешімін табуға жол көрсетеді.

Осы проблеманың жалпы педагогикалық  және әдістемелік сұрақтарын  жеткілікті жан-жақты түсіндіруде  оның психологиялық жағы оқу іс-әрекеті позициясынан ең азырақ көрсетілген болып қалады. Осы проблеманы қарастыру үшін бастапқы жағдайларды анықтайық.

      Біріншіден, мектеп оқушысының өзіндік жұмысы оның сабақ үстінде оқу іс-әрекетін дұрыс ұйымдасуының салдары болады, оның өзі оны өз бетінше кеңейтуді, тереңдетуді және бос уақытта жалғастыруды мотивтендіреді. Осыған сәйкес, мұғалім ұйымдастыратын және басқаратын оқушының оқу жұмысы (мұғалімнің тапсырмасы бойынша сыныптық және сыныптан тыс) оқу пәнін игеру бойынша өзіне берілген, өз бетінше іс-әрекетінің бағдарламасы ретінде болуы керек. Бұл мұғалім үшін өзінің оқу әрекеттерінің жоспарын айқын саналау ғана емес, сондай-ақ оқушыларда оқу пәнін, жаңа оқу тапсырмаларын орындау барысында игерудің кейбір схемасы ретінде қалыптасуын саналы түрде ұғынуды білдіреді.

      Екіншіден, берілген түсініктемеде өзіндік  жұмыс-үй жұмысына қарағанда неғұрлым кең түсінік, яғни, мұғалімнің келесі сабаққа дайындауы: сыныпта, үйге берген тепсырмаларын орындауы. Өзіндік  жұмыс оқушының мұғалім қандай да бір формада берген, сабақтан тыс жұмысын қамти алады. Бірақ тұтастай, бұл оқушының қандай да бір материалды меңгерудің дайын немесе өзі өндірген бағдарламасынан таңдап алып, қатарласа шұғылдануы.

      Үшіншіден, өзіндік жұмыс үйренушінің оқу  іс-әрекетінің өзгеше түрі ретінде қарастырылуы тиіс, ол оның жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл оның оқу іс-әрекетінің жоғарғы формасы, оның сыныптағы жұмысы мен байланысты өз-өзіне білім беру формасы. Үйренушінің өзі үшін өзіндік оқу жұмысы психалогиялық тұрғыдан нені білдіреді? Ең алдымен, ол таңдау бойынша еркін, іштей мотивтендірілген іс-әрекет ретінде саналы түсінілуі тиіс. Ол үйренуші тарапынан оған енетін бір қатар әрекеттердің орындалуын ұйғарады: өз іс-әрекетінің мақсатын саналы түсіну, оқу міндетін қабылдау, оған тұлғалық мағына беру осы міндеттерді орындауға өзінің басқа қызығушылықтары мен шұғылдану формаларын бағындыру, оқу әрекеттерін уақыт бойынша бөлуді өз бетінше ұйымдастыру, оларды орындауды өз бетінше бақылау.





  1. Оқу процесін ұйымдастыруда өздік жұмыстың маңызы

Қазіргі кезде «ақпараттық қоғам» деген ұғым бар. Бұл қоғамның мақсаты –адамдарды жан-жақты ақпараттар ала білуге және оны пайдалана білуге үйрету, азаматтардың неғұрлым көпшілігін өз бетімен, белсенді әрекет ете білуіне, шешім қабылдай білуіне, күнде өзгеріп отырған өмірге бейімделе білушілікке баулу.

Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам мектеп алдына оқушыларды мыналарға қабілетті етіп даярлау міндетін қояды:


  • Өз бетімен қажетті білімді ала отырып, оны пайда болған проблемаларды шешу үшін іс жүзінде пайдалану арқылы әртүрлі өмірлік жағдайларға бағдарлана білуге.

  • Өз бетімен сыни ойлау, пайда болған проблемаларды көре білу және қазіргі технологияларды пайдалана отырып, оларды шешудің тиімді жолдарын іздестіру, жаңа идеяларды пайдалануға, шығармашылықпен ойлауға қабілетті болу.

  • Ақпаратты сауатты пайдалана білу (дәлелді қорытынды жасау, статистикалық және логикалық заңдылықтарды орнату, белгілі бір проблемаларды шешу үшін, оларға талдау жасау үшін фактілер жинау).

  • Әртүрлі әлеуметтік топтармен ымырашыл болу, командада жұмыс жасай білу.

  • Өзінің адамгершілігін, құлықтылығын, зияткерлігі мен мәдениет деңгейін дамыту жолында өз бетімен жұмыс жасау.

Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс-әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де қажет етеді.

Өз бетінше ізденімпаздықпен жұмыс істей білу, яғни оқу материалын таңдау, жаңаны қабылдау мен меңгеру, алған білімін іс жүзінде қолдана білу, оңтайлы әдістерді таңдап алу, белгілі бір нәтижеге жетуге ұмтылу –оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастырудың алғы шарты. Шығармашылық дербестік, өзіндік жұмыс істеу шеберлігі мен дағдылары өзінен-өзі пайда болмайды, ол мақсат оқу қызметінің нәтижесінде және өз кезегінде шығармашылық, практикалық сипаттағы әр түрлі тапсырмаларды орындау үрдісінде қалыптасады.

Химия сабағында тек түсініктер мен формулаларды оқытып қана қоймай, проблемалық және зерттеу әдістерін қолданып, ережелерді, анықтамалар мен заңдылықтарды оқушылардың өздері қорытып шығаратындай дәрежеге жеткізген жөн.

Өздік жұмыс дегеніміз- оқушылардың жаңа білім, дағды, икемділіктер мен ғылым әдістерін меңгерудің маңызды жолы . Егер сөздік және сөздік-көрнекілік әдістер оқушылардың таным әрекетінің алғашқы екі пайымдау мен абстрактылы ойлауды қамтамасыз етсе, ол оны іс жүзінде тексеру тек өзбетімен жұмыс кезінде іске асады. Өздік жұмыс тұтасымен алғанда оқу процесі сияқты білім беру, тәрбие, дамыту функцияларын атқарады.

Өздік жұмыстың білімділік функциясы химия ғылымының негізгі әдістерін игеруде көрінеді. Оған жататындар: сараптау іскерлігі, есептеу есептерін шығару дағдысы, химиялық тілді дұрыс меңгеруі, үлгілеу икемділігі және т.б.

Тәрбиелік функциясы дара тұлғаның кейбір ерекше қасиеттерін қалыптастыруға байланысты. Олар еңбек сүйгіштік, қиыншылықты жеңе білу, табандылық, өз-өзіне сенімділік.

Дамытушы функциясы- дербестік пен тәуелсіздікті, зияттылық шеберлігін дамыту (өздік бақылау, негізгіні бөліп көрсету, тұжырымдау, ой қорыту, байқағыштық, сезімталдық және т.б.)

Оқушылардың өздік жұмысының маңызы мынада:



  • Оқушылардың саналылық деңгейін арттырып, білімді меңгеру беріктігін көтереді;

  • Оқушылар бойында белгілі бір икемділік пен дағдыны қалыптастырады;

  • Алған білімін өмірде қолдана білуге үйретеді;

  • Оқушылардың танымдық қабілетін дамытып, ойлау әрекетін жоғарлатады.

Қазіргі кезеңде оқушылардың өз бетімен жұмысты орындау деңгейі, дербестігі жайлы мәселелер ең негізгі, келелі мәселеге айналып отыр.

Дәріс №1.Өзін-өзі тексеру сұрақтары



  1. Өздік жұмыстар жөнінде педагогтардың пікірі қандай?

  2. Өздік жұмыстардың оқу-тәрбиелік функциясы қандай ?

  3. Өздік жұмыстардың маңызы неде?

2-ДӘРІС ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.



  1. Өздік жұмыстарды ұйымдастырудағы оқушылардың танымдық іс-әрекетінің психологиясы .

Таным үрдісі -өте күрделі үрдіс. Таным белсенділігін арттыруда химия пәнінің қосар үлесі ерекше. Ал оқушылардың таным белсенділігі артуының негізгі шарты –проблемалық оқыту.

Іздену –оқу-таным проблемасын шешуге бағытталған оқушылардың іс-әрекеті. Оны ұйымдастырудың тәсілдері жиынтығынан зерттеу әдісі туады, ал одан проблема шешіледі.

Алдымызға қойған проблеманың басты мақсаты –оқушылардың таным белсенділігін, ойлау қабілетін сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттарда арттыру, өз бетінше еңбектене білуге дағдыландыру.

Оқушылардың дербестік қабілетін дамытуда, белсенділігін арттыруда оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен шешудің пән бойынша танымдық міндеттерді кеңінен пайдаланудың, оқу үрдісінде ғылыми ізденістерін ұйымдастырудың , оқып үйрену барысында техникалық құралдарды, негіздік конспектілерді, тапқырлық ойындарын және т.б. кеңінен қолданудың маңызы ерекше зор.

Осыдан келіп, оқушылардың танымдық белсенділігін дамытуды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін ойдағыдай ұйымдастырудың негізгі шарты болып табылады. Оны жүзеге асыру мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын ынталандыруға септігін тигізетін оқу үрдісін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

Оқыту әдістері оқушылардың танымдық белсенділіктерінің дамуына зор ықпал етеді. Өйткені оқыту әдістерінің білімдік, тәрбиелік қызметтерімен қатар, дамытушылық қызметінің маңызы ерекше.

Оқыту әдістері –мектеп педагогикасында талас тудырып жүрген өте күрделі мәселелердің бірі. Көптеген авторлардың пікірінше, оқыту әдісі –оқушылардың оқу-танымдық әрекетін ұйымдастыру тәсілі.

И.Я.Лернер және М.Н.Скаткин оқыту әдістерін оқушының оқу-танымдық әрекетіне байланысты былай жіктейді:

а) түсіндірмелі иллюстративтік немесе ақпаратты рецептивтік (рецепция –қабылдау) әңгіме, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, т.б.;

ә) ішінара-іздену немесе эвристикалық әдіс;

б) зерттеу әдісі, оқушыға танымдық тапсырма беріліп, оны өз бетінше, қажетті әдістерді пайдалана отырып және мұғалім көмегімен орындау.

Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін 3 негізгі топқа бөлді:

а) оқу-танымдық әрекетті жүзеге асыру және ұйымдастыру әдістері;

ә) оқу-танымдық әрекетте мотивация және реттеу әдістері;

б) оқу-танымдық әрекеттегі бақылау және өзіндік бақылау әдістері.

Көптеген жүйелеулер оқытудың негізгі міндеттерімен сәйкес келіп, олардың негізгі белгіленген қызметін жақсы түсінуге көмектеседі. Барлық әдістерді мынадай 5 топқа бөлуге болады:

а) мұғалімнің білімді ауызша баяндауы мен оқушының танымдық әрекетін белсендіру әдісі: әңгіме, түсіндіру, мектеп дәрісі, әңгімелесу, оқу материалын ауызша түсіндірудегі иллюстрациялау, демонстрациялау;

ә) материалды бекіту әдісі: әңгіме, оқулықпен жұмыс;

б) жаңа материалды игерудегі оқушының өзіндік жұмыстары;

в) білімді практикада қолдану және біліктер мен дағдыларды бекіту әдісі: жаттығулар, зертханалық сабақтар;

г) оқушының білімдері, біліктері мен дағдыларын бағалау және тексеру әдістері: оқушыны күнделікті бағалау, ауызша сұрау (жеке, фронтальды), бақылау жұмыстары, үй тапсырмаларын тексеру, бағдарламаланған тексеру, тест арқылы тексеру.

Жоғарыда келтірілген әдістер арқылы оқушының танымдық деңгейі көтеріледі, танымдық белсенділігі артады, білім алуға саналы түрде қарап, шығармашылық әрекеттерін жүзеге асырады.

Танымдық әрекеттің негізінде оқушыларда танымдық белсенділік, яғни оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықыласы, құштарлығы қалыптасады. Мысалы, мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйрену белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде орын алуы қажет.

Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру өзекті проблемалардың бірі болуы тиіс, себебі қоғам мүшелерінің білімдарлығы, түрлі жағдайларға дайындығы, алдына қойған міндеттерді шешудің қолайлы тәсілдерін таңдай білуі көбінесе олардың белсенділігіне байланысты болады. Танымдық әрекеттегі маңыздысы -өзіндік жұмысы мен өзіндік баға беруі.

   Химияны  оқытуда алға қойған негізгі бағыттардың  бірі- оқушылардың таным белсенділігін  арттыру. Оқушылардың ой-өрісінің, белсенділігінің, ізденімпаздығының арта түсуі, олардың өздігінен ізденуін, ойлауын, өз бетімен қорытындылар жасай білу қасиеттерін дамытады.

     Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамытпай, оқытудың интенсивтендіру процесін жүзеге асыру  мүмкін емес екені іс-жүзінде белгілі. Танымдық қызығушылық белгілі компоненттерді қамтитын динамикалық жүйе. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын анықтаудың негізі, мұғалімнің белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы  және педагогика мен психологияның проблемаларына дұрыс бағдар беру болып табылады.

Оқушылардың оқу танымдық іс-әрекеттің формаларының бірі - өзіндік жұмыс. Қазіргі кезде негізгі талап- оқушылардың белсенді іс-әрекетін сезімін оята отырып, оларды басқара білу. Оқушылардың өз бетінше іздену арқылы білімін көтеруі, біліктіліке талпынуы, ептілікке дағдылануы оқу процесінде белсенділігін арттырудың бір жолы екендігі ертеден белгілі.

Кез келген істің нәтижелі болуы оған қызығушылық туғызған адамның белгілі нәтижеге жетуіне байланысты. Мұғалім үшін ол жоспарланған оқу еңбегі, ал оқушы үшін маңызды мотивация. Төмендегідей мотивацияны айырып көрсетуге болады.



  1. Сыртқы мотивация - мектепті ойдағыдай аяқтаудың мектептегі оқу үлгіріміне тәуелділігі.

  2. Ішкі мотивация оқушының белгілі бір бағыттағы икемділігі. Ол мектепте оқу барысында белгілі бір мамандықты алуға өз күшін бағыттайды.

  3. Процесуальды (оқулық) мотивация. Ол оқушының орындаған жұмыстың маңыздылығын түсінуінен туындайды. Яғни өздік жұмыс зертханалық жұмысты, сабақ материалын дұрыс түсінуге мүмкіндік беретінін оқушыға жеткізе білуі керек.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет