ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жалпы химия»



бет5/21
Дата08.07.2018
өлшемі6,04 Mb.
#48736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Металдарды кеңнен өндіреді.Активтілігі төмен металдар табиғатта бос күйінде кездеседі. Мысалы: алтын, күміс,платина т.б. Актив металдар кең құрамында әртүрлі қосылыстар түрінде болады. Жеңіл металдар тұздар түрінде,ал ауыр металдар оксид,сульфид,сульфиттер т.б. болады.

Металдар өндірісін металлургия деп атайды,химиялық процестерге сәйкес бірнеше топқа жіктеледі:

а/ пирометаллургия – жоғарғы температурада қыздырып бөлу

ә/ гидрометалургия – еріткіштер әсерімен бөлу

б/ электрометалургия – электр тогы әсерімен бөлу /электролиз/

в/ металлотермия – басқа металмен жоғарғы температурада әсер етіп бөлу

Металдар құймалар түрінде қолданылады.8000 астам құймалар белгілі.

Темір құйма – шойын,болат, мысты құйма – қола,аса жеңіл құйма –дюралюминий,бағалықұйма – құрамында алтын,күміс,платина болатын құймалар.

ІІ. Адам ағзасында преиодтық жүйенің 70-ке жуық элементі табылған.Мына алты элемент: C, O, H ,N, P, S ағза массасының 97,4%-ін құрайды.Тірі заттағы элементтердің мөлшеріне байланысты оларды макро- және микроэлементтер деп бөлуге болады.Макроэлементтерге C, O, H ,N жатады. Бұлардың үлесіне тірі зат массасының 96% және I, CI, Fe, N, Mo, Cu, Co, Zn (1% массасының) жатады.

Биологиялық неғұрлым керек металдарға ( биометалдарға) мына элемент жатады:K,Na,Ca,Mg,Fe,Cu,Co,Mn,Zn,Mo; металл еместерден O, H, S, C, N, P, CI, I жатады,сондықтан осы элементтердің қасиеттерін зертханалық сабақта оқимыз.Көміртегі мен сутегіорганикалық қосылыстардың негізі болғандықтан ,ол элементтерді органикалық химия пәнінде тереңірек оқытылады.

Калий осмостық,биохимиялық процесте,көптеген физиологиялық функцияларға қатысады,сілтілік-қышқылдық теңдікті ұстауға көмектеседі. Калий алмасуы ағзадағы натриймен тығыз байланысты.Калий,натрий, кальций иондарының белгілі ара қатынасы жүрек жұмысының қалыпты сақталуына әсер етеді.

Натрий ағзада осмостық қысымды реттеуге,су,минерал,азот және май алмасуынақатысады.Плазма мен жасуша аралық сұйықтардың барлық катиондарының 90%-тен астамы натрийден тұрады.

Кальций иондары сүт қышқылының түзілуіне,сүттің ұюына,бұлшық еттің және нерв қызметінің жұмысына қатысады.Фосфаттармен және фторидтермен қосылып,кальций сүйек ұлпасы мен тістердің минералдық негізін құрайды.Тамақта кальцийдің жетіспеуі көптеген ауруларға ( рах-ит,остеопароз,остеомоляция т.с.с.) себеп болады.Сүт – кальцийдің ең жақсы көзі.Күніне үлкен адам 1г кальций қабылдау керек.

Магний тұздары органикалық қосылыстардың фосфорға айналуына қатысатын ферменттердің қызметін күшейтеді.Тамақта магний тұздарының жетіспеуі жүйке жүйесінің қалыпты қызметін,бұлшық еттердің жиырылуын бұзады.

Мырыш ағзада бұлшық еттің 65% -ін, сүйектің 20% -ін құрайды.Қан плазмасы,бауыр,эритроцит құрамына,эфирлер және ақуыздың гидролизі кезінде катализатор болатын 40-тан астам метелл-ферменттердің, 260 аминқышқылы қалдығынан тұратын карбоангидраза ферментінің құрамына кіреді. Қандағы қантты реттуге қатысады.

Алюминий қанның сары суында,өкпе,бауыр,сүйек,бүйрек,тырнақ,шаш құрамына және адам миының жүйке қабығының негізгі құрамына кіреді. Адам тәулігіне 47 мгалюминий қабылдауы керек. Алюминий эпителий және байланыстырғыш қабаттардыңдамуына,сүйектің қалыптасуына,фосфорың алмасуына әсер етеді. Сонымен біргеферментативті процестерге,қанның түзілуіне,трансаминирлеу реакциясына катализатор

ретінде қатысады.


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:


  1. Калий мен натрий атомдарының құрылысының электрондық схемасын жазыңдар. Бұл элементтердің қайсысының тотықсыздандырғыштық күші артық, неге?

  2. І топтың s-элементтерінің +І тотығу дәрежесі не себептен өте тұрақты?

  3. К2О, К, К2О2 қалай сумен әрекеттеседі, химиялық реакциялар теңдеуін жазыңдар.

  4. Калий хлоридінен металл күйінде калийді және калий гидроксидін алу үшін жүретін процестерінің схемаларын жазыңдар.

  5. Натрий сульфатынан көмір мен әктасты жоғарғы температурада балқыту арқылы соды алу реакциясының теңдеуін жазыңдар. Көмір мен әктас қандай функция атқарады?

  6. Ас содасы, каустикалық сода, кристалдық сода, кальцинирленген сода деп техникада қандай заттарды айтады?

  7. Мына өзгерістерді іске асыратын реакциялар теңдеулерін жазыңдар: NaCl→Na→NaOH→Na2CO3→NaHCO3→NaCl→Na→Na2O2→Na2O→ NaOH→ NaHSO4→ Na2SO4 → Na

  8. Мына қатарда LiOH –CsOH негіздік қасиеттері қалай және неге олай өзгереді?

  9. Периодтық жүйедегі І және ІІ топтың негізгі топшасының элементтерінің тұздарының қасиеттерін салыстырыңдар: галогенидтердің, сульфаттардың, сульфидтердің, карбонаттардың. Олардың суда ерігіштіктерінің өзгеруін, топ бойынша және І топтан ІІ топқа өткенде термиялық беріктіктерінің өзгеруін көрсетіңдер.


Ұсынылған әдебиеттер:
1.Бірімжанов Б.А., Нурақметов Н.Н. Жалпы химия. Алматы.: «Рауан», 1990., 2.Ділманов Б.М.Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Алматы,2009,-194б

3.Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия. М.: Высш.шк. 1982- 530с

4.Угай Я.А. Неорганическая химия. М.: «Высшая школа», 1989, -462 б

5.Лидин Р.А.,Молочко В.А.,Андреева Л.Л. Химические свойства неорганических веществ. Москва, 2000-480с


Дәріс 13. Алюминий ,қалайы,қорғасын,темір қосылыстары.

Мазмұны:


  1. Периодтық жұйедегі орны, электрондық құрылысы.

  2. Физикалық қасиеттері.

3. Химиялық қасиеттері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет