Планеталар. Қүн системасының тоғыз үлкен планеталары мына тәртіппен орналасқан: Меркурий, Шолпан, Ай мен Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Планеталар ор-бита аралығы Күннен алыстаған сайын үлғая түседі.
Планеталар мөлшері, химиялық қүрамы, массасы, тығьізды-ғы, айналу периоды бойынша бір-бірінен айырма жасайтын екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Жер типтес планеталар — Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, екіншіге — Юпитер типтес (алып планеталар) — Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун жатады. Күннен ен. алыста орналасқан планета Плутон әлі онша белгілі емес, кей-бір сипаттарына қарап оны екінші топқа жатқызуға болмайды. Бірқатар ғалымдар оны Жер типтес планеталарға жатқызады, ал кейбіреулері оны ерекше қарап, Күннен соншалықта қашық-та жатқан планета қатарына жатқызады.
Жер типтес планеталар онша үлкен емес, кебіне олар салмағы басым элементтерден тұрады және орбиталық қозғалыста үлкен жылдамдықпен айналады.
Күнге ең жақын орналасқаны Меркурий планетасы, ол ша-мамен Жерден үш есе кіші. Меркурийден Күнге дейінгі аралық қашықтығьі 46-дан 70 млн. Километрге жетеді. Меркурийлік күн тәулігі жердің 176-на тең келеді. Олар меркурийлік жылға қа-рағанда екі есе ұзынырақ. Меркурий күн жылуын Жермен са-лыстырғанда 6,69 есе артық алады. Күндізгі жағының темпера-турасы +420°С-қа көтеріліп, ал түнгі жағы — 240°-қа дейін төмендейді. Тәуліктік амплитуда температурасының осынша-лықты ауытқуы температураның интенсивті желге үшып кете-тіндігінен болады.
Меркурийдщ атмосферасының тйғыздығы шамамен 50 км жоғарыдағы жердің тығыздығындай болады. Қейде онда ақ түстес, қайдан шыққаны белгісіз онша тығыз емес бүлттар (мүмкін өзі ол, тозаң да болуы) байқалады. Меркурийде ауырлық күші аз болғандықтан (жердікінен 3 есе аз), планетаның қойнауы-нан бөлініп шыққан газдар жеңіл үшып кетеді. Меркурий атмосферасында азот, көмір қышқыл газы, атомдық сутегі, аргон, неон кездеседі. Меркурийде магнит өрісі бар деп болжанады. Ғалымдар Меркурийде жарылулар мен иіндер системасын тапты.
Шолпан. Жер тобындағы Күннен есептегенде екінші пла-нета, одан шеңбер дерлік орбита бойынша, жердің 225 тәулігін-де бір айналып өтеді. -Шолпан мөлшері, массасы, тығыздығы жағынан Жерге үқсас. Бірақ планеталардың ұқсастығына қарағанда олардың аралығында айырмашылықтар кем түспейді. Шолпанның осімен айналу периоды жердің 243 тәулігіндеіг айналу бағыты Жердің осінен айналу бағытына қарама-қарсы (яғни дүниенің солтүстік полюс жағынан қарағанда сағат тілі-нің жүрісі бойынща). Шолпан Күнді бір айналып өтуі нәтиже-сінде планетада оньщ 2 рет батуы, 2 рет шығуы байқалады; шолпандық тәулік жердің 120 тәулігіне дерлік созылады.
Шолпанның айналу осі оньщ күн маңындағы орбитасының жазықтықтығына. перпендикуляр болып келеді, ал мүның-өзі Шолпанда жыл мезгілдерінің ауысуы жоқ екендігін көрсетеді. Шолпан мен Жердің арасындағы қашықтық бір жарым жылда бір рет 39 млн. км дейін қысқарады, одан кейін планеталар алыстайды, бір-бірінен 260 млн. км дейін қашықтайды. Оның бір қызығы Шолпан әрбір осьшдай жақындаған кезінде Жерге :бетінің бір жағымен қарайды (әр уақытта түнгі жағымен.қеледі). Соған қарағанда, Жер көршілес планетанын, айналуьша әсе-рін тигізеді. Шолпанның бетін бүлт басып тұрады, соңдықтан да «Венера» және ««Маринёр» ғылыми автоматты станцияларын үшырғанға дейін ол жөнінде, түсінік аз болатын. Қазір Шолпан 93-97% көмір қышқыл газынан құралған қалың өте қызған ( + 400°-қа дейін) атмосферадантұратындығы белгілі. Шолпан атмосферасында оттегі 0,1%, азот 2% көп емес. Шолпан атмосферасының ең жоғарғы қабаты Жердегі сияқты атомаралық сутегінен түрады.
Шолпандағы бұлттардың шығу тегі және оның құрамы бел-гісіз, олмұзды кристалдардан, немесе атмосфералық газдан тұра ма? Шолпанды бұлт қаптап түратындықтан, оның Жерге қарағанда шағылыстыру мүмкіншілігі екі есе дерлік көп. Оның бетіне атмосферасын жарып өтіп күн сәулесі аз түседі, сол се-бепті ол күңгірттеніп тұрады. Алайда Шолпанның бетінде температура жоғарьі, +500°-ке жақын. Оны «париктік эффектіден» атмосфера планетанын, жылу сәулелерін жүтудан деп түсінді-реді, мүмкін әлі де ашылмаған себептері болуы. Неліктен көршілес екі планетаның сыртқы қабықтары мұндай әр түрлі? Бұған әзірге жауап табылған жоқ. Мүмкін Шолпанның Қүнге салыстырмалы жақын орналасуы, оның атмосферасықьщ өзінше эволюциясын анықтауда маңызы болуы мүмкін.
ІІІолпанньң магниттік өрісі шын мәнінде жоқ және оның атмосферасы күн желінің өтуінен қорғалынбаған.
Шолпаннан әрі Күннен орта есёппен 149 млн. км қашықтық-та Жер орналасқан. Мұнда біз оған жете сипаттама бермейміз, әзірше 1, 2-таблицаларда келтірілген мәліметтермен шектеле-міз. Кейін тиісті бөлімдерде Жер жайында толығырақ қарас-тырылады.
Жерді қос планета деп негізсіз айтпаған. Оның серігі Ай орта есеппен 384 400 км. қашықтықта орналасқан, бұл Жер-Күн қашықтығының 0,003-ке жуық және Жердең ең жақын планета-лар Шолпан мен Марсқа дейінгі қашықтығының 0,01 деген сез. Жарық бүл қашықтықты 1,28 секундта өтеді.
Ай Күн системасының ең үлкен серігі емес. Мелшері жөнінен одан Сатурн серігі Титан (диаметрі 5 000 км), Юпитер серіктері Ганимед (4940 км) және Калисто (4680 км), Нептун серігі Тритон (4000 км) асып түседі. Бірақ серіктің массасының онымен қоса жүретін планетаньщ массасына қатынасына қарағанда,, яғни планетаға әсер ету мүмкіншілігі жағынан Айға тең келе-
тіні жоқ.
Ай затының орташа тығыздығы — 3,34 г/см3, Айдың келемі
Жёрдің көлемінен 50 есе аз. Айдың тартылыс күші жерді-кінен 6 есе әлсіз. Айдьң атмосферасы Жер стандарты бо-йынша терең вакуум. Ол Күн желімен келетін аргон, неон, гелий сияқты инертті газдардың біраз мөлшерінен түрады.
Қазіргі кезде Айдың өзіндік магниттік өрісі жоқ (яғни космостық сәулеленуді ұстай қалатын радиациялық белдеулері жоқ), бірақ ай жыныстарының әлсіз магниттелуі онда бұрын бар болғанын білдіреді.
Айда ешқандай тіршіліктін. бар екендігі байқалмады. Айдың фигурасы шардан ауытқиды. Полярлық радиусы шамамен экваториалдықтан 500 м қысқа, центрден солтүстік полюске қарағанда онтүстік полюске дейінгі қашықтығы аз. Бүл ауытқуды Айдьң айналуынан деп түсіндіруге болады.
Жер — Ай системасында ауырлық центрі бар, ол Жердін. центрінен жердің 0,73 радиусы қашықтығында орналасқан. Сис-теманьщ екі мүшесі де осы центрдің төңірегінде айналады, ал ол орбита бойынша Қүнді айнала қозғалады. Мүнымен бірге Ай Жер төңірегінде айналады және өз осінен айналады. Ай орбитасы — эллипс; Ай—Жер қащықтығы орташасына қарағанда перигейінде 21 мың км аз да, апогейінде көп. Ай орбитасының, жазықтығы эклиптика жазықтығына орта есеппен 5°09' бүрыш-пен көлбеу. Жерді айналу п.ериоды 27, 32 күн тәулігі—сидерлік (жұлдыздык,) ай болады. Ай өз осінен де сол периодпен айналады және Жерді айналу қозғадыс бағытымен айналады. Сондық-тан Айдьщ жерге тек бір жақ беті көрінеді.
Айдың беті, әсіресе оның көрінетін жағы жақсы белгілі. Ертеден теңіздер деп аталып келген қарауытқан учаскелер база-льт лавалары жапқан кең жазықтар болып отыр. Ашығырақ көрінетін учаскелер — материктер — анортозиттармен жамыл--ған жоталармен аңғарлар бар биік үстірттер: «Материктік» учаскелер Айдың теріс жағында басым.
Ай рельефінін аса тән формасы — кратерлер. Олардың Ірілерінің көлденеңі жүздеген метрге жетеді, ал кіші кратерлерінің көлденеңі не бары бірнеше ондаған сантиметрден аспайды. Кратерлер біліктермен қоршалған. Әдетте кратердің орталы-ғында аласа таулар бар. Орталығында таулары жоқ кратерлер цирктер деп аталады. Үлкен кратерлердін, центрінде жалдары
сақина тәрізді таулар жасайды. Айда кратерден басқа тау қырлары мен күмбездер болады. Тау жоталарының салыстырмалы биіктігі 9, км жетеді. Айдын, бетінің рельефі сыртқы (метеориттердің құлауы) және сондай-ақ ішкі (вулканизм) процестері арқылы қалыптасқан. Айда вулканизмнің болғаны анықталма-ған, бірақ газдың шығуы байқалған. Айда жарылу системасы-ның бар екені күмән келтірмейді, онда жарықтармен жылжулардың болғаны белгіленген.
Ай тәулігінде беткі температураның өзгеруі (күндіз+ 110°С-тен түнде— 180° С-ке дейін, және бір сағаттьщ ішінде темпера-тура 100°-тан астам төмен түсуі мүмкін) ай жыныстарыньщ күшті, бұзылуына әкеп соғуы тиіс. Алайда, күшті сезімтал тер-мометрлер арқылы алынған мәліметтер сериясына қарағанда грунттың 2,5 м және 1 м тереңдігінде температураның ауытқуы байқалмаған.
Ай грунтының үлгісін зерттегенде Күн системасыныд бас-қа да мүшелері сияқты химиялық элеменхтерден түратындығы, бірақ Жерғе қарағанда мүлде басқа пропорцияда екендігі анықталған. Ай жынысы көбірек ауыр салмақты, қиын балқытыла-тын химиялңқ элементтерден (титан, цирконий) және азырақ жеңіл, жеңіл балқытылатын (калий, натрий) элементтерден түрады. Жер базальтіне үқсас жыныстар басым, сонымен бірге салыстырмалы радиоактивті элементтерге бай Жерде мүлдем белгісіз жыныстар да бар, Дауыл мұхитынан әкелінген ай жы-нысының жасы 4,6 млрд. жыл екені анықталған, яғни бүл Күн системасының жасы.
Ай сілкінулерге жүргізген бақылаулар бойынша Ай мен Жер-дің і.шкі қүрылысы үқсас. Айдың қыртысы (шамамен қалыңдығы 55 км), мантия — қабығы (төменгі шекарасы 800—1000 км тереңдікте) және ядросы бар, ол балқытылған болуы мүмкін. Зерттеушілер Ай ыстық болған деп есептейді.
Айдың шығу тегін түрліше түсіндіруге тырысты: біреулері Жерден бөлінген, екіншілері Жер тартып алған дейді. Бәрінен де гөрі ол Жермен және Күн системасынын, басқа да- планетала-рымен бірге газды-тозаңды бұлттардан пайда болуы мүмкін.
Марс :— Жер тобындағы сыртқы планета, Оның Күнге дейінгі ара қашықтығы 200-ден 250 млн. км ауысып тұрады. Марс Күнді толық айналып шығуы үшін 678 жер тәулігі қажет.
Марс мөлшері жөнінен Жерден 2 есе, массасы жөнінен 9 есе кіші. Марс пен Жердің ара қашықтығы 56-дан 400 млн. км ауы-сып тұрады. Марстың көлбеуі 24°56'. Осімен айналу периоды 24 с. 37 мин. яғни Жердің осімен айналу периодына жақын.
Марс атмосферасы ыдыраңқы, оның бетінде орташа қысымы Жер үстінде 40 км биіктіктегі жіер атмосферасынын, қысымына сай келеді. Марс атмосферасында көмір қышқыл газ және азот басымырақ, онда оттегі 0,3%-тен аспайды, су буы 0,05%-тей ғана. Атмосфсранын, интенсивті циркуляциясы байқалған. Жел Марстыц бетінен қара қоңыр түстішаң кетеріп, тозаңды дауыл
кезінде планетаньщ бүкіл дискісін апталап сарғылт бүлт жауып ., түрады.
Марста да Жердегі сияқты, жылу белдеулері байқалады, жыл мезгілдерінін, ауысуы бар, бірақ маусымдарының үзақтығы әр түрлі болып келеді, солтүстік жарты шарында көктем мен жаз 371 марстық тәулікке созылады, ал күзі мен қысы 296 тәу-лік ғана. Жерге қарағанда, Қүннен қашықта тұратындықтан Марс жылуды 57% аз алады, ал планетаның ыдыраңқы атмос-ферасы жылу сәулесін көп ұстай алмайды. Сондықтан да бетін-дегі температурасы әр уақытта 0°С-тан төмен болады, тек эква-торда ғана түс кезінде +22°С-қа жетеді.. Орташа жылдық тем-пературасы Жерге қарағанда 40—45°С төмен.
Марстың ерекшелігі — ақ полярлық «беріктер» қаптаған, ол қыста өсіп, жазда тартылып отырады. Өйткені Марстың оң-түстік жарты шары солтүстікке қарағанда жылылау, оңтүстік полярлық «бөрік» күштірек тартылады, ал кейде жазда мүлдем жоғалады. Ғалымдар полярлық «бөріктер» қатқан көмір қыш-қылынан (қалыңдығы метрге жуық) және жұқа (бірнеше сан-тиметр) су мұзы қабатынан (қырау, қар болуы да) пайда.болуы мүмкін.деп болжайды. Марстың бетімен жазда еріғен бөріктің шекарасынан экватор жағына қарай тәулігіне 80 км жуық жыл-дамдықпен «күңгірттену толқыны» тарайды. Зерттеушілердін көпшілігі мұны бетінің ылғалдануымен грунттың еруімен бай-ланыстырса, ал кейбіреулер оның себебін пассаттардың тозаңдарды тасымалдауынан көреді немесе Марста қазіргі кезде өсімдік тіршілігінің тіпті қарапайым формаларының бар екен-дігі белгісіз болып отырса да бүл процесте есімдік қатынасын болжайды.
Марстын, рельефінде ашығырақ көрінетін салыстырмалы көтеріңкі кеңістіктер — «материктер» және қарауытқан депрессиялар — «теңіздер» бар. Сақиналы таулармен байланысты кратерлер, цирктер көп. Мұның өзі Марс пен Ай рельефтерінің ұқсастығын көрсетеді, Марста биіктіктер, амплитудасы 8—10 км жетеді. Марстьң беті кеуек тығыз емес және жылу сыиымдылығы аз деп болжанады, ол темір тотығы гидраттары қосын-дысы бар силикаттардан қүралған. Атақты Марсиан «каналдары» — жіңішке сызықша немесе доға тәрізді депрессиялары — «Маринер-4», «Маринер-6» және «Маринер-7» станциялары ар-қылы алынған суреттер бойынща жіщшке опырықтар типіндегі ойыстар деп қаралуда. Әр түрлі уақыттағы жарылулар глобалды және жергілікті, «теңіздердің» шеттері болып келеді де, ал үсақ күңгірт учаскелері («шығанақтар», «көлдер», «батпақтар») блоктық қүрылымын білдіреді. Марстың құрылу схемасы Ай мен Меркурийдің құрылу схемасынан принципиалдық- айырма жаеамайды. Бұл планеталармен, салыстырғанда Марс Күннің, әсерін аз алады, оның есесіне айналу режимінің әсері әлдеқайда
күшті болады.
Жер тектес планеталар жөніндегі мәліметтерден алып-планеталар туралы (Юпитер, Сатурн, Нептун, Уран) мәліметтер мүлде мардымсыз, және оншалықты айқын да емес. Алып-пла-неталар зор мөлшерімен, тығыздығы аз болғанмен массасыньң көптігімен, химиялық құрылысы басқаша қалын, атмосферасымен, Күннен жылуды соншалықты аз алатындығымен, осінен айналу жылдамдығының аздығымен, түрлі ендіктерде біркелкі емес; спутниктер санынын. көптігімен ерекшеленеді. Алып-планеталардың едәуір ішкі жылу алатын көздері болуы мүмкін, ал оны жер типтес планеталарда бар деп айта алмаймыз.
Юпатер — Күн Системасындағы ең үлкен планета. Оньщ массасы қа-лған басқа планеталардың жалпы массасьшың 71% қам-тиды. Юпитер Жерге қарағанда Қүннен бес есе алыста орна-ласқан және-күн жылуын 27 есе кем алады, оның үстіне едәуір бөлігі шағылады.
Планетаның осі оның орбита жазықтығына перпендикуляр дерлік болып келеді, ал мүның өзі жыл мезгілдері ауысуынын жақсы білінбейтіндігін көрсетеді. Осімен айналу периоды әр ендіктерде әр түрлі болады: тәулік экваторда — 9 с 5 мин 3 сек, ал орта ендіктерде — 9 с 55 мин 44 сек. Тез айналуы планета фиғурасына білінуі тиіс және атмосфера циркуляциясыңа әсер етеді.
Юпитердің беті жабылған бүлттан көрінбейді. Бүлттардыд деңгейін планетанын. сыртқы шекарасы деп санайды. Бүл деңгейде температура— 140°С, қысымы 1 атм. Планетаның атмосфе-расы негізінен сутектен (85% жуық) тұрады, онда метан және аммиак қосьшдысы бар, гелий мен су болуы да мүмкін. Бұлт қабатынын, астында газды атмосфера тығызырақ және жылырак келеді, ол бірте-бірте сұйыққа айналуы да мүмкін. Планетаныц 0,2 радиус тереңдігінде (15 мың км жуық) 3 млн. атм қысымы-мен және 10 000° жуық температурада, балқыған металлдың сутек шекарасы жатыр. Юпитердің центріне жақын ауыр заттар қабаттарының нашар араласуы жағдайында онша үлкен емес (шамамен жердің көлеміндей) темір тасты ядро түзуі мүмкін. Оның шекарасында қысым40млн. атм жуық, ал температура 20 000°-қа жете алады. Юпитерде күшті магниттік өріс бар, ол балқыған металды сутектің құйынды қозғалысы себепті пайда болады.
Юпитердің толып жатқан (13) спутниктер систёмалары бар, оның ішінде ең үлкені — Ганимед, бүл Меркурийден де ірі. Терт спутниктің Юпитерді айналу бағыты планетаның айналуына кері, соған қарағанда, ол Юпитердің тартылыс ерісі қосып ал-ған кіші планеталар (астероид) болуы тиіс.
Сатурн — Юпитерге қарағанда 2 есе, Жерге қарағанда 9 есе Күннен алыста жатыр. Сатурн көлемі жөнінен жерден 760 есе, ал массасы жөнінен не бары 95 есе үлкен. Планета жылы Жердін. 29,5 жылына тең. Осімен айналу периоды әр ендіктерде әр түр-лі: ±25—30° ендікте 10 с 14 мин, ал қалған ендіктерде 10 с 40
мин.. Күн жылуын Жерге қарағанда 98 есе кем алады. Бетінде-гі температура — 183 С. Бұлт қабатының астында планетаның беті көрінбейді. рның негізгі құрылысы мен заттардын, құрамы Юпитердікіндей болуы да, бірақ Сатурнда сутек аз (75%), ам-миак табылмаған.
Сатурнның ерекшелігі — зкватор жазықтығында жатқан 3 жартылай мөлдір сақинасы, олар Кеплердің үшінші заңына сай айналады. Сақинаньң сыртқы диаметрі 275 000 км, қалыңдығы 100 м-ден 20 км аралығында. Сақина 0, 001 мм-ден 1—10 м-ге дейін мөлшердегі қатты кесектерден құралған және оның үстін қырау, мұз жапқан делінеді. Олардың пайда болуы Сатурнның 'спутниктерінің бірінің бұзылуынан. Сатурнньң 10 спутнигі бар, олар мүздан және метаннан тұруы мүмкін. Күн системасындағы спутниктердің ең үлкені Сатурнның спутнигі Титан (диаметрі 4758 км), оңың метан және аммиактан түратын. атмосферасы бар. Сатурнда магниттік өрістің бар екендігі анықталмаған.
Уранның бұдан бұрынғы қаралған планеталардан айырмашылығы Жерден телескоп арқылы ғана көруге болады. Оньң Күнге дейінгі қашықтығы Күннен-Жерге дейінгі аралықтан 19 есе көп.
Жермен салыстырғанда планетаның диаметрі 4 есе, массасы 14,6 есе артық. Күн системасындағы барлық планеталардын, көп көлбеуі — 98°. Оның осімен айналуы Қүннің және басқа плане-талардың (шолпаннан басқа) айналу бағытына қарама-қарсы жүреді.
Уран метаннан (84%), сутектен (2%) және ауыр элементтерден (14%) түрады деп болжанады. Уранға күн жылуы Жерге қарағанда 370 есе аз барады. Планетаның бетінің температу-расы —210°С.
Уранның төңірегінде 5 спутник айналып жүреді, орбиталардың жазықтығы Уран орбиталардын, жазықтығы Уран орбитасының жазықтығына'перпендикуляр.
Нептун Жерге қарағанда 30 есе қашықтықта Күн төңірегінде айналады, 165 жер жылы ішінде толық айналып шығады.
Нептун 74% аммиактан және 26% ауыр элементтерден құ-
ралады деп шамаланады. Нептун Күн жылуын Жерге қараған-
да 1000 есе аз алады. Оның бетіндегГ температура — 292°С бол-
ған жағдайда оның атмосферасында табылған газ (метан, сутек, мүмкін азот және гелий) қатып қалуы тиіс. Нептунның екі спутнигі бар. Олардыд бірі — Тритон, ол Күн системасындағы ең ірілерінің. қатарына жатады және ол қарама-қарсы айналады. Ол қатқан газдардан тұрады және 10 млн. жылдан 1 млрд. жыл мерзім ішінде Тритон қирап бұзылуы ігиіс, сөйтіп Сатурн-
дағы еияқты сақина жасалуына негіз бар.
Плутон — Күн системасындағы бізге белгілі планеталардьщ ішіндегі ең алыста түратыны. Плутон жайында мәлімет мардымсыз және оған көз жеткізу қиын.
Кіші планеталар (астериодтар—жұлдыз тәріздестер). Астериодтардың ең үлкені — Церера, оның көлденеңі 770 км. Асте-риодтардың көпшілігі ергежейлі келеді, олардың көлденеңі жүздеген, ондаған метрден, кейде метрден аспайды. 6000-нан астам астериод бар екені белгілі, олардың 1800 орбитасы ғана анықталған.
Астериодтар негізінен Марс педа Юпитер (астериод сақинасы) орбиталары аралығындағы кеңістікте орналасқан, бірак, соншалықты созылыңқы орбиталар бойынша үлкен планеталар сияқты Күн төңірегінде айналады. Астериодтар орбиталары күн. орбитасы жазықтығына формасы мен көлбеулігі жағынан әр түрлі. Астериодтар үлкен планеталардың қозғалыс жолын кесіп өтетіндіктен, оларды планеталар қосып алуы ықтимал. Бұдан жүздеген миллиондаған жыл бүрын Марс пен Юпитер аралығында орналасқан үлкен планетаның қираған сынықтары — астериодтар деген гипотеза бар.
Түрлі белшектердің бірін-бірі тартудың нәтижесінде тозаң-ды орталықтың қоюлануы процесінен астериодтар пайда болды деп те түсіндіреді. Астериодтардың бір-бірімен соқтығысуы олардың белшектеніп, әр түрлі мөлшердегі сынықтардың пайда болуына әсер етеді.
Кометалар — астериодтарға қарағанда Күн системасының массасы аз денесі. Олардың ең үлкенінің массасы Жер массасынан миллиард есе аз.
Күн төңірегінде кометалардың қозғалыс орбиталары көпші.лігінде өте созылған эллипсоид, тіпті парабола формалы болып келеді. Олардың айналу периоды көптеғен миллион жылда же-туі мүмкіи. Орбитаның жазықтығы күн орбитасының жазықты-ғына концентрацияланбайды, қозғалыс түзу, әрі керісінше болуы мүмкіи.
Қометаның қатты ядродан және сиретілген тазбен қоршал-ған — комадан тұратын басы, ал тозан, мен газдан түзілген қүйрығы (кометада бірнеше қүйрық болуы мүмкін) айқын бай-қалады. Кометалар ядросы қатты белшектер қосылған түрлі. заттардың (су, метан, аммиак, кемір қышқыл газы және басқа-лар) мұз сеңінен түрады. Осындай мүз сеңдер.і, Күннің тартылыс күш сферасына тап болып, әр түрлі эллиптикалық орбита-лар бойынша дүние кеңістігінде қозғалыста болады және оның. не басы, не қүйрығы жоқ «потенциальды» комета атанады. Үлкен планеталардьщ тартылыс күшінің нәтижесінде орбитасын. өзгертіп, Күнге жақындағанда ғана олар нағыз комета болады. Қүн жылуының және корпускул тасқындарының бомбалауының әсерінен «комета мұздары» тез ыдырап және буланып ядроның.. қатты белшектері тозаңға айналады. Ядро қабыққа оранады. Ядродан бөл-ініп шыққан газ бен тозақнан қүйрық пайда бола-ды, ол барлық уақытта миллиардтаған километрге созылып Күнге қарсы жаққа бағытталады. Күнге жақын әрбір ұшқан сайын кометаның ядросы газ бен тозаңнан айрыла береді. Ірі метеоритпен кездесу кометаның бұзылуы процесін тездете түсе-ді. Ыдыраған кометалар кометаның орбйтасы мен қозғалысын. жалғастыратын метеорит ағындарын түзеді.
Планета аралық кеңістікте метеор заты — массалары грам-дап елшенетін түрлі мөлшердегі материалдық түзілістер: тозан,-дар, сынықтар шексіз көп. Метеор денелері Жер атмосферасына түскен кезде қызып, жанып кетеді. Қысқа мерзімде оталуы, кей-де жіңішке жарқыл із қалуы байқалады. Бұл метеорлар. Олар-дың.ен, ірілері және жарығырағы — болидалар, олар отта шар-түрінде аспанмен үшып жүреді, тіпті күндіз де көрінеді. Кейде ірі метеор денесі жер бетіне жетеді, ол кезде оны метеорит деп атайды. Метеориттердің химиялық құрамы. және тығыздығы әр-түрлі болады. Метеориттер темірлі, тасты (кремний мен оттегі басым) және темірлі тасты болып белінеді. Жерге белгісіз метеориттердің химиялық элементтері табылмаған. Жерге құлаған метеориттердің салмағы әдетте бірнеше килограмнан артпайды, бір.ақ әжептәуір ірі метеориттердің түскеніанық. Жерде-табылған метеориттердін, ең ірісініқ салмағы 60 т болды. Тун-гус метеоритініқ салмағы шамамен 2000 т. Метеориттін, қүлаған ізітүрлі мөлшердегі метеор кратерлері. Жердегі ең ірі Аризона метеор кратерінің диаметрі 1200 м және тереңдігі 200 м. Оның жасы шамамен 5000 жыл. Атмосфера қүлаған метеориттердің, космостық жылдамдығын «өшіреді», атмосферасыз планеталар атмосферасы бар планеталарға қарағанда едәуір күшті бомбалануға үшырайды.
Күн системасы үсақ қатты бөлшектерден құралған тозаң бұлттармен қоршалған. Тозаңньң тығыздығы жалпы Күннен қашықтығына кері пропорциональ өзгереді. Тозаң планета қозғалысыньщ жазықтығына жуық жазықтықта жинақталады. То-заңньщ Марс пен Юпитер орбиталар аралығында, яғнй астер-иодтар топтасқан жерде көбірек қоюлануы байқалады. Мүнын, өзі астероидтардың ыдырауы есебінен болады деген ойға келті-реді. Сондай-ақ ол Күн системасында кометаның үздіксіз ыдырау процесі нәтижесінде де болады. Басқа да себептерден тб-заңның түзілуі мүмкін. Тозаң планета аралық кеңістікте Күннің тартылыс күшін оның сәулелерінің тебу күшін сезінеді.
Планета аралық кеңістік Күннен келетін жылу жылдамдығьшен және корпускулдармен қозғалушы зарядталған бөлшектерге толы. Олар планета аралық газ құрайды.
Күн системасында Жер планетасының алатын орны.
Күн системасындағы, тіршілік. Көмір сутегі қосындысына негізделген тіршілікті түрлерін дамыту үшін планеталардың күн жылуын қолайлы мөлшерде алатын Қүн системасының кеңістігін кейде Күннін, экосферасы деп те атайды. Планеталарда экосферадағы температура +80°С-тан жоғары және — 70° С-тан төмен болмауы керек. Экосфера Күннен шамамен 92-ден 275 млн. км щамасында созылады. Планеталар осы шек сыртында бізге белгілі-өмір тіршілігі пайда болып дамуы үшін күн жылуын не көп, не мүлде аз алады. Экосфера шекарасы тұрақ-ты болмайды, Күн активтілігіне байланысты біресе кеңейіп, біресе тартылып отырады.
Күннің экосферасының қазіргі шегіне Күн системасының үлкен 9 планетасыньщ 3-уі — Шолпан, Жер және Марс кіреді. Шолпан зкосфераның ішкі шекарасына жақын орналасқан, ал Марсоның сыртқы шекарасынан қашық емес. Ең қолайлы жағдайда Жер орналасқан, сол себепті де мұнда тіршіліктің жоғары түрі дамыған.
Экосферада планетаның орнынан басқа онда тіршілік дамуы үшін оның мөлшері, ірі массасы, атмосфераның қүрамы, ішкі жылудың маңызы бар.
Жердегі сияқты ұқсас жағдай басқа да жұлдыздар системасы планеталарында болуы ықтимал, олай болеа онда да тіршіліктің жоғары түрі дамуы мүмкін. Тіршіліктің бізге белгісіз түрі болуы және ол жер жағдайынан мүлдем басқаша болуы да ғажап емес. Экосфера сыртында орналасқан үлкен планеталарда күн жылуының жеткіліксіздігі ішкі жылумен де компенсациалануы мүмкін. Егер сусыз өмір сүруге болған жағдайда, теменгі температурада қатып қалатындай оньщ қүрамын ауыс-тыруға келетін болса, өмірді дамыту үшін темен температура кедергі жасамауы да мүмкін.
Метеориттерде байқалатын органикалық қосылыстар (жғгары молекулалы көмір сутегі, жердің озокерит көмір сутегі сияқты оттегі бар органикалық қосылыстар) күн, системасының сияқты иланеталарында тіршіліктідң болуына үміттендіреді, бірақ Күн системасының көлемінде жоғары дамыған тіршілік Жерде ғана екендігі күмәнсыз.
Кант (1755 ж.) Күн системасы салқын тозан, түмандығы эвөлюциялық дамыған кезде пайда. болды, ал оның центрінде Күн, шет бөліктерінде — планеталар пайда болды деп санаған. Француз математигі Лапластың (1796) болжауынша ең алғашында тұмандық газды болған, өте ыстық және тез айналып түрған, сонымен бірге одан. сақиналар — болашақ планеталар (олар Күннен бұрын пайда болған) бөлініп шыққан. Қант пен Лапластың гипотезасы қазірде ғылыми маңызын жойған жоқ.
Планета системасынын, шығуы туралы түсінікті дамытуда О. Ю. Шмидтің және оның ізбасарларының еңбектері зор үлес қосты. Суық газды-тозаңды бүлттан планета системасының қалыптасу процесі жалпы алғанда жеткілікті негізделген.
Айналмалы газды-тозаңды бүлттың бірінші кезегінде тозаңды бөлшектер мен планеталардьің аралығында, салыстырмалы ірі денелер пайда бола бастады. Жеңіл газды молекулаларға қарағанда жылдамдығы өте баяу тозаңдар айналып түрған бүлттың орталық жазықтығына топтаса түседі. Бірте-бірте то-заңдар аралықтары азайып, өзара тартылыстары артады, бүлт-тьщ қозғалысы бағытында Қүн төңірегінде айналып жүрген тозаң белшектері қоюлана түседі. Уақыт озған сайын қоюланған тозаңдар салыстырмалы ірі денеге айналды — кіші планета— астериодтар пайда болды. Ең ірі денелер үсақ денелерді өзіне тартьш отырып, бірте-бірте мөлшері үлғайьщ үлкен планета-ларға айналады. Мүнымен бірге ауіырлық күшінің әсерімен пла-нета заттарыньң гравитациялық қайта бөлінуі жүзеге асты.
Басында оның мөлшерінің салы,стырмалы тез артуы бұлттан тартқан заттардың қосылуы есебінен болды. Қейін де планета-лардың «өсуі» жалғасты, бірақ ол баяу жәие оның бетіне : тікелей түскен заттар есебінен болып отырды.
Сандық есептері Жер қазіргі массасына 200 млн. жыл ша-масында жеткенін көрсетеді. Осы периодтың аяғында планета температурасы шамамен +1300°С болған, бірақ беті суық еді. Қейін радиоактивті ыдыраудан бөлінген жылуы есебінен қызып планета қойнауындағы заттар балқып, химиялық дифференциа-цияланды.
ейін радиоакти-беті суық еді..Протопланеталық бұлт тозаңының көптігінен күн -сәулеленуі үшін мелдірдігі аз брлып келеді. Сондықтан Күнге таяу орналасқан бүлттың бөлігі күшті қызады да, ал Күннен алыста жатқан белігінің температурасы ете төмен болады.
Күнге таяу газдардың б.іртіндеп таралып кететіндігінен тек тез үшып кетпейтін, тез ерімейтін бөлшектері ғана сақталған. - Мұнда Жер типтес планеталар орналасқан. Күннен алыста төмен температура жағдайында газ суық тозан. бөлшектер болып мүздап, олардың көлемін үлғайта түседі. Бұлттың бүл бөлігінде алып-планеталар қалыптасқан.
Плутонның мөлшерінін, кіші болуын оның планета системасында «шетте» орналасқандығымен түсіндіруге болады, Бұл планетамен жақынырақ танысқан кезде байқалатын көршілес жатқан планеталардан ерекше айырмашылығын түсіндіру әзірге мүмкін емес.
Протопланеталық бүлттың өзінің, пайда болуы туралы өте маңызды сүрақ шешілмей отыр. 0. Ю. Шмидтін, газ-тозадды бұлтты Күннің жұтып алатындығы жөніндегі болжамы дәлелденбеді. Бүкіл Күн системасының бір мезгілде пайда болуы дұрысырақ сияқты. Мүмкін ол қопарылыспен байланысты болуы да Жер —Күн системасындағы онымен.бір мезгілде пайда бол-ған және осы системаның зандылықтарына бағынышты планеталардың бірі бірақ сонымен бірге оның өзіндік ерекшеліктері де бар және Күн системасының мекендейтін бірден-бір планетасы.
Жерде болып жатқан құбылыстар мен процестердің бүкіл күрделілігін дүрыс түсіну үшін, оньщ болашағын болжау үшін адамзат Жер туралы мүмкіндігінше көп білуі кажет. Жерді Әлемнің бөлігі ретінде қарастырмайынша оны біліп болу мүмкін емес.
Өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар:
1. Әлем дүниесі
Күн системасы. Планеталар.
Күн системасында Жер планетасының алатын орны.
Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3,4,5
№2 дәріс Жердің жалпы морфологиясы.
Мақсаты: Жердің фигурасы мен өлшемдері, Жердің ішкі құрылысымен танысу және Жердің қозғалысы мен оның салдары білу.
Жоспар:
1. Жердің фигурасы мен өлшемдері.
Жер құрылысы.
Жердің қозғалысы және оның салдары.
Мақсаты: Күн системасымен танысып және Күн системасында Жер
планетасының алатын орны анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |