Қосмекенділердің экологиясы . Қосмекенділер бөлінетін негізгі экологиялық топтар мыналар : суда , құрлықта , ағаш басында , топырақ арасында ін қазып тіршілік етушілер .
Құйрықты қосмекенділердің көпшілігі суда тіршілік ететіндер қатарына жатады . Олардың кейбіреулері , мысалы , протей , алып саламандра , сиреналар өмір бойы суда түршілік етеді . Құйрықты қосмекенділердің бәрі құйрығы мен денесін қозғалту арқылы жүзеді , ал қос аяқтары бұл кезде денесіне тығыз жаьысып жатады . Осыған байланысты олардың аяқтарында , жүзу жарғағы болмайды . Олар құрлықта денесін ирендетіп және бауырын жерге сүйретіп қозғалады , сонымен қатар екі бүйір бағытта өскен артқы аяқтары денесін алға қарай итереді болып келетін , құрлықта тіршілік ететін кейбір саламандралар ғана денесін көтеріп (бұл жөнінде кесіртке тәрізді) , бірқатар жылдам жүгіреді .