26 Тақырып: Жердің ауалы немесе газды қабығы.
Дәрістін жоспары: Атмосфераның құрамы және құрылысы.
Ауаның температурасы. Атмосферадағы ылғал. Бұлттардың пайда болуы, жауын- шашындар.
Жел, оның түрлері.
Ауа райы және оны болжау.
Климат туралы түсінік.
Дәрістің қысқаша мәтіні.
2. Атмосфера.Құрамы және құрылысы. Геосфераның ең жоғарғы қабаты атмосфера болып табылады – ол Жердің ауалы немесе газды қабығы.
Атмосфераны температуралық көрсеткіштерге орай бес сфераға бөледі. Ең төменгі қабат тропосфера деп аталады. Онда барлық ауа массасының 80% -ке жуығы шоғырланған, сондықтан ол ең тығыз қабат.
Барлық су буы тропосферада жинақталады да, ауа райының құбылыстары дамиды. Тропосфераның 30-50 м қалындықтығы жерге таяу қабаты тікелей жер бетінің ықпалында болады. Жерге таяу қабатта жергілікті климаттың негізігі ерекшеліктері байқалады.
Тропосферадан кейінгі тікбағыттағы қабат стратосфера деп аталады. Оның төменгі жағы тропопаузамен (өтпелі қабат) шектеледі, ал үстіңгі денгейі 50-60 км болады.
Стратосфера қабатының үстінде, шамамен 50-80 км биіктікте, мезосфера жатады. Бұл қабаттағы температура нольден бірнеше ондаған градусқа төмендейді.
Мезосферадан жоғары жүздеген километрге дейінгі биіктікте ионосфера қабаттары созылып жатады. Бұл қабаттардағы ауа өте сирек болады.
Ионосферада поляр шұғыласы және түн аспанын сол тәрізді жарқырататын сәулелер байқалады: ионосферада магнит өрісінің кенеттен ауытқуы нәтижесінде магниттік дауылдар болып өтеді. Ионосфераның 800 км биіктегі температурасы жүздеген градустарға жетеді. Сондықтан ионосфераны термосфера деп те атайды.
800-1000 км-ден жоғарыда болатын атмосфера қабаттары экзосфера деп аталады.
Күн радиациясы. Жер бетінің белгілі бір ауданына келіп түсетін күн радиациясына сандық көрсеткіш – энергиялық жарықтануы немесе радиация ағының тығыздығы, яғни белгілі бір ауданға белгілі бір уақыт аралығында келіп түсетін сәулелі энергия шамасы. Бұл шама Вт\ м2-мен немесе кВт\м2 есептеледі. 1 м2 жерге секундына 1Дж (немесе 1кДж) сәулелі энергия келіп жетеді.
Күн мен Жердің орташа арақашықтығына сәйкес келетін, күннін сәулесіне перпендикуляр, атмосфераның жоғарғы шекарасының белгілі ауданына түсетін күн радифциясының энергиялық жарықтануын күннің тұрақты шамасы деп атайды да S0 әріппен белгілейді.
Жер бетіне келіп түсетін тура күн радиациясының 30% қайтадан космос кеңістігіне қайтарылса, 70% атмосфера қабатына түседі. Күн радиациясының біршама бөлігі атмосфера қабатынан өткенде әртүрлі газдар мен аэрозольдармен шашырайды – бұл шашыранды радиациядеп аталады.