Бауыр сорғыш құрттар негізінен мүйізді ірі қара мен ұсақ малдардың және адамның бауырында паразиттік етеді. Бауыр сорғыштың көлемі 4—5 мм. Бауыр сорғыштың бауырдағы жұмыртқасы ішекке түседі де, одан тыңайтқыш заттармен (фекалия) бірге сыртқа шығарылады. Оның бұдан кейінгі дамуы міндетті түрде суда өтуі қажет.Сондықтан да су қоймасына түскен жұмыртқалар дами береді.Жұмыртқадан шыққан личинка аралық иесінің (кіші тоған ұлу моллюскасы) денесінен тесіп кіреді, Бауыр сорғыш кіші тоған ұлуы денсеінен қайтадан суға түседі де, су өсімдіктеріне жабысып алады, ал өзен тасыған кезде ол жайылым өсімдіктеріне жабысады. Бұдан кейін желінген шөппен бірге жануарлардың немесе ас арқылы адамның ішіне өтеді. Бауыр сорғыштың даму циклі негізгі иесінід ішегінде аяқталады.
Кейбір адамдардыц ішегінде шошқа солитері, сиыр солитері, үлкен жалпақ құрт паразиттік етеді.
Бұл құрттардың даму жолдары өте күрделі. Оның жұмыртқалары адам денесінен шығысымен белгілі бір жануардың организміне тап болады. Жұмыртқаларды шөппен қоса ірі қараның жеп қоюы немесе қоқысты қопарып жүргеп шошқаның жұтып қоюы мүмкін.Тасқындап аққан жаңбыр суы да жұмырткаларды шайып, басқа бір су қоймаларына апаруы мүмкін, сөйтіп, ондағы балықтар ішегіне де еніп кетеді.Жұмыртқа жануарлардың әрқайсысының денесінде көпіршіктенген личинкаға айналады, содан ол олардың денесінде ұзақ уақыт тіршілік етуі мүмкін. Егер адам оның етін жеткілікті қуырмай немесе толық пісірмей жесе, онда көпіршіктенген ұрық ішекте дами бастайды. Құрттың жіп тәрізді жіңішке алдыңғы жағы ішек қабырғасына жабысады, ал соңғы бунақтары үзіліп, сыртқа шыққанда өзімен бірге мыңдаған жұмыртқаларды ала шығады.
Эхинококкөте қауіпті. Оның таспа кезеңіндегі ұзындығы небары 1 —1,5 см және иттің ішегінде тіршілік етеді. Бөліну арқылы көбейіп, ондаған ұрық бастары болатын көпіршік кезеңінде оның мөлшері грек жаңғағындай, тіпті жас баланың басындай болып өседі.
Эхинококктың жұмыртқасы адамға иттен жұғуы мүмкін. Егер итті
бөлмеде ұстаса, әсіресе балалар, ақылға сыйымсыз болып көрінгенімен, осындай оқиғаға тап болады. Бала итті сипағанда оның жүніндегі жұмыртқалар баланың қолына жұғады да, қолды жумай тамақ жегенде ауызға түседі. Көпіршікті глистерді іштен қуып шыққан тәрізді іштен шығаруға болмайтындықтан, оны жұқтырып алу қауіпті болады. Оның үстіне өсіп бара жатқан көпіршік тканьді бүлдіреді.
Жалпақ паразит құрттар организмнің қорытылған даяр қоректі қабылдауга ерекше бейімделгендігін көреміз, оларда ас қорыту системасы болмайды. Қоректі олар бүкіл денесімен сорып алады да, денесі жалпақ болғандықтаи асты барлық клеткаларымен қабылдай алады.