Ноосфера –биосфераның ең жоғарғы сатысы «Ноосфера» терминін алғаш рет қолданғандар философ, математик, палеонтолог және антрополог Эуард Леруа және палеонтолог Пьер Тайэр Шарден (1927) болды. Ноосфера ұғымымен француз ғалымдары адамның санасы пайда болған кездегі табиғаттың эволюциялық сатысын атады. П.Тайэр Шарден өзінің 1959 жылы жарық көрген «Адам феномені» деген еңбегінде ноосфераны «жаңа қабат», «ойлайтын қабат» деп анықтады.
Вернадский бойынша ноосфера «адам санасының рөлі және ол бағыттайтын адам еңбегі күшті, өсіп келе жатқан геологиялық күшке» айналатын биосфераның даму сатысы болып табылады.
Адам санасы мен ғылыми ойдьң рөлін бағалай келе ВМ. Вернадский мынадай қорытындылар жасады:
1) ғылыми шығармашылықтың дамуы адамі өзі тұратын биосфераны өзгертетін күш болып табылады;
2) биосфераның өзгерістері ғылыми ойдың өсуімен қатар жүретін құбылыстар;
3) биосфераның бұл өзгерістері адам еркінен тыс; стихиялы түрде, табиги процөсс ретінде жүреді;
4)тіршілік ортасы — биосфера планетасының ұйымдасқан қабықшасы болғандықтан, оның геологиялық тарихына да оны өзгертудің жаңа факторы — адамзаттың ғылыми жұмысының биосфераның жаңа фазага, жаңа күйге — сфераға өтуі табиғи процесс.
В.И. Вернадскийдің «Ноосфера туралы бірер сөз» деген мақаласы 1944 жылы жарық көрген ең соңғы еңбегі болды.