Пармелия — қарағай қабығында сұрғылт көгілдір реңді ірі жұқа нан тәрізді, ол тіршілігін жойған шырша бұтақтарында ұсақ болып келетін қыналар.
Пельтигера
Пармелия — қарағай қабығында сұрғылт көгілдір реңді ірі жұқа нан тәрізді, ол тіршілігін жойған шырша бұтақтарында ұсақ болып келетін қыналар.
Пельтигера— сұрғылт жасыл түсті, астыңғы жағында қара жолақтары бар, орманның дымқыл топырағында өсетін қыналар.
Исланд мүгі— сұрғылт сары реңді, өте иіліп келген жіңішке жолақтары бар жапырақ тәрізді бұталы қына.
Бұғы мүгінемесе ягель тундраны жаппай жауып жатыр. Ягель солтүстік орта ендіктердегі құрғақ қарағайлы ормандарда өседі. Оның сабақтары жіңішке де, ете бұтақтанып өскендіктен тым әдемі түп құрады. Кепкен қыналар өте морт болғандықтан, аяқ астында сықырлап жатады.
Қызыл шоқпарбас— биіктігі 2—3 см, ұшы жазылыңқы болып келген өте кішкене сұрғылт жасыл түтікшелер. Түтікшелердің ашық қызыл жиекпен көмкерілгендігін жиі байкауға болады. Бүлінген ескі ағаш түбірлеріиде өседі.
Сақалды қына— сұрғылт ақ түсті тармақты ұзын жіпшелері бар қына. Ол көбінесе тіршілігін жойған шырша бұтақтарында жиі өседі.
Табиғаттағы қыналардың адам үшін де маңызы зор. Тіршілік жағдайларын онша талғамайтын болғандықтан басқа өсімдіктер үшін қажетті топырақ даярлауда (мысалы, жартасты жерлерде) қыналар жиі қатысады. Бұғылар, үй малдары және кейбір кемірушілерді азықпен қамтамасыз ететін бұл өсімдіктер тундра мен орман зонасының солтүстігінде көп тараған.
Исланд мүгі— кейде адамды қырғұлақ (цинга) ауруынан сақтап қалатын Қиыр Шығыста өсетін витамінді өсімдіктердің бірі.