2. Тапсырма. Прокариотты жасушалардың құрылысынын меңгеру
Сүрет. Прокариотты жасушалар құрылысының сызбасы:
1 — жасуша қабырғасы; 2 — сыртқы цитоплазматикалық жарғақ; 3 — фотосинтез жүретін жарғақшалар бумасы; 4— хромосома (ДНҚ шеңберлі молекуласы); 5— мезосома (тығыз бумалы сыртқы цитоплазматикалық жарғақтардың ішке жұмырылуы); 6— вакуолдер; 7 — жіпшелер; 8— рибосомалар
Кестені толтыру. Прокариотты және эукариотты жасушалардың айырмашылығы
Құрылысындағы ерешеліктері
|
Прокариоттар
|
Эукариоттар
|
3тапсырма. Жасушасыз құрылымдардың құрылысың зерттеу.
Жасуша аралық Симпласт Синцитий
заттар
Бақылау сұрақтары:
1.Жасушаға, қосындыларға, симпластқа, жасуша аралық заттарға анықтама берініз.
2.Эукариотты торшалардың құрылысы қандай?
3.Жасушалардың кандай түрлері болады және олардың әр түрлері неге байланысты?
Әдебиеттер: 1-10 (негізгі),11-22(қосымша)
4 тақырып: Жасушаның химиялық құрамбөліктері (2 сағат)
1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.
2.Жасушаның химиялық құрамың зерттеу.
1 тапсырма.Жасушаның химиялық құрамбөліктерін зерттеу
Жасушадағы кейбір макро және микроэлементтер (құрғақ массаның % )
Оттегi 65-75 Бор 0,0001
Көмiртегi 15-18 Мырыш 0,0003
Сутегi 8-10 Мыс 0,0002
Азот 1,5-3,0 Иод 0,0001
Калий 0,15-0,2 Фтор 0,0001
Күкiрт 0,15-0,2 Кобальт 0,000001
Магний 0,04-0,03 Селен 0,000001
Кальций 0,04-2,00
2 тапсырма. Аминқышкылдармен, аққуыздардың түрлерің зерттеу.
Ақуыздар- пептидтік байланыспен байланысқан аминқышқылдарының қалдықтарынан тұратын макромолекулалық биополимерлер.
Ақуыздардың жіктелуі
1.Күрделілік дәрежесіне қарай қарапайым және күрделі:қарапайым протеиндер тек қана аминқышқылдары қалдықтарынан тұрады,күрделі протеидтер құрамына белокты заттардан басқа қосылыстардың қалдықтары кіреді.
2.Молекула пішініне қарай:шар және жіп тәрізді.
3.Еріткіштерде еру қабілетіне байланысты:әлсіз тұз ерітінділерінде еритіндер-альбуминдер,спиртте еритіндер-проламиндер,сұйылтылған қышқыл және сілті ерітінділерінде еритіндер-глутеминдер.
4.Атқаратын қызметіне қарай:қорға жиналатын ақуыздар және тірек қызметін атқаратын ақуыздар
Күрделі белоктар
|
Ерекшеліктері
|
Нуклеопротеидтер
|
Бұлар белоктан және нуклейн қышқылдарынан тұрады. Нуклеопротейндердің құрамына дизоксинуклейн немесе рибонуклейн қышқылдарының кіруіне байланысты екіге бөлінеді дизоксирибонуклеопротеидер және рибонуклеопротеиндер. Нуклеопротеиндердің құрамында көп мөлшерде фосфор қышқылының қалдығы болуына байланысты, олар әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді. Суда және сілтілік ертіндісінде жақсы ериді.
|
Хромопротеидтер
|
Белоктардың простетикалық бөлігі түрлі-түсті бояғыш заттардан тұрса, олар хромопротеиндер тобына жатады. Бояғыш заттар қатарына порфирин, флавин, аденин динуклеотид (ФАД)жатады. Хромопротейн өкілі ретіінде , қан гемоглобинін, хлорофил т.б атауға болады. Қан гемоглобині-құрамында Fe ионы бар, О2 және СО2 тасымалдаушы белок.
|
Липопротейндер
|
Майларға ұқсас заттар. Липидтер құрайтын күрделі белоктар. Құрамында бейтарап және полюсті липидтер. Холестирин және оның эфирлері болады.
|
Гликопротеидтер
|
Простетикалық бөлігін көмірсулар құрайтын күрделі белоктар. Көмірсулардың комплекстеріне; маноза, фруктоза, галактоза, генсозаминдер т.б жатады. Глюккопротендердің биологиялық қызмееті өте зор, қорғаныштық, тіректік, дәнекерсіз қызмет, имундық қызмет. Қанның ұюына кедергі жасайды, тасымалдау, қоржинауға қатысады.
|
Металлопротеидтер
|
Белоктар мен металл иондарының тікелей қосылуынан түзілген комплекстер. Құрамында Cu, Fe, Zn, Mo, Mn, Ni, Se, Ca металл иондары кездеседі.
|
Фосфопротеидтер
|
Басты ерекшелігі олардың простетикалық топша бөлігіндегі ортофосфор қышқылының қалдығы белоктармен эфирлік байланыс түзеді. Белоктың бұл класына сүттің казейногенін жатқызамыз. Мұнда фосфор қышқылының мөлшері 1 процентке тең, Жұмыртқа сары уызында болады. Фосфопротеидтер өте үлкен мөлшері орталық жүйке жүйесінде кездеседі. Фосфопротеидтер энергетикалықжәне пластикалық материалдардың бағалы көзі болып табылады, организмнің дамуына әсер етеді.
|
Жай белоктар
|
Ерекшеліктері
|
Альбуминдер
|
Суда ериді, молекулалық салмақтары 15-70 мыңға жетеді, құрамында глициннің мөлшері-1%. Тұз ертіндісін 100% дейін қанықтырғанда ғана альбуминдер тұнбаға түседі.
|
Глобулиндер
|
Ьейтарап тұздардың сұйытылған ертіндісіне еріммтал болады, таза суда ерімейді, глициннің мөлшері 3,5%. (NH4)2 SO4 амоний сульфатының 50% қаныққан ертіндісінің әсерінен глобулиндер тұнбаға түседі.
|
Гистондар
|
Салыстырмалы молекулалық массалары 1200. 30 мың сұйытылған қышқылдарда (2MHCL) ериді, амияк және спиртте тұнбаға түсетін белоктар.
|
Протаминдер
|
Салыстырмалы молекулалық массалары 1200 мың болатын негіздік қасиеті басым белоктар сұйытылған қышқылдарда ериді, қайнату барысында тұнбаға түспейді.
|
Бақылау сұрақтары :
1.Жасушаның химиялық құрамбөліктеріне не кіреді?
2.Жасушада судың қандай түрлері кездеседі?
3.Аминқышқылдың ,ақуыздардың қандай түрлерін білесіз?
4.Майлардың түрлерің сипаттаныз.
Әдебиеттер: 1-10(негізгі) 11,12,15,19,20,22 (қосымша)
5 тақырып: Жасушаның ферменттері және метаболизмі (2 сағат)
1. Бақылау сұрақтары бойынша тақырыптарды теориялық талқылау.
2.Ферменттердің құрылысын және қасиеттерін зерттеу.
1 тапсырма. Кестеден ферменттердің құрылысын және қызметтерін зерттеу керек.
сүрет. Ферменттің белсенді орталығының сызбалық бейнесі:
Ферменттің екі белсенді орталығы болады: қандай молекулаға (1) әсер етуіне, оның пішінсізденуіне (2-4), нәтижесінде ол екі құрамбөлікке ажырайды (мұнда қант пен спиртке (3)
сүрет. Жасуша заттек алмасуының құрылым-қисынды сызбасы
Достарыңызбен бөлісу: |