Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»


Цифрлық технологияны студенттердің өзіндік жұмыстарында пайдалану



бет21/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Цифрлық технологияны студенттердің өзіндік жұмыстарында пайдалану
1.Цифрлы технология және өзіндік жұмыстар ұғымдарына сипаттама
2. Оқу-әдістемелік қызметі бойынша цифрлы білім беру ресрстары түрлері.

Дәрістің қысқаша мазмұны:


Цифрлық қоғам – адамдардың өмір жағдайына, олардың біліміне және жұмысына, сонымен қатар мемлекет, бизнес және қоғам арақатынасына ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы шешуші әсер ететін, қоғам өмірінің барлық салаларында білім мен ақпараттық доминантты рөлімен ерекшеленетін өркениет дамуының заманауи кезеңі. Цифрлы технология өзін-өзі ақтайтын және экономиканы қарқынды дамытудың сенімді құралы болып табылмақ.
2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік үдеріс субъектілерінің интербелсенді қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған.
Интернет қолданушыларды өзінің бай бояуларымен, мультимедиалық мүмкіндіктерімен, т.б. туралы толық мәліметтер ала алатынымен қызықтырады. Интернет жүйесінде білім алушыға арналған бағыттар: жалпы даму, іздеу, сөйлесу, ақпаратты өз бетімен беру, қажетті компьютерлік бағдарламаны іздеу, ары қарай білімді таңдау. Бұл кезеңде сыни ойлау дамиды, олардың ақпараттық сауаттылығы арта бастайды, өзіне қажеттілерін бөліп алып, білімін қызықты танымдық мазмұнмен толықтыруға тырысады.
Жүйеде білім алушылар еңбегінің тиімділігін жоғарылату үшін өз алдына әртүрлі пәндерден нақты материалды іздеуге мақсат қою керек. Сөйтіп, олар болашақта интернетте өздігінен жұмыс істей алады. Интернет жүйесі осындай барлық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Олар қашықтықтан оқытудың кез келген білім беру ұйымдарының оқыту үдерісінде табысты қолданылады.
Электрондық пошта – оқытушылар мен алыстағы білім алушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Электрондық пошта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үдерісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушының білім алушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде оқытушы мен білім алушы арасындағы "диалог" шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады.
Телеконференция – бір-бірінен алыс қашықтықтағы оқытушы мен білім алушылардың оқу үдерісін жүзеге асыруға, олардың топтық жұмысын ұйымдастыруға, іс-қимыл, ойының әдіс-тәсілдерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Интернеттің электрондық конференциялары, яғни бұл қызметі электрондық поштаның өзіндік дамуы болып табылады. Электрондық конференциялар немесе оларды, көбінесе, компьютерлік немесе телеконференциялар дейді, кем дегенде пайдаланушының компьютерден мәтіндерін, "конференцияларды" бір-бірінен әртүрлі қашықтықтағы қолданушының беруі мен алуына мүмкіндік береді.
Компьютерлік жүйелерді қолдану арқылы өткізілген бейнеконференциялардың да білім алушы тұлғасының дамуына қосар үлесі мол. Бейнеконференциялардың мұндай типі 5-10 адамнан тұратын топтарда семинарлар, жеке консультациялар өткізу, өтіліп жатқан курстың жекелеген күрделі сұрақтарын талқылау үшін қолданылады. Дыбыс беру мен бейне көріністерден басқа компьютерлік бейнеконференциялар компьютер экранын бірігіп басқару белгілі бір қашықтықтағы суреттер мен сызулар, фотосурет және қолжазбалық материалдардың берілуін іске асырады.
Бейнесюжеттер мен бейнефильмдер – кез келген пәннен қашықтықтан білім беру үшін өте тиімді құрал. Бүгінде бейнематериалдарды Discord, Zoom, Google meet, Miro, Kahoot, Quizizz, Quizlet, Socrative cерверлерінде ұсынады.
Электрондық оқулықтар қай жастағы болмасын білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқу құралы – бір пән бойынша өзіндік білім алуға арналған ақпараттық, графикалық, әдістемелік және бағдарламалық жабдықтардың кешенін құрайтын электрондық оқу материалдарының жиынтығы деп түсінеміз. Электрондық оқу материалдарының мазмұндық құрылымы дәстүрлі оқулықтағы оқу материалдарының құрылымымен сәйкес келеді, тек қысқа, нақты, әрі анық тұжырымдалады.
Өзіндік жұмыс оқу іс-әрекетінің ең жоғары формасы бола отырып, оның субъекті ретіндегі үйренушінің даралық-психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерімен шартталады.Осындай психологиялық детерминанттарға, ең алдымен өзін-өзі реттеу жатады.
Өзін-өзі реттеу түсінігін психологиялық тұрғыдан И.П.Павлов, Н.А. Бернштейн, П.К.Анохин негіздеген, яғни, олардың түсінігі бойынша, адам - кемеліне жеткен, өзін-өзі оқытушы, өзін-өзі жетілдіруші, өзін-өзі реттеуші жүйе. Өзін-өзі реттеудің психологиялық теориясының (О.А.Конопкин, O.K.Осницкий) жалпы аясында өзіндік жұмысты ұйымдастырумен сәйкестендірілетін пәндік өзін-өзі реттеудің кезеңдері анықталған болатын.
Өзіндік жұмыстың оқу іс-әрекеті ретіндегі психологиялық сипаттамасын назарға ала отырып, іс-әрекет субъекті тұрғысынан осы құбылыстың неғұрлым толық суреттемесін беруге болады. Осы көзқарас бойынша, өзіндік жұмыс – субъект тарапынан, орындалған әрекеттер жиынтығында мақсатталған, іштей мотивтендірілген, құрылымданған және іс-әрекет процесі мен нәтижесі бойынша түзетілетін жұмыс ретінде анықталуы мүмкін. Оны орындау өзіндік сана-сезімнің, рефлексиялықтың, өзіндік тәртіптіліктің, тұлғалық жауапкершіліктің жеткілікті жоғары деңгейін талап етеді, студентке өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі тану процесі сезімін ұялатады.
Өзіндік дегеніміз - жеке адамның бір қасиеті. Ол мынадай екі фактормен сипатталады: біріншіден, жеке адамдағы бар білім, білік және дағды жиынтығымен, екіншіден, жеке адамның іс-әрекет процесіне, оның жүзеге асу шарты және нәтижелеріне тигізетін әсерімен, сонымен қатар іс-әрекет процесінде болатын басқа адамдармен байланысымен сипатталады. Бұл екі фактор бірімен-бірі өзара байланысты.
В.П.Беспалько өзіндік жұмыс ұғымын адамның белгілі бір жұмысты өздігінен, ешкімнің көмегінсіз орындауы деп біледі. Жоғары оқу орнында оқытудың формалары және әдістерімен тығыз байланысты. Ол элементтер тұрақты болмайды, ұйымдастыру формалары мен әдістерінің күрделенуіне байланысты өзгеріп отырады. Оқытудың әрбір кезеңінде өзіндік жұмыстың түрлі элементтері басымдылық танытып отырады.
Бүгінгі танда білім алушы меңгерген білім мен дағдыларды біліктілікпен немесе құзыреттілікпен байланыстыра қарастыру негізінде студенттің қоғамдағы мәселелерді, өзгерістерді бағалау, оны өз тұрғысынан шешу біліктіліктерін дамытуға күш салынуда. Бұл орайда білім алушының өздігінен орындалатын жұмысының жаңа талаптарға сай ұйымдастырылуы өте маңызды болып табылады.
Т.С.Сабыров студенттердің оқу белсенділігін арттыру жолдарын жан-жақты талдай келе, өзіндік жұмысты оқудың басқа түрлерімен ұштастыра білуі, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі дамыту, өзіндік жұмыс мазмұнынына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізуді ұсынады.
П.И.Пидкасистый бойынша, студенттердің өзіндік жұмыстарының басқа жұмыстардан ерекшелігі – білім алушы өз алдына мақсат қояды, оған жету үшін жұмыс түрін, тапсырманы таңдайды, - деген тұжырым жасаған.
Қорыта келгенде, білім алушылардың өзіндік жұмысынды цифрлық
технологияларды пайдалануды қарастыру үшін цифрлық технология және өзіндік жұмыс ұғымдарына талдау жасалды.
2. Оқу-әдістемелік қызметі бойынша сандық білім беру ресурстары.
1) Электрондық оқулықтар:
Дәстүрлі оқулықтардың прототипі; түпнұсқалы электронды оқулықтар; пәндік білім беру орталары.
2) Электрондық оқу құралдары:
Үйретуші; жаттықтырушы; оқытушы; оқытушы – бақылаушы; ойын; интербелсенді; пәндік топтамалар; анықтамалар мен сөздіктер; тәжірибелік және зертханалық.
3) Электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ЭОӘК)
Пәндік әлемдер; бағдарламалық- әдістемелік кешендер; пәндік оқу- әдістемелік орталар, инновациялық ОӘК.
4) Бақылаудың электрондық басылымы:
Тесттер; тестілік тапсырмалар; тестілеу бойынша әдістемелік нұсқаулар; құрал- сайманды әдістер.
Ақпарат түрі бойынша ЦББР жіктелуі:
1) Мәтіндік ақпаратты ЦББР:
Оқулықтар мен оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар; оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар мен тесттер; сөздітер; анықтамалар; энциклопедиялар; мерзімді басылымдар; нормативті- құқықтық құжаттар; сандық мәліметтер; бағдарламалық және оқу- әдістемелік материалдар.
2) Визуалды ақпаратты ЦББР:
а. Топтамалар: суреттемелер; фотосуеттер; суреттер; үдерістер мен құбылыстардың видео үзінділері; тәжірибелерді көрсету; видеоэкскурс;
b. Үлгілер: 2-3 – өлшемді статикалық және динамикалық; виртуалды ақиқат объектілері; интербелсенді үлгілер.
с. Символдық объектілер: сызбалар; диаграммалар; формулалар.
d. Пәндік аумақтарға арналған карталар.
3) Біріктірілген ақпаратты ЦББР
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар оқуға арналған оқулықтар; тапсырмалар; энциклопедиялар; сөздіктер; мерзімді басылымдар
4) Аудио ақпаратты ЦББР:
Қимылдардың дыбыс жазбалары: музыкалық шығармалардың дыбыс жазбалары; тірі табиғаттың дыбыс жазбалары; өлі табиғаттың дыбыс жазбалары; бір мезгілдегі аудио объектілер.
5) Аудио және видео ақпаратты ЦББР:
Тірі және өлі табиғаттың аудио-видео объектілері; пәндік экскурсиялар; энциклопедиялар.
6) Интербелсенді үлгілер:
Пәндік зертханалық практикумдар; пәндік виртуалды зертханалар.
7) Күрделі құрылымды ЦБР:
Оқулықтар; оқу құралдары; түпдеректер мен хрестоматиялар, энциклопедиялар.
- Электрондық кітапхана – электрондық құжаттардың (әдебиеттер туындыларынан тұратын электрондық басылымдар, анықтамалар және т.б.) әркелкі топтамаларын сенімді және тиімді сақтауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпараттық жүйе.
- Электрондық көрнекі оқу құралдарының кітапханасы – мазмұны берілген пәндік аумақтағы объектілер, үдерістер мен құбылыстарды бейнелейтін мультимедиа компоненттерін таңдау көмегімен берілетін оқу құралы
- Электрондық энциклопедия – белгілі бір ғылым саласын қамтитын түрлі бағыттар бойынша көп мөлшерде ақпараттан тұратын оқу құралы. Басылымдар мол суреттемелермен, видео және аудио үзінділермен, анимациялар мен үш өлшемді үлгілермен жабдықталған
- Үйретушілер, жаттықтырушылар, тәжірибелер – бұл сабақтарға, емтихандарға өзбетінше дайындалуға, өз білімін бағалауға мүмкіндік беретін оқу- әдістемелік кешендер.
- Мультимедиялық оқулықтар – бұл өз бетінше немесе оқытушы қатысуымен оқу курсын немесе оның үлкен бөлімін компьютер көмегімен меңгеру мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық- әдістемелік кешен.
- Виртуалды зертханалар – бұл оқу кешені, мектеп жағдайында қиындатылған, қосымша құралдарды қажет ететін немесе өте қымбат тұратын пәндік зерттеулерді іске асыруға мүмкіндік жасайды.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар:
1. Цифрлы технология және өзіндік жұмыстар ұғымдарына сипаттама беріңіз.
2. Оқу-әдістемелік қызметі бойынша ЦББР түрлерін нақты мысалмен дәлелдеңіз.
4. Ақпараттық-телекоммуникациялық сүйемелдеудегі ақпараттық мазмұндық қамтамасыз ету құрамына ЦББР-дың екі тобын көрсетіңіз.

1

№ 7 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет