2.Білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздері
Соңғы жылдары Қазақстанда, сондай-ақ әлем қауымдастығының көптеген басқа елдерінде білім беруді ақпараттандыру мәселесіне күннен күнге көп көңіл бөліп келеді, барлық жерде осы мәселені өркениетті дамытудың ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі ретінде қарастыра бастады. Осының жарқын куәсі Қазақстанның білім саласындағы мемлекеттік саясатындағы позициясы болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «e-learning» электрондық оқыту бөлек бөлім болып берілген, оның мақсаты білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады.
«Уикипедия» «e-learning» (ағылш. тілінен қысқартылып алынған. ЕlectronicLearning) терминін электрондық оқыту жүйесі мен электрондық оқыту, қашықтан оқыту, компьютерлер қолдана отырып оқыту, желілік оқыту, виртуалды оқыту, ақпараттық, электрондық технологиялар көмегімен оқыту сияқты терминдердің синонимі ретінде берген. Осы тақырыпты талқылай келе, кейбір мамандар мектептерді АКТ құралдарымен жабдықтауға, басқалары сандық білім беру ресурстары мен оларды сабақта пайдалану туралы, ал үшіншілері жергілікті және жаһанды желілерді дамыту туралы, төртіншілері педагогтарды дайындау мен олардың жаңа оқу жұмысы тәсілдерін меңгеру туралы, ал бесіншілері ең бастысы мектепті басқаруды өзгерту туралы пікір айтады. Оның жекелеген бөліктерін сипаттай отырып, біз көбінесе тұтастық туралы ұғымды жоғалтамыз. Білім беруді ақпараттандыру барысында, жағдай, алдымызда жай ғана жүйе емес, қарқынды дамып келе жатқан процесс – ақпараттандыру және цифрландыру процесі болуымен күрделенеді.
Қазақстанда білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін әртүрлі педагогикалық мамандықтар аясында Г.К. Нұрғалиева, С.С. Құнанбаева, Е.Ы. Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, Д.М. Баймуханов, А.Т. Чакликова, Д.М. Джусубалиева, А.Сағымбаева, Ш.Х. Курманалиннің және т.б. ғылыми мектептері әзірлеп келеді.
В.В. Егоров, Д.М. Джусубалиеваның ғылыми мектептерінде қашықтан оқытуды ұйымдастырудың, педагогикалық және ақпараттық технологияларды кіріктірудің, АКТ негізінде кәсіби қызметке дайындықты қалыптастырудың (В.А. Криворучко, И.Ю. Звягинцева, А.К. Мыңбаева, Е.А. Спирина, К.Ф. Төленғұтов, Б.К. Шаяхметова), аймақтық білім беру жүйесін дамытуды басқаруда ЖАТ пайдаланудың (Н.А. Абдуллина), білім беру сапасын бағалаудың (Ж.К. Ахмадиева, Е.Е. Чжан) және т.б. тиімді жолдарын тиімді жолдары зерттелуде.
Жалпы орта білім беру жүйесін ақпараттардыру жағдайында шет тілдерді оқыту теориясы мен әдістемесінің мәселелерін зерттеуді С.С. Құнанбаеваның ғылыми мектебі өткізді, соның ішінде: оқушылардың мәдениаралық-коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру жолдары (А.Т. Чакликова), шет тіліне оқыту барысында болашақ мұғалімдерді АКТ пайдалануға әдістемелік дайындау (А.Б. Нурова, Д.Е. Сагимбаева, У.Т. Нурманалиева).
Бірыңғай ақпараттық-білім ортасын құру мәселелері О.А. Ильченко, Ж.Н. Зайцева, В.И. Солдаткина, И.Г. Захарова, Н.Н. Курова мен т.б. зерттеулерінде көтерілген. Олар «білім беру мекемесінің ақпараттық-білім ортасы» және «ақпараттық білім ортасын ұйымдастыру» сияқты негізгі ұғымдардың анықтамаларын қалыптастырды.
О.А. Ильченко ақпараттық білім ортасы деп, ақпараттық, техникалық, оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің жүйелі ұйымдасқан жиынтығын айтады, ол білім үдерісінің субъектісі болып табылатын адаммен өте тығыз байланысады, - деп санайды.
Ж.Н. Зайцева ақпараттық білім ортасына, білім беруші мен білім алушының шығармашылық әлеуеті мен талантын ашуға арналған антропософистік релевантты ақпараттық антураж ретінде анықтама береді.
Қорыта келе, елімізде білім беруді ақпараттандырудың ғылыми мектебі қалыптасып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде мамандар даярлауда оқыту және оқу үдерісінің бөлінбес құрамдас бөлігі ретінде тәжірбеге енгізілуі цифрлы педагог даярлауда қоғам сұранысынан туындап отырған талапқа сәйкес болуды қамтамасыз етеді, - деп санаймыз.
3 Қашықтан оқыту
«Қашықтан оқыту» терминіне екі: қашықтықтан және оқыту ұғымдары кіреді. «Қашықтықтан» термині сөздікте қашықта жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Оқыту – нәтижесінде білім алушыда білім, білік, дағдылар (ББД) қалыптасатын педагог пен білім алушы арасындағы өзара әрекет үдерісі.
Демек, қашықтан оқыту деп, нәтижесінде студенттің ББД қалыптасатын, қатысушылары бір-бірінен алыста болатын, оқытушы мен студент арасындағы өзара әрекет үдерісі түсіндіріледі.
Қашықтан оқыту (ҚО) – ол оқытушы мен білім алушы арасындағы өзара әрекет, ол бейнеконференциялар өткізу функциясы бар веб-платформалар, пайдалану арқылы қамтамасыз етілетін оқу түрі.
Қашықтан оқытуды жүзеге асыру үшін, Zoom, Cisco WebEx Meetings, Scype сияқты онлайн-платформалар, сондай-ақ жеке сабақтарда білім алушылармен өзара әрекет үшін WhatsApp бейне байланысы қолданылады.
Қашықтан оқытудың артықшылықтары:
оқуға шығынды қысқарту;
жиналуға, жолға кететін уақытты қысқарту;
сабақ уақытын еркін жоспарлау;
сабақты көп тыңдаушылармен өткізу мүмкіндігі;
электрондық материалдарды пайдалану мүмкіндігі;
бірыңғай білім ортасын құру мүмкіндігі.
Қашықтан оқыту қалыпты режимде кейде өз оқу орнына жету үшін бір сағат уақыты кететін қала маңайында тұратын білім алушылар үшін қолайлы оқыту болып саналады.
Е.С. Полат интернеттің «Абонент компьютерінің дидактикалық қасиеттері ,,,, Хост-компьютердің дидактикалық қасиеттері ... және Провайдер компьютерінің дидактикалық қасиеттері» сияқты дидактикалық қасиеттерін бөліп көрсетеді. Компьютерлік телекоммуникациялардың техникалық құралдары оқу үдtрісіне келесідей мүмкіндіктер береді: оқу-тәрбие үдерісінің қатысушылары арасындағы кері байланыс; отандық және шетелдік ақпараттық ресурстарға қолжетімдік; оқу және оқу-әдістемелік материалдар алу.
М.Д.Джусубалиева бойынша, қашықтан оқыту жағдайында студенттердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттей отырып, студенттердің өздігінен оқы түрі болып табылады. Қашықтан оқыту қазіргі ақпараттық технологияларды ақпараттық-білім кеңістігінде білім беруді ақпараттандыру негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру болып табылады. Қашықтан оқыту білім беру жүйесінің бағыты ретінде жылдам дамып келеді, - деп көрсеткен. Сонымен бірге автор қашықтан оқыту технологиясы – әдіс, форма, құралдарының жиынтығы арқылы белгілі білім көлемін өздігінен жеке меңгеруін бақылайтын оқытушы мен білім алушының өзара әрекеттесуі. Студенттердің ақпараттық мәдениетін келесі көрсеткіштер арқылы айқындаған:
студенттенрдің ашық білім кеңістігіне бағдары;
студенттердің ақпарттың кәсіби мәніне бағдары;
студенттердің ақпараттық технологияға бағдары;
студенттердің компьютерлік білімге бағдары. Осы көрсеткіштердің
ішінде студенттердің компьютерлік білімге басымдық бергеніне тоқталған. Қазіргі цифрлы Қазақстан дәуірінде осы көрсеткіштер жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде басшылыққа алынуда. Қашықтан оқыту ерекшеліктері: параллельдік, алыстан әрекет ету, модульділік, үйлесімсіздік, әлеуметтілік, экономикалық тиімділік, интернационалдық. Қашықтан оқыту әдістері. Оқыту әдісі – оқыту мақсаттарына қол жеткізу үшін оқытушы мен студенттердің өзара әрекет нормаларының жүйесі туралы теориялық түсінік беретін дидактикалық санат. Қашықтан оқыту әдістемесінің негізгі идеясы, компьютерлік ақпарат көздері, электрондық кітапханалар, бейне және аудиотекалар, кітаптар мен оқу құралдары кіретін оқу ақпараттық ортасы болып табылады. Осындай оқу ортасының құрамдас бөлігі студенттер де, оқытушылар да болады, олардың өзара әрекеті заманауи телекоммуникациялық құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Осындай оқу ортасы студенттерге өз бетімен де, сондай-ақ оқытушы басшылығымен де білім алу үшін бірегей мүмкіндік береді. Қашықтан оқытудың маңызды кіріктірілген факторы, оқу үдерісінде пайдаланылатын әдістер мен тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
4. STEAM – білім беру
Білім беруде STEM-ді қолданудың ғылыми-техникалық бағыттылығы заманауи технологиялардың дамуына байланысты. Болашақта жоғары технологияға байланысты мамандықтар: ІТ мамандар, big data инженерлері, программистер өте қажет мамандықтарға айналады. Қазіргі білім жүйесі, робот техникасы, бағдарламалау, модельдеу (STEM) сияқты үйірмелер санын көбейтуге қатысты әлеуметтік сұранысқа байланысты белсенді жұмыс жүргізуге тырысады. Алайда, жас ұрпақтың ғылыми-техникалық білімі жеткіліксіз, ол шындық. Болашақта 4К дағдылары деп аталатын ХХІ ғасыр дағдылары қажет болатындығы белгілі.
ХХІ ғасыр дағдылары немесе 4К дағдылары әртүрлі деңгейлерде белсенді талқыланып келе жатқан мәселе. Осы тұжырымдаманың мәні мынау: индустриалды дәуірде сауаттылықты анықтайтын негізгі факторлар оқу, жазу және арифметика болды. Ал XXI ғасырда негізгі бағыт сыни ойлау, өзара әрекет пен коммуникацияға қабілеттілік, ісіне шығармашылықпен қарау жағына ауысады. Сонымен, болашақ 4К арқылы келесі негізгі дағдылар қалыптастырылады:
коммуникация;
кооперация;
сыни ойлау;
креативтілік.
STEAM – сыни ойды, зерттеушілік құзыреттіліктері мен топтағы жұмыс дағдыларын дамыту құралы ретінде бірнеше пән саласы кіретін жаңа білім беру технологиясы.
STEAM аббревиатурасы келесідей тарқатылады: S-science, T-technology, E-engineering, A-art және M-mathematics. Ағылшын тілінен аударғанда ол, келесідей дыбысталады: жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерлік өнер, шығармашалық, математика. Тізбектелген пәндер заманауи әлемде ең талап етілетін пәндер болып табылады. Сондықтан STEAM жүйесі заманауи және перспективті трендтердің бірі ретінде дамиды. STEAM – білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілді қолдануға, сондай-ақ барлық бес пәнді бірыңғай оқыту сұлбасына кіріктіруге негізделеді.
STEAM білім беру мақсаты: оқушылардың жоғары ұйымдасқан ойын дамыту мен алған білімдерін жаратылыстану ғылымдары, технология, инженерия, математика мен өнер сияқты пәндерде жобалық оқыту арқылы тиімді қолдануға оқыту болып табылады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Мобильдік білім беру қажеттілігінің өсу себебі неде және
әрқайсымыз үшін қандай мүмкіндіктерді ашады?
3. Мобильдік құрылғылардың құндылықтарын атап шығыңыз.
4. Білім беруді ақпараттандыру саласындағы нормативтік-құқықтық базаны анықтаңыз.
5. Білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін қалаған Қазақстанның ғылыми мектептерін атаңыз
6. Білім беруді ақпараттандыру саласында негізгі ұғымдардың мәнін Ресей ғалымдарының зерттеулері негізінде ашыңыз.
7. Қашықтан оқытудың артықшылықтары мен ерекшеліктерін тізбектеп шығыңыз.
9. Қашықтаны оқыту негізгі принциптерін атап шығыңыз.
10. Қашықтаны оқытуда қандай оқыту әдістері қолданылады?
11. «STEAM білім берудің» анықтамасын беріңіз.
12. STEAM білім беруді енгізудің артықшылықтарын, кемшіліктерін атап шығыңыз.
|
1
|
№ 8
дәріс
|
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
|
Достарыңызбен бөлісу: |