3. Құралдар мен жасанды бұйымдар кешенін адам іс-әрекетімен біріктіру Цифрлық құралдар және ресурстар сияқты заттар мен оқу нәтижелері арасындағы байланысты талдау – алғашқысының кейінгісіне қалай ықпал ететіні туралы дәлелді идеяларға негізделуге тиіс. Себеп-салдарлық байланыс алуан түрлі және өте күрделі. Қарапайым тікелей себеп-салдарлық байланысты қарастыратын бағалау немесе аналитикалық түғырлар бұл жерде нәтиже бере қоймас. Олай болса, оқу ортасын талдауды: а) дизайндалған; ә) білім берудің жағымды нәтижелерімен біріктіретіндей етіп, қалай жүргізсек болады? Егер оқуды әлеуметтік практикаға шынайы ат салысу ретінде қарастыру жеткілікті болады десек, онда бұл – бір-ақ қадамдық дәлел. Егер білім алушының түсінігі мен дағдыларындағы осыған байланысты өзгерістерді де бағаласақ, онда біріктіруді аяқтау үшін екі қадам қажет. Бұл мәселеге қатысты біз белсенді көзқарас ұстанамыз. Ең маңыздысы – білім алушының физикалық, ақыл-ой жөне эмоциялық тұрғыдағы іс-әрекеті. Білім түрлі ақыл-ой процестерін іске асыру арқылы игеріледі. Яғни білім алушы іс-әрекетінің сипаты — материалды әлем мен оның оқу нәтижелері арасындағы байланысынан тұрады. Тағы бір байланыс тізбегі – материалдық әлем мен белсенділік арасында. Осы жерде технологиялық мүмкіндік идеясын асыра пайдалану әдетте біраз өзгеріс әкеледі. Мұндағы жиі кездесетін қателік – құралдардың, ресурстардың, орындардың т.б. кейбір жеке қасиеттерін ғана қарастырып, оны оқумен біріктіруге талпыну. Николь Бойвиннің айтуынша: «Джеймс Гибсонның технологиялық мүмкіндіктер түжырымдамасында көрсетілгендей, заттардың материалдық қасиеттері әрдайым адамдарға байланысты... материалдық заттар ғана емес, материалды заттар мен нақты іс-әрекетке атсалысатын адамдардың бірігуі маңызды». Гарри Коллинстің «технологиялық мүмкіндік» — байыбына жете бермей қабылданған термин» дейтін сөзі адамдардың интерпретаңиялау сияқты ерекше қабілеттері «технологиялық мүмкіндіктің» сенімділігін жоққа шығарады деген пікірді алға тартады. Адамдар түрлі сезім мен эмоцияға өте бейім екені рас, бірақ бұл – олардың әрбір іс-әрекетін түсіндіріп отырады деген сөз емес. Адамның іс-әрекеті талқылау мен интерпретацияны қамтуы мүмкін, бірақ кейде оның әрекеттері шапшаң, кенет және автоматты түрде орындалып жататынын мойындаған жөн. Материалдық объектілер мен адам іс-әрекеті арасындағы қатынастарды талдағанда «технологиялық мүмкіндіктің» немесе «интерпретацияның» басымдығын дәлелдеудің орнына, біз осы құбылыстың екеуі де көп жағдайда белгілі бір рөлге ие болады деп сенеміз. Мұны дәлелдеудің бір жолы — Даниель Канеманның адамдар ақыл-ой қызметінің екі жүйесіне «шапшаң және кейінге қалдырылған (салмақты) ойлауға» жүгінеді дейтін идеясын қарастыру. Канеман (2011) екі «ақыл-ой жүйесін» былайша сипаттайды:
«1-жүйе автоматты түрде және шапшаң, аздап қана күш салып немесе мүлде күш жүмсамай әрі бейсаналы түрде қызмет етеді... 2-жүйе күш жүмсалып, зейінді талап ететін ақыл-ой қызметіне жүгінеді... 2-жүйенің қызметі басқаруға, таңдауға немесе зейін болуге қатысты субъективті тә- жірибемен сабақтасады».
Біздің ойымызша, «технологиялық мүмкіндіктер беру» 1-жүйе қызмет еткенде жүзеге асады; ал интерпретацияға кезек 2-жүйе іске қосылғанда тиеді. Бұл бірден материалдық-цифрлық әлем, білім алушылардың іс-әрекеті мен оқу нәтижелері арасындағы байланыстарды есепке алудың өте икемді және сенімді амалын қамтамасыз етеді. Мысалы, цифрлық мәтін түріндегі нүсқаулық көмегімен білім алушылардың қызметіне негіз боларлық дүниені ұсыну міндетті түрде 2-жүйенің іске қосылуына себеп болады. Бұл танымдық жүктемені арттырып, жобалаушының ниеттеріне орай интерпретация мен рефлексияға жол ашады. Жобалау барысында мәтіндерге арналған компьютерлік басқарудың басқа да формалары, мысалы, шатаспау үшін нақты бір іс-әрекетке арналған интерфейс таңбасы немесе процедуралық қолдаудың түрлі формалары пайдаланылуы мүмкін. Бұл 1-жүйе аясында білім алушыга түсетін танымдық жүктемені азайтып, қажетті іс-әрекетті орындауға жәрдемдеседі, бірақ бүл әрекетті шапшаңдату үшін рефлексия мүмкіндігін шектейді (шын мәнінде, бұл түғырлардың екеуі де бірінен-бірі артық емес. Дизайндау дұрысын таңдауға жағдай жасайды). Бұл – материалдық-цифрлық әлем, білім алушының іс-әрекеті мен оқу нәтижелері арасындағы түрлі байланыстар туралы, соның ішінде «технологиялық мүмкіндіктер» мен интерпретацияның үғымдарының араласып келуі; шапшаң және салмақты шешім қабылдау; бихевиористік және рефлексиялық әрекет ету немесе кідіріссіз және кейінге қалдырылған таным сияқты үлгілер туралы болжамдарды алға тартатын талдауға бастау болады. Сонымен бірге бұл технологиялық детерминизм мен адам басқаруының өткір мәселелерін шешуге көмектеседі, себебі технологияны қолданатын жобалаудың, бар болса да, бірен-саран үлгілері ғана бір тізбекті болып келеді. Технологиялар мен адам іс-әрекеті арасындағы байланыстарды түсіндіруге арналған әдебиеттің басым бөлігі құралдар мен бұйымдардың сипаттамаларына аса мән бермейтін әлеуметтік, мәдени немесе семиотикалық көзқарастарды ұстанады:
«Материалдық зерттеулерді жалпылай семиотикалық және әлеуметтік парадигма шеңберінде тұжырымдай отырып, материалдық мән-мағынаның кейбір аспектілерін ерекше атап көрсеткен, сонымен қатар материалдың заттардың сөздер мен таңбалардан айырмашылығына – материалдық заттарды өздігінен қызықты ететін нәрселерге көз жұма қарайды».
«Мұндай мысалдар іс-әрекет пен мінез-қүлықтың кей түріне шектеу қою арқылы белгілі бір өзгерістердің орын алуына жол ашып, мінез-құлықтың басқа түрлерін көтермелеу немесе талап ету арқылы нақты әрекеттердің іске асуына жағдай жасап, заттарға қатысты біздің ойымыздағы идеяларды ғана емес, олардың нақты физикалық қасиеттерін анық байқауға мүмкіндік береді».
Бойвин сияқты, біз де талдау детерминистік дәлелдерге жүгінбестен, технологияның, сондай-ақ жалпы материалдық әлемнің адамның қабылдауы мен іс-әрекетіне ықпалын ескеруі қажет деп санаған. Материалдық әлемдегі объектілер олардың жобасының бір бөлігі ретінде қарастырылатын немесе ескерілмейтін – мөлшер, салмақ, форма, түс және температура сияқты физикалық қасиеттерге ие. Цифрлық құралдар мен жасанды бұйымдар сезімдерге аса ықпал ете қоймағанымен, бірақ олар бір мезетте езгере алуы мүмкін. Сонымен қатар біз кез келген материалдық объектінің жасалуы – қажетті форма мен функцияларды орындаудың нақты бір амалын қамтитынын мойындауға тиіспіз. Демек, объектінің өзі жобалау барысында жасалған таңдау мен құндылықтарды қамтиды. Қалай болғанда да, жасақталған объектілер өздерінің физикалық қасиеттерінің және орындалған міндеттерінің арқасында адамның қабылдауы мен іс-әрекетіне ықпал ететін болады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Оқытуды жобалау - үздік оқу тапсырмаларын жасақтау негізіне талдау жасаңыз.
2.Оқытуды жобалаудағы әлеуметтік және физикалық жағдайларды ашып көрсетіңіз.
3. Құралдар мен жасанды бұйымдар кешенін адам іс-әрекетімен біріктіруді мысл келтіріп дәлелдеңіз.