Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Жоғары оқу орнында білім беру үдерісіндегі цирлы технологиялар»


Педагогтарды білім беруді ақпараттандыру саласында даярлау жүйесі



бет34/41
Дата07.02.2022
өлшемі410,96 Kb.
#85304
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41
Педагогтарды білім беруді ақпараттандыру саласында даярлау жүйесі
1. Педагогтарды білім беруді ақпараттандыру саласында даярлау жүйесі
2. «Цифрлы педагог» моделі
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Білім беруді ақпараттандыру негіздеріне болашақ мамандарды кешенді түрде оқыту қажет. Ол үшін оқытушылардың дайындығын жүйелендіруге мүмкіндік беретін, олардың мазмұнын аса іргелі және үнемі өзгеріп, дамып отыратын ақпараттандыру құралдарына тәуелділігін азайтатын оқыту мақсаттары мен принциптері жүзеге асырылды.
Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқытушыларды дайындайтын негізгі мақсаттар:
- білім берудегі ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды қолданудың жағымды аспектілерімен танысу;
- ақпараттық қоғамда білім беруді ақпараттандырудың рөлі мен орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен ақпараттық-қатынастық технологиялардың құралдарын тиімді қолдану салалары туралы түсінікті қалыптастыру;
- көрінетін құрамдар мен білім беру технологияларын құру, өңдеу, ұсыну, ақпаратты сақтау мен тасымалдау ортасында тиімді қолдану саласы туралы түсінікті қалыптастыру;
- ақпараттандырудың жалпы әдістерімен, оқу үдерісінің дәл қажеттіліктерімен, оқу орындарының оқудан тыс, ғылыми-зерттеушілік және ұйымдастырушы-басқарушылық қызметтерін оқу нәтижелерін басқару және өлшеумен танысу;
- олардың сапаларының принциптері мен әдістерін бағалауға негізделген білім беруді ақпараттандыру құралдарына қойылатын талаптар туралы білімін қалыптастыру;
- ақпараттық білім беру ортасын енгізу және қалыптастырудағы оқытушылардың қатысуға деген нық әрекетін жасау;
- қалыптасып келе жатқан білім беруді ақпараттандыру тіліне оқыту (терминологияны параллельді жүйелендіру мен бекіту);
- оқытушылардың қазіргі заманғы әлемде ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын оқушыларға түсіндіруге қосымша мүмкіндік беру.
Білім беруді ақпараттандыру саласында оқыту мазмұнындағы бірінші кезектегі орындардың бірін білім берудегі ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды орынды, дәл және тиімді қолдана алады.
Егер ақпараттық технологияларды қолдану білім беру жүйесінің қажеттіліктеріне нақты жауап беретін болса, онда ақпараттық құралдардың көмегінсіз оқыту мүмкін емес және қиын болса, тек осы жағдайда ақпараттық технологияларды қолдану орынды болады және оқытуда тиімділіктің жоғарылауына алып келеді. Болашақ мамандарды дайындау жүйесіндегі оқу үдерісіне қатысты, сондай-ақ оқытушы қызметтерінің басқа саласына қатысты анықталатын бірнеше шарттар тобымен таныса кету қажет.
Бірінші топқа білім алушылардың белгілі білім жүйесін қалыптастырумен байланысты қажеттіліктерді жатқызуға болады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше пәннің мазмұнымен қатар танысқанда, пәнаралық сипаты бар сабақтарды өткізу барысында туындайды. Сонымен қатар олар микро және макроәлемдер элементтерін оқығанда, сондай-ақ дәстүрлі оқытуда табылмайтын бірқатар түсініктерді, теориялар мен заңдылықтарды оқу қажет болғанда туындайды.
Екінші топтың қажеттіліктері білім алушылардың репродуктивті іскерліктерді меңгеру қажеттіліктерімен анықталады. Бұл топтың қажеттіліктері есептеу, есептеудің нәтижелерін өңдеу, тексеру жағдайларында туындайды. Мұнымен қоса, екінші топтың қажеттіліктері әр пән бойынша типтік біліктіліктерді өңдеу және жалпы білімдік біліктіліктерді (жалпы педагогикалық-жүйелендіру және классификациялау, талдау және синтездеу, тәжірибені рефлексивті жоспарлай білу, ақпаратты жинау және талдауды жүзеге асыру) қалыптастыру барысында туындайды.
Үшінші топтың қажеттіліктері білім алушылардың шығармашылық шеберліктерін қалыптастырумен анықталады. Мұндай қажеттіліктер бірнеше мүмкін шешімдердің ішінен біреуін таңдауға болатын оңтайландырылған міндеттерді шешу кезінде, ең үнемді шешімді немесе үдерістің жүрісі барысында аса ұтымды шешімді қабылдау кезінде туындайды. Бұл топтың қажеттіліктері берілген болжамдарды тексеруде мәселені шешу мен қойылымы барысында, конструктивтік-комбинаторлық шығармашылық шеберліктерін дамыту қажеттілігі барысында туындайды. Сонымен қатар бұған үдерістерді модельдеу қажеттілігінен шығатын немесе білім алушыға үдерістер мен оқиғалардың өтуіне әсер ететін факторлар туралы тұжырым жасауына мүмкіндік береді. Соңында, нақты оқу орнына қол жетпейтін, жүргізу барысында құралдарды қажет ететін зертханалық тәжірибелер барысында туындайтын қажеттіліктерді де жатқызуға болады. Мұндай зертханалық тәжірибе педагогикалық өлшемдер аясында жүргізілуі мүмкін және сонымен қоса ақпараттық және телекомуникациялық технологиялардың қажеттілігін өз атынан еліктіруі мүмкін.
Төртінші топтың қажеттіліктері білім алушыларды тәрбиелеу, оларда белгілі бір тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру қажеттілігімен байланысты. Төртінші топқа жататын қажеттіліктер әлеуметтік, экологиялық және басқа да мәселелерді шешу арқылы адамгершілікке тәрбиелеу мүмкіндіктерін құратын модельдеуді ұйымдастыру үшін туындайды. Сонымен қатар, білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың қажеттіліктері оқушыларда басқа адамдарға, өзіне және өз ағзасына қатысты жауапкершілік сезімді қалыптастыру үшін туындауы мүмкін.
Жоғарыда аталған қажеттіліктермен қатар, ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды орынды және тиімді қолдану үшін оқытушыларға электрондық басылымдар мен ресурстарды қолданудың, білімді ақпараттандырудың негізгі жағымды аспектілерін білуі қажет. Ондай аспектілерді білу оқытушыларға білім алушылардың жұмысының қазіргі заманғы ақпараттандыру құралдарымен байланысты кері жағдайларды азайтуға және артықшылықтарды көбейтуге әкелетін ақпараттандыруды қолдануға көмектеседі. Оқытушылар дайындығының сипатталған жүйесіне ақпараттандыру құралдарын қолданудың мүмкін болатын кері салдарымен танысу қосылуы қажет.
Келтірілген факторлар бір жағынан, білім беруді ақпараттандыру саласындағы педагогикалық кадрларды дайындау және қайта дайындау қажеттілігін айғақтайды. Екінші жағынан, келтірілген мәселелер білім алушыларды «көп болса, жақсы болады» деген ұстаным бойынша білім беруде ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құралдарын қолдану жалпы орта білім беру жүйесінің тиімділігін жоғарылатуға әкелмейді. Ақпараттық-коммуникативтік технологиялар құралдарын қолдануда өлшенген және нақты дәлелденген әдістеме қажет.
Осылайша, кәсіптік қызметте ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың құралдарын тиімді және дәйекті қолдану үшін оқытушылардың дайындығының мазмұнына келесі компоненттер мен тақырыптар кіруі қажет:
1. Қазіргі заманғы ақпараттық және телекомуникациялық технологиялар және оларды білім беруде қолдану. Білім беруді ақпараттандырудың жағымды жақтары. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолданудың мақсаттылығы мен тиімділігі. Білім беруді ақпараттандыру және қоғам өмірі.
2. Білім беруде қолданылатын аудиовизуальдық және техникалық құралдардың түрлері. Компьютерлер және олардың түрлері. Перифириялық құрылғылар. Мультимедиа технологиялары мен құралдары. Білім беруде пайдаланылатын телекомуникациялық құралдар.
3. Ақпаратты сақтау және ұсыну технологиялары. Ақпараттық модельдеу технологиялары. Ақпаратты тасымалдау технологиялары. Оқыту құралы ретіндегі компьютерлік желілер ресурсы.
4. Оқу үдерісіндегі ақпараттық және телекомуникациялық технологиялар. Білім беруде пайдаланылатын ақпараттық және коммуникативтік құралдары сапасын бағалау әдістері. Күндізгі және қашықтық оқытудағы ақпараттандыру технологиялары. Білім беруді ақпараттандыру құралдарын қолдану негізінде оқытудың саралануы мен жекеленуі.
5. Басқаруды ақпараттандыру және оқыту нәтижелерін өлшеу. Оқудан тыс қызметтерді ақпараттандыру. Ғылыми және әдістемелік зерттеулерді ақпараттандыру.
6. Оқу орнының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтерін ақпараттандыру. Ақпараттық технологиялар және ата-аналармен жұмыс жасау.
7. Ақпараттық білім беру ортасын қалыптастыратын факторлар жүйесі. Ақпараттық білім беру кеңістігі ақпараттық білім беру ортасының жүйесі ретінде.
Қорытындылай келе, білім беруді ақпараттандыруда оқытушыларды оқытуда басты бағыт техникалық және компьютерлік құралдармен технологиялық аспектілермен жұмыс жасап оқытудан білім беретін электронды басылымдар мен ресурстарды таңдау және орынды қолдануға, дұрыс мазмұнды қалыптастырып оқытуға өту қажет. Қазіргі заманғы оқытушы педагогикалық оқу орындарында оқытылып жатқан, пәннің мазмұнына кіретін, ақпараттық және телекомуникациялық технологиялар саласындағы білімдерді иеленумен ғана емес, сонымен қатар өз кәсіптік деңгейінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың маманы болуы қажет.
2. Цифрлық қоғамдағы «педагог моделі
Елімізде «Цифрлық қоғамдағы педагог моделі» тұжырымдамасы дайындалу үстінде. Тұжырымдама креативті қоғамда бәсекеге қабілетті, әрі цифрлық сауаттылығы қалыптасқан тұлғаны қалыптастыруға негізделген. Университет мамандары сандық және білім беру технологиялары саласындағы кәсіби, ғылыми-педагогикалық қызметте үлкен тәжірибесі бар педагогикалық құзыреттілігі бойынша бастамашыл университеттің қызметкерлерінен шығармашылық топ құруы қажет. Шығармашылық топтың қызметінің негізгі мақсаты – цифрлық педагогикалық технологиялар саласындағы инновациялық тәжірибені ғылыми-әдістемелік негіздеу және тарату; Еліміздің осы саладағы мемлекеттік саясатының ағымдағы бағыттарын ескере отырып, жұмыс істейтін және болашақ білім беру мамандарының цифрлық педагогикалық құзыреттілік деңгейін арттыруға ықпал ететін бағдарламалар, шаралар мен іс-шаралар әзірленуі тиіс. Шығармашылық топтың қызметінде цифрлық технологиялар деп ақпараттық технологиялардың жиынтығы, оның ішінде дискретті ақпараттық кодтау жүйелеріне негізделген ақпараттық стерді жүзеге асыру әдістері және оларды қолданатын техникалық құралдар (цифрлық жабдық) түсіндіріледі.
Сандық педагогикалық құзыреттілік – бұл қазіргі кезде оқытушылар құрамының сандық технологиялар негізінде тиімді, жауапкершілікпен және қауіпсіз түрде жүзеге асырылатын білім беру саласындағы әр түрлі кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыруға қабілеттілік деңгейін анықтайтын пәндік құзыреттердің динамикалық жиынтығы. Цифрлық білім беру құралы деп оқыту, тәрбиелеу және дамыту процестерін жүзеге асыру мақсатында цифрлық технологиялардың көмегімен құрылған және қолданылатын объектіні түсінеміз. Сандық педагогикалық технологиялар – бұл сандық технологияларды қолданбай жүзеге асыру мүмкін емес білім саласындағы кәсіби қызметті жүзеге асырудың тәсілдерінің жиынтығы.
Шығармашылық топтың қызметі университеттің келесі инновациялық даму көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

  • университеттің кадрлық инновациялық әлеуетін дамытуға, гранттар мен

ғылыми ізденістерге өтінім беру үдерістерін белсендіруге әкелетін цифрлық педагогикалық құзыреттілік деңгейі орта деңгейден төмен студенттер санының көбеюі.

  • сандық-үйлестірілген модель бойынша, негізінен онлайн режимінде,

цифрлық педагогикалық құзыреттілік саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламалары бойынша оқуға білім алушылардың қосымша санын арттыру. Бұл цифрлық педагогикалық технологияларды қолдану саласындағы тәжірибе мен озық педагогикалық тәжірибемен тиімді алмасуға мүмкіндік береді.

  • университеттің ақпараттық ресурстар банкінде цифрландыру желісінде

жекелендірілген оқу бағдарламаларын іске асыруға арналған оқу және кәсіптік тапсырмалар мен әдістемелік материалдар қызметкерлері әзірлеген цифрлық білім беру құралдарының саны айтарлықтай өсті. Бұл өз кезегінде цифрлық педагогикалық құзыреттілік саласында кадрларды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

  • университеттің базасында үйлестіру орталығымен білім беруді

цифрландыру бағыттарындағы инновациялық қызметке қатысатын білім беру ұйымдарының желісін кеңейту, бұл, ең алдымен, еліміздегі мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында цифрлық технологияларды дамыту мен қарқындатуға ықпал етеді.

  • цифрлық білім беру құралдарын, олардың негізінде оқу үдерісін жүзеге

асырудың заманауи модельдерін пайдалану туралы басылымдардың саны мен сапасын арттыру. Бұл университетті әлемдік ақпараттық-білім беру кеңістігінде инновациялық алаң ретінде орналастыруға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оның имиджі мен беделіне оң әсер етеді.
Соңғы онжылдықта «цифрлық оқыту», «цифрлық орта», «цифрлық технологиялар», «цифрландыру» және т.б. терминдер отандық және шетелдік ғылыми ортада және күнделікті байланыста белсенді қолданылды.
Осыған қарамастан, осы тұжырымдамалардың әрқайсысының мәні туралы бірыңғай түсінік әлі жоқ, және қазіргі уақытта ғылымда аталған категорияларды түсіну кезеңін айтуға болады. «Цифрлық оқыту» ұғымына ерекше назар аударылады, өйткені практиктер оны кәсіби лексикада көбірек қолданады.
Оның ерекшелігі мыналарға байланысты: білім беру үдерісінің дизайнері ретінде электрондық ақпараттық-білім беру ортасының компоненттерін пайдалануды қамтамасыз ететін оқытуды басқару жүйесі; білім алушыларды оқу үдерісінде дербестендірілген қолдау; жеке оқыту траекториясын құру және цифрлық іздерді қолдану арқылы білім беру үдерісіне қатысушылардың әрекеттерін бекіту мүмкіндігі; оқыту нәтижелерінің ашықтығы және көрнекілігі. Осылайша, цифрлық оқыту оқытушылар құрамының кәсіби іс-әрекетінің өзгеруіне алып келеді. Білім беру үдерісіне әлемнің әртүрлі аймақтарында орналасқан жетекші білім беру ұйымдарының кадрлық әлеуеті мен электронды мазмұны қатысады, бұл білім беру үдерісін ұйымдастырудың икемді модельдерін жасауға мүмкіндік береді. Цифрлық оқыту жағдайында оқытушылардың функционалдығы олардың рөлін ақпараттық аудармашыдан модераторға ауыстыру арқылы едәуір кеңейеді. Сонымен қатар, топтағы өзара іс-қимылдың болмауынан туындаған жаңа кәсіби тәуекелдер бар, бұл оқытушының жеке қасиеттерін қолдануға мүмкіндік бермейді, мысалы, жеке мысалмен әсер ету. Осыған байланысты болашақ мұғалімдерді даярлауға жетекшілік ететін, әр түрлі білім беру ұйымдарының оқытушыларының біліктілігін арттыруды ұйымдастыратын білім беру ұйымдарының алдында цифрлық оқыту жағдайында кәсіби іс-әрекеттің жаңа жағдайына оқытушыларды жүйелі түрде даярлау туралы мәселе туындайды. Белгіленген міндеттерді педагогикалық кадрларды көп деңгейлі оқыту арқылы шешуге болады, оған мыналар кіреді:
білім алушыларды дайындауға инновациялық тәсілді енгізу;
оқудың үздіксіздігін және оның кәсіби өсуінің жеке траекториясын құру мүмкіндігін жүзеге асыру;
мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету;
инновациялық білім беру өнімдерін қолдану және т.б.
бакалавр - сандық білім беру ортасында өзіндік жұмысты ұйымдастыру;
магистратура - кәсіби қызметте заманауи цифрлық құралдарды құру,
ұсыну және қолдану;
докторантура - ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру және жүзеге
асыру үшін сандық білім беру ортасын құру;
қосымша кәсіптік білім беру - электрондық білім беру ресурстарын
дамыту және оларды пайдалану технологиясын меңгеру.
Педагогикалық құрамға деген бұл тәсіл оқытушылар мен университет профессорларына оқыту барысында оңтайлы нәтижеге жету үшін цифрлық технологияларды пайдалануға дайын болу үшін кәсіби қызметін үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндік береді.
Мұндай көпдеңгейлі оқытудың мақсаты – педагогикалық кадрларды даярлау, ал оның даму мақсаты – дербестендірілген өзін-өзі қамтамасыз ететін оқыту жүйесін ұйымдастыру. Цифрлық оқытудағы кәсіби қызметке оқытушылар құрамының көп деңгейлі дайындығының негізгі компоненті – цифрлық білім беру ортасы, Интернеттің кез-келген нүктесінен қамтамасыз ету, әртүрлі оқу сабақтарын өткізу, білім алушылардың оқу қызметінің нәтижелерін бекіту (аралық аттестаттау да, қорытынды бақылау); электрондық портфолио қалыптастыру; білім алушылардың қажетті заманауи білім беру ресурстарына, мәліметтер базасына, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге қашықтықтан қол жеткізуі;
Сонымен бірге, оқу үдерісінде мыналар ескеріледі: білім алушылардың психологиялық ерекшеліктері, дербес компьютерлік шеберліктің бастапқы деңгейі, педагогикалық тәжірибе және т.б. Алынған мәліметтер негізінде педагогикалық кадрларды даярлау бағдарламалары құрылады.
Оқытуды ұйымдастырудағы құзыреттілік әдісін қолдану болашақ мұғалімдердің көп деңгейлі дайындық жағдайындағы білім деңгейіне байланысты кәсіби қызметке дайындығының деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді (1-кесте).
Кесте – 1 – Цифрлық оқыту жағдайындағы кәсіби іс-әрекетке педагогиклық мамандардың дайындық деңгейі

Дайындық деңгейі

Құзыреттіліктер

Оқыту деңгейі

Білімге бағдарланған

Оқу әрекетінде АКТ әртүрлі құралдарын қолдана білуге дайындығы (сандық құралдар, сандық ресурстар

бакалавриат

Мағыналық шығармашылық

Қосымша құзыреттіліктердің қалыптасуы және оларды практикалық әрекетте қолдану

магистратура

Ғылыми зерттеушілік

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастру мен өткізуде сандық технологияларды қолдануға даярлығы

докторантура

Практикаға бағдарланған

Сандық оқыту жағдайында заманауи технологияларды қолдануға даярлығы

Қосымша кәсіби білім беру

Педагогикалық құрамның көп деңгейлі дайындық жағдайындағы кәсіби қызметке дайындығы оқытудың барлық кезеңдерінде қалыптасады. Педагогикалық кадрларды цифрлық оқыту жағдайында кәсіби қызметке даярлаудың көп деңгейлі моделін жасау барысында цифрлық білім беру ортасын ұйымдастырудың заңдылықтары педагогикалық кадрлардың инновациялық қызметке дайындығының негізгі компоненті ретінде анықталды:


таңдалған білім беру формасының өзара байланысы және оны кейіннен
кәсіби қызметте қолдану;
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (жас) немесе
оқытушылардың іс-әрекеті (тәжірибелі) бойынша тәжірибеге негізделген оқыту;
әр түрлі ақпарат көздерін кешенді пайдалану, оларды іске асыру әдістері,
кері байланыстарды қолдану және интеграциялау технологиялары, оқытудың жаңа жүйелерін жобалау.
Сонымен қатар, жалпы, спецификалық (цифрлық оқытуға айналған) және нақты принциптер анықталды:
жалпы - ғылыми сипат, сабақтастық, жүйелілік, даралық, саралану;
спецификалық - интерактивтілік, цифрлық білім беру ортасының
әлеуетін пайдаланудың педагогикалық орындылығы, жаңа білім беру қажеттіліктерін қалыптастыру және т.б.
Цифрлық оқытуда, біздің ойымызша, ерекше қағидалар – оқытудың жаһандану, сұранысқа бағытталған оқыту мен бағдарлау принциптері өте маңызды. Білім берудің жаһандану принципі оқытушыдан білім беру мазмұны өзара байланысты және бір-біріне тәуелді әлемдік ауқымдағы фактілерге негізделіп, қазіргі әлемдегі ғылымның дамуын бейнелейтіндігін талап етеді; тұтастай құрылған мазмұн кез-келген жергілікті оқиғаның қай жерде зерттелуіне қарамастан ғылымда болып жатқан оқиғаларға әсерін көрсететін етіп. Цифрлық білім беруде білім берудің жаһандану қағидасы қоғамдағы жаһандық экономикалық жағдайға, білімге сұраныстарға байланысты жүзеге асырылады.
Педагогикалық кадрларды кәсіби іс-әрекетке көп деңгейлі даярлаудың компоненттері:
Бакалаврларды даярлау деңгейінде - цифрлық оқытуды ұйымдастыру, электрондық ақпараттық және білім беру ортасындағы қызмет құрылымы туралы түсінік қалыптастыру, кәсіби іс-әрекетке ынталандыру, білім беру үдерісінің нормативтік-құқықтық базасын, сандық оқытуда іске асырылатын әдістер, тәсілдер мен құралдарды қолдану оқытуды ұйымдастыру технологиялары;
Магистрлерді даярлау деңгейінде - цифрлық білім беру ортасы құралдарын қолдана отырып оқытуды ұйымдастыру технологиясын оқыту, бар білім мен тәжірибені жүйелеу, цифрлық оқытудағы оң тәжірибені тарату;
Жоғары оқу орнынан кейінгі деңгейде докторантурада - цифрлық білім беру ортасының құралдарын қолдану арқылы ғылыми-зерттеу және талдау жұмыстарын ұйымдастыру;
Қосымша кәсіби білім беру деңгейінде - оқытушының жаңа ойлауын қалыптастыру; заманауи цифрлық оқыту технологияларын өзіндік тәжірибеге интериоризациялау; мұғалімдердің тәжірибесіне сүйене отырып кәсіби қызметті жүзеге асырудың заманауи тәсілдерін қалыптастыру. Жаңа білім беру шындықтарындағы оқытушыларды кәсіби іс-әрекетке көп деңгейлі даярлау моделінде білім деңгейлері (бакалавриат, магистратура, докторантура, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіптік білім) және нәтижелік-диагностикалық компоненттер (критерийлер, индикаторлар және кәсіби қызметтің жаңа түріне дайындық деңгейлері) ұсынылған.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Педагогтарды білім беруді ақпараттандыру саласында даярлау жүйесіне сипаттама беріңіз.
2. Болашақ мамандарды дайындау жүйесіндегі қажетті факторларға мысал келтіріп дәлелдеңіз.
3. Болашақ мамандарды дайындау жүйесінде АКТ-ны қолдану компоненттерін талдаңыз.
4. «Цифрлы педагог» моделінің басты ерекшеліктеріне сипаттама беріңіз
5. «Цифрлы педагог» моделін құрастырыңыз.

1

№ 13 дәріс

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет