Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «жоо химияны оқытудың жаңа технологиялары» 6М011200 – Химия» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет12/43
Дата20.12.2021
өлшемі91,32 Kb.
#103765
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43
Байланысты:
3ff82503-dc8e-11e4-b960-f6d299da70eeУММ Современные техн. каз.

Проблемалық оқыту – ойлау операциялары (логика, талдау, қорытындылау және т.б.) мен оқушылардың ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық, ситуациялық, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.б.) ескере отырып жасалған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Сондықтан ол бәрінен гөрі көбінесе мектеп оқушыларының ойлау қабілеттерін дамытуды, оның жалпы дамуын және сенімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Проблемалық оқыту арқылы оқушылардың оқуға деген ықыласын арттыру дегеніміз олардың ойлау қызметін жандандыру, дамыту болып саналады.
Демек, мәселелік оқыту мұғалімнің жан-жақты әрекеттерін талап етеді. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымының мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестірумен сипатталатын танымдық әрекеттерін ұдайы тудырып отырады. Мұндай қызметті ізденіс деп атайды.
Ізденістің мәні неде? Оқушы нені іздейді?
Оқушы өзіне берілген сұраққа жауап іздейді, ол берілген мәселені шешудің тәсілін іздейді. Ақыл – ой ізденісі – күрделі процесс. Ол әдетте, мәселелік ситуациядан, мәселеден басталады. Бірақ мәселенің пайда болуымен ізденістің бәрі бірдей байланысты емес. Егер мұғалім оқушыларға қалай орындау керектігін көрсетіп, тапсырма берсе, онда өздігінен іздеудің өзі де проблеманы шешкендей болмайды. Оқушылар материалдар жинай отырып, ғылыми зерттеу жұмысына белсенді қатысып соның өзінде ешқандай мәселе шешпеуі мүмкін. Егер оқушы жалпы дербес ізденіспен емес, мәселелерді шешу жолдарын іздестіру ізденісімен айналысатын болса, онда оқу мәселелік оқуға айналады.
2. Мәселелік оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолын да меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту, ойлау қызметін арттыру. Ойлау адамның проблемаға тап болуынан басталатын болғандықтан, мәселелік оқытудың негізі мәселелік ситуация блып табылады. Мәселелік ситуация – адам пайда болған құбылысты, фактіні, шындық процесін қалай түсіндіруді білмеген, мақсатқа өзіне мәлім тәсілмен жете алмайтын жағдайда туған оның интелектуалдық қиналуы.
Мәселелік ситуацияның пайда болуынан бастап, мәселенің шешілуіне дейін бірнеше кезеңі болады:

а) мәселелік ситуацияның пайда болуы;

б) қиындық мәнін ұғыну мен мәселе қою;

в) ойлап табу немесе жорамалдар жасау мен гипотезаны негіздеу жолымен шешу тәсілін табу;

г) гипотезаның дәлелдемесі;

д) проблема шешімінің дұрыстығын тексеру.

Мәселенің шешілуі – бұрынғы білімдерге сүйенген жаңа фактілерді талдаудың нәтижесі, белгілі бір қағида ақиқаттығын дәлелдеудің нәтижесі.
Сөйтіп, мәселелік оқыту процесі кезеңдерге бөлінеді, бұл кезеңдердің бірізділігін ойлау процесінің логикасы күні бұрын белгілейді, ал оның басталатын жері мәселелік ситуация болып табылады.
Мектеп оқушысының мәселелік оқуын ұйымдастырудағы мұғалім қызметінің ерекшелігі неде?
Мектеп оқушыларының оқу процесін басқару жөніндегі мұғалім әрекетінің негізгі түрі (оқыту тәсілі) бұл жағдайда жаңа материалды түсіндіру емес, қайта мәселені және мәселелік ситуациялардың пайда болуына әкеліп соғатын сұрақтар, танымдық міндеттер, оқу тапсырмаларын қою болып табылады. Бұл мектеп оқушыларының ақыл – ой әрекетіне түрткі болады және олардың өзіндік ізденіс іс – әрекетін (мәселелік сұрақтарға жауаптар іздеу, өз бетімен есептер шығару) қамтамасыз етеді. Оқу міндеттерін (сұрақтар қою, тапсырмалар беру және т.б.) өзгерту жолымен мұғалім оқушыларды әр түрлі ақыл – ой әрекеттеріне ынталандырады.
Мектеп оқушысының танымдық дербестігін, шығармашылық ойлау дағдыларын үнемі қалыптастыру үшін, ең алдымен салыстыру, талдау, синтез жасау, абстракциялау үшін, жалпылау, нақтылау, классификациялау жүйелеу ой қорытындысы сияқты ойлау операцияларының дағдыларын қалыптастыру керек. Міне, мұндай оқушылардың шығармашылық ойлау іс-әрекеттері нақтылы тақырыптарды өткенде қалыптастыруға болады.
Мысалы, «Қаныққан, қанықпаған көмірсутегі» тақырыбында негізгі мәселе болып саналатын, ол көміртегі атомдарындағы химиялық байланыстың бағыттасу ерекшеліктері, соған байланысты гибридтенудегі механизмі. Ал, қосымша мәселе болып, бұл тақырыптарда көміртегі атомдардың кеңістіктегі орналасу ерекшеліктері саналады. Барлық сабақтар мәселелік болуы мүмкін емес, дегенмен де тақырыптың мазмұны алдыңғы сабақтарда жасалған мәселелік ситуацияларға негізделіп құрылады.
Қаныққан, қанықпаған көмірсутектер тақырыбында этилен көмірсутектерінен гөрі қанықпаған көмірсутектерінің болуы мүмкін бе деген мәселелік ситуацияны айқындаймыз. Жалпы формуласы СnH2n-2 бойынша қатардың бастапқы үш мүшесінің C3H4, C4H6, C5H8 формулаларын жазамыз. Бұлардың құрамының тым қанықпағандығын көмірсутектерінде тағы да бір π – байланыстың болуымен байланыстырамыз. Көмірсутектердің изомериясы туралы оқушыларға мағлұматтар диен көмірсутектері тізбегіндегі қос байланыстардың өзара түрліше орналасуынан туатын изомерияның жаңа түрімен толықтырылатынын атап айтамыз. Класқа диен көмірсутектерінің химиялық қасиеттері жөнінде жорамал жасауды ұсынамыз. Одан кейін мына мәселені шешеміз:

Осы қатар көмірсутектердің қасиеттеріне еселік байланыстар санының өсуі әсер ете ме? 1:1 қатынасында галогенді қосып алу реакциясын талқылаймыз. Нәтижесінде галогендер атомдары ең шеткі көміртегі атомдарына қосылатынын, қос байланыстың 3 – жағдайға орын ауыстыратынын анықтаймыз:


H2C = CH – CH = CH2 + Br2 → H2C – CH = CH – CH2Br

Br
Галогендер мөлшері жеткілікті болса, реакцияның екінші сатысы жүруі мүмкіндігіне назар аударамыз. Дивинилдің полимерлену реакциясын талдау құрамында π – байланысы сақталатын полимердің қарапайым буындары құрылысының ерекшеліктеріне назар аударуға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   43




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет