Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе.
Дәрістер
Дәріс№1,2
Тақырыбы: «Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар туралы түсінік,олардың жалпы белгілері
Жоспар:
1. Педагогикалық технология туралы түсінік.
2. Педагогикалық технологияның құрылымы.
3. Педагогикалық технологияның мақсат міндеттері.
4. Педагогикалық технологияны қалыптастыруға үлес қосқан ғалымдар.
5. Оқытудың педагогикалық технологиясының ерекшелігі мен маңызы
Қоғамның XXI ғасырдың алғашқы шебінде, яғни ғылыми техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуірінде бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты саналы, білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп, студент, магистрант алдында тұрған негізгі міндет. Педагогикалық технология оқыту проблемаларын, тәрбиелеу мәселелерін шешуді технологиялаңдыру мәселесінің туындауына байланысты соңғы кезде өмірге келді. Ал қазіргі кезде оқыту теориясындағы «технологиялық қатынас», «технология», «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы», «тәрбие технологиясы», «ойын технологиясы» т.б. ұғымдарды бір-бірінен ажыратып, жеке-дара қарастырудың қажеттілігі туындап отыр.
Технология латын сөзі «texne» – өнер, кәсіп шеберлік, «Iogoc» – ғылым, ілім деген мағынананы білдіреді. Дүниежүзілік технологиялық үрдісте, ғылым технология ұғымының қалыптасу, даму тарихына тоқталсақ, ол өз дамуын өте ертеден, Я.А. Коменскийдің «Ұлы дидактика» еңбегінен алады. Я.К. Коменский «Оқыту нәтижелі жүру үшін оның техникалық технологиялық деңгейге көтеру керек» – деген болатын . Технология тәртіп бойынша реттеліп жоспарланған іс-әрекет, үрдіс (процесс) және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе.
Қазіргі заманғы ғылыми-теориялық әдебиеттерде және атақты отандық педагогтардың іс-тәжірибелерінде технология негізгі төрт түрге бөлінеді:
Техникалық. Экономикалық. Гуманитарлық. Педагогикалық.
Достарыңызбен бөлісу: |