Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет34/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция

Мектепке дейінгі жас

Мектепке дейінгі жас – бала өміріндегі үлкен кесінді өмір жағдайлары бұл кезде кеңейеді: отбасы ауқымы көшелер, қала, ел шеңберіне қарай ойысады. Бала адамдық қатынастар әлеміне сүңгіп, әр түрлі қызметке байлап, қоғамдық функциялармен танысады. Ол осы ересек өмірге енуді, онда қатысуды қолайды. Мұнымен коса, бала өзіндік белсенділікке ұмтылады. Бұдан рөлдік ойын – ерестер өмірін бейнелейтін балалардың өзіндік қызметі пайда болады.



Ойын жетекші қызмет түрінде

Рөлдік немесе шығармашылық ойын мектепке дейінгі кезеңде пайда. Қызметтің бұл түрінде балалар ересек адамдардың рөлін ойлап, ойындық түрде ересек адамдар мен олардың арасындағы қарым – қатынастарды бейнеледі.

Ойын негізінен ерте балалық шақтың соңында қалыптасатын заттың – манипулативтік қызмет нәтижесінде дамиды.

Балалардың ойын қызметіндегі жекелеген сәттер ойынның мазмұны құрайды. Кіші мектеп жасына дейінгілер заттық қызметті қайталайды – нан турайды, сәбіз тазалайды, ыдыс жуады. Олар әрекеттерді орындау процесіне құштарлық танытып, нәтиже туралы ұмытады, әрекетті және үшін істегеніне мән бермейді. Орта мектеп жасына дейінгі балалар үшін бастысы адамдар арасындағы қарым-қатынастар. Жоғары мектеп жасына дейінгі балалар үшін ережелерге бағыну тән, сонымен қатар осы ережелердің орындалу дұрыстығын олар қатаң қадағалайды.

Сюжет пен ойын мазмұны рөлде айқын білінеді. Жоғары мектеп жасына дейінгілерде рөлдік ойын ережелері бар ойындармен бітіседі.

Осылайша ойын өзгеріп мектепке дейінгі жас соңына таман жоңғары жас ерекшелік деңгейіне жетеді. Ойын жас ерекшелікында екі негізгі фаза немесе кезең бөлінеді. Бірнеше кезең (3-5 жас) үшін адамдардың шынайы әрекеттерін бейнелеп көрсету тән. Екінші кезеңде (5-7 жас) адамдар арасындағы шынайы қатынастар үлгі болады.



Фрустрация дегеніміз – мақсатқа жету жасында туындаған қиыншылықтармен арпаластан туған күй. Екінші күні балалар сол бөлмеге қайта кіргізілгенде, ойыншықтары бар бөлме есігі тарменқоршалған болып шықты. Балалардың бірі тарды есілкілесе, біреуі төбеге тесіле қарап, еденде жатты, кейбіреулері өтумен ескі ойыншықтарды лақтырып жатты. Фрустарация жағдайында ойындық қызметпен қатар балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы да бұзылды.

Психологтардың, педагогтардың (Н.Лейтес, А. Люблинская, Я.Пономарев, Ж.Пиаже, А.Зак. т.б.) зерттеулерінше оқушының мектептегі кезеңдерінің ішінде, әсіресе, бірінші сынып кезеңінде оқушылардың танымдық әрекеттерінің психологиялық негізі және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары: талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. қалыптасады. Сонымен қатар әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне бастайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет