Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет37/77
Дата12.12.2021
өлшемі1,59 Mb.
#99910
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77
Байланысты:
315727788.docx жас ерекшел псих лекция

БОӨЖ тақырыптары:

  1. Ж.Пиажиннің дамуының биологиялық принцип теориясы. Л.С.Выготскийдің «жақын даму зонасы» ұғымы.


5-АПТА

5-ДӘРІС.

Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың

жас ерекшеліГІНІң психологиялық

ерекшеліктері
Дәрістің мақсаты: Студенттерді жас ерекшелік психологиясы мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың психикасының ерекшелігімен таныстыру.
Дәрістің міндеті:Балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нығайып отыратын әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсіну мүмкіндігі.
Дәрістің жоспары:

5.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық процестері, эмоционалдық ортасы.

5.2 Жеті жастағы дағдарыс және мектепте білім алуға дайындық.

5.3 Жеті жастағы баланың дағдарысының негізгі белгілері туралы түсініктерін қалыптастыру.

Мектепке дейінгі балалық шақта (үштен жеті жасқа дейін) организмнің қарқынды жетілуі жалғаса түседі. Жалпы осумен қатар ткандар мен мүшелердің анатомиялық қалыптасуы және функциялық жас ерекшелікы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің сомдануының, тыныс алу, қан айналу мүшелерінің жас ерекшелігінің үлкен маңызы бар. Ми салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтарды бақылауы арта түседі. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, әсіресе екінші сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Осы айтылғанның бәрі балалардың ойнаушы тобын мінез-құлықтың әлеуметтік түрлері үнемі жобаланып және нағайып отыратын қайсібір әлеуметтік қарым-қатынастар мектебі деп түсіну мүмкіндік береді. Ойнап жүріп балалар адамдардың ынтыма тасу қабілетін үйренеді.

Ойын үстінде бала шынайы затты ойыншықпен немесе кездейсоқ нәрсемен алмастыруға болатынын тез аңғарады. Шынайы заттарды алмастыруды бала үлкендерден үйренеді. Балдырған тасты нан, таяқшаны адам ретінде ауыстырып қолдана алады. Ол бір затты екінші заттың орнына қолданып қана қоймай, зат, жануар, басқа адамдар орнына өзін де қолданады. Мысалы, мылтықтан атып жібереді де өлтірілген қасқырдың орнына өзі құлап түседі, қиялдағы тепловозды жүргізеді әрі өзі тепловоз ретінде гүрілдеп, жылдамдық ала бастайды.

Мектепке дейінгі шақта бала жемісті мақсаттарын (мұнара жасау), қоғамдық пайдалы еңбек мотивтерін (сәбилер үшін жалауша жасау) ғана емес, сонымен қоса үйренген адамгершілік нормаларын басшылыққа алады. Ол ез мінез-кұлқын жақсылық пен жамандық жөніндегі өз түсінігіне бағдарлап ұйымдастыруға тырысады. Мотивтер сатысының жас ерекшелігіне қарай бала мотивтер тартысын басынан кешіріп, шешім қабылдап, содан соң неғұрлым жоғары мотив жолында ол шешімнен бас тарта бастайды. Мотивтер жүйесінде қай мотивтің жетекші болып келуі баланың жеке басын айқын сипаттап береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет