Бірінші жылдық соңына қарай нәресте күрделі әрекет ойындарға бет бұрады. Бұл кейбір психологтарға шартты түрде сәби шақта заттың сақталуы туралы түсініктің пайда болғаны жайында тұжырымдауға мүмкіндік берді. Мысал ретінде Т.Бауэрдің бақылауларын келтірейік «менің бір қызым бір түннің ең жақсы бөлігін алақанына кішкентай заттарды қоюмен өткізді. Ол алақанына жауып, қайтадан ашып жатты, сөйтіп салған заттарының бар я жоқ екенін тексерумен болды. Ол бұған қызығып, таңғы 4-ке дейін осы ойынмен айналысты». Тағы бір ескеріп өтелік, нәресте осы жастық кезеңде әлемді көру-әрекеттік шеңберде тани бастайды, бірақ оның ішкі әлемі кейінірек қалыптасады.