4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасы.
«Театрлік – хореографиялық өнер және кітапханатану» кафедрасы,
тьютор М.Е.Сұлтанова
(аты-жөні)
Пән « Режиссура 4»
(пән атауы)
Кредит саны 4
№
|
Әдебиет атауы
|
Барлығы
|
Ескерту
|
кітапханада
|
кафедрада
|
Студенттердің қамтылу пайызы (%)
|
Электронды түрі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Байсеркенов М. «Сахна және актер»-А.: 1993.
|
*
|
*
|
100%
|
|
|
2
|
Гиппиус З. «Гимнастика чувств»-М.:1967
|
*
|
|
60%
|
|
|
3
|
Захава.Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.: 1978
|
*
|
|
|
|
|
4
|
Дефекты речи: Девочка из песка. Музыки.-М.: Планета музыки.-2009 (7939)
|
|
|
|
*
|
|
5
|
Паламышев А.М. «Мастерство режиссера»-М.: 1987
|
*
|
*
|
20%
|
|
|
6
|
Сахновский В. «Режиссура и методика ее преподавания» -1985
|
*
|
*
|
20%
|
|
|
7
|
Товстаногов.Г. Зеркало сцены. М.: 1980
|
*
|
*
|
40%
|
|
|
8
|
Байсеркенов М. Қойылым және қолтаңба"Өнер" -А.: 1989.
|
*
|
|
100%
|
|
|
9
|
Богатенкова Л.И.Верность времени. "Өнер"-А.: 1981.
|
*
|
|
20%
|
|
|
10
|
Богатенкова Л.И.Театр поиски и надежды."Наука".-А.: 1983.
|
*
|
|
20%
|
|
|
11
|
Мировая художественная культура(электронный учебник)
|
|
|
100%
|
*
|
|
12
|
Ғабитов Т. Х. Мәдениеттану: Оқулық -2экз.
|
|
|
100%
|
*
|
|
13
|
И.Э.Кох. «Основа сценического движения»-Л.:1970
|
*
|
|
20%
|
|
|
14
|
Драматурги. Драматургия.Театр. Г.Г.Граник. Л.А.Концевая
|
*
|
|
40%
|
|
|
15
|
Искусство средних веков.Часть первая.-М.: DirectMedia Publishing Ltd, 2005
|
|
|
50%
|
*
|
|
16
|
Рудницкий К. Л.Проза и сцена М.:1981
|
*
|
*
|
40%
|
|
|
17
|
Жұбанов А. Замана бұлбұлдар. А.: "Жазушы". 1983.
|
*
|
|
80%
|
|
|
18
|
Станиславский К.С. Собр.соч.Т.1.2.3.4. 1967.
|
*
|
|
20%
|
|
|
19
|
Филиппов А.К. Художник и время. 2009
|
|
|
80%
|
*
|
|
20
|
Беседы К.С.Станиславского
«Сов. Россия» Москва - 1990
|
*
|
*
|
50%
|
|
|
5. Дәрістік кешен
1 апта
Дәріс №1
Тақырыбы: Режиссура – тәжірбие ісі
Қарастырылатын сұрақтар: Режиссер - ең алдымен тәжірибеге сүйенген режиссердің актермен, суреткердің пьесамен өз бетімен жұмыс істеу тәжірибе ісі.
Дәрістің мақсаты: Театр өнеріндегі режиссердің рөлімен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Режиссура - театр өнеріндегі ең негізгі мамандық. Кез келген драмалық шығарманы өзгеше сахналық творчествоға айналдырар импульс ретінде көрінетін бүтін театр шығармасын жасау. Ол - қойылымның көркемдік құрамының логикалық байланысын режиссерлық шығармашылық ниетімен сабақтастыра отырып актер және т.б. театрдың мәнерлеуші құралдарымен толықтырып, жаңа, көркем гармониялық рухани шындықты жасаушы.
Режиссердің қойылымның күрделі творчестволық процестеріндегі жұмысының түрлері жайында белгілі жоспардан сызбалар жасап беруге, және оның алдына қандай талаптарды қоюға болатынын айтып, көрсетіп беруге болады.
Осының бәріне қоятын қойылымның түпнұсқасы драмалық шығармаға деген көзқарасты режиссердің жан-жақты қарап, талқылауы оны болашақ қойылым қою жұмысында ұқыпты болуға міндеттейді.
Пьесаны өз бетінше талдап түсіне алатын, шығарманың «ұсынылған тосын жағдай» арасында емін-еркін зор белсенділік пен әрекет ете алатын, өз жанынан өнер тудыра алатын саналы санаткер туралы асыл арман К. С. Станиславскийдің бүкіл ғұмырын арнаған көкейкесті арманы болған. Өзінің творчествалық алғашқы кезеңдерінде ол актерлердің көнбіс әрі икемделгіш қасиеттеріне мән беріп, жоғары бағаланса, кейінгі кезеңдерінде «икемделгіш» қасиеттің зиян екенін, аталмыш сипаттың актердің өз бетімен жұмыс істеу қабілетін жоятынын түсініп, актер келісімпаздығы - өнер кінәраты екенін зерделеді.
Режиссердің көрсетіп бергенін талғамай қағып алып қарап отыруға дағдыланған актердің мұндай жұмыс түрі шығармашылық тудырмайды, оны белсенділіктен айырады, нәтижесінде өнерпаздың өнер жасаушы қабілеті – творчестволық процесі бұзылады. Осындай мысалдың құбылыстың өнерге қып-қызыл зиян екенін актерлер аңғармайды.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Режиссура - театр өнеріндегі ең негізгі мамандық.
Режиссердің қызметінің ерекшелігі неде?
Режиссерлық тәжірбиесінің мәні неде?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
Царев М.И. Мир театра: Кн. Для учителя .-М.: Просвещение, 1987.-255с.
2 апта
Дәріс №2
Тақырыбы: Инсценировка туралы түсінік
Қарастырылатын сұрақтар: Инсценировка өнері. Сахнаға лайықталған шығармалар.
Дәрістің мақсаты: Театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Инсценировка сахналау (лат. in және scaena (scena) - сахнаға) - әдеби көркем шығарманың сахнаға қою үшін лайықталып жасалған драмалық нұсқасы. Инсценировка жасау үлгісіертеден қалыптасқан 19 ғасырдың 2-ші жартысынан бастап Ресейде орыс әдебиетінің көрнекті шығармаларын инсценировка жасап сахнаға көрсету қолға алынды. Ф.М.Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар», Л.Н.Толстойдың «Арылу» шығармалары. Қазақ кәсіби театры сахнасында М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы бойынша «Абай» 1949 (авт. Ш.Айманов пен Я.С.Штейн) «Абай -Әйгерім» (1981 авт. Б.Римова), «Абай десем» (1995 Б.Атабаев) т.с.с. сахнаға лайықталған үлгілер бар. Соңғы жылдары инсценировканың жанрлық мүмкіндіктері артып жаңа түрлері қалыптасты. Поэзиялық шығармалар бойынша сахналанған инсценировкаларда сахнаға қойыла бастады.
Шығармадан алған алғашқы әсер- бұл болашақ сахналық инсценировканың бейнелік көрінісін жасаушы сезімдер мен ассоциациялар бастауы ретінде қаралады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Инсценировка дегеніміз не?
Инсценировка не үшін жасалынады?
Инсценировка жазған қазақ жазушылары туралы не білесің?
БҚ облысы қазақ драма театрында қойылған инсценировкалар туралы не білесің?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
3 апта
Дәріс № 3
Тақырыбы: Инсценировкалауға әдеби шығарма таңдау.
Қарастырылатын сұрақтар: Инсценировка өнері. Көрнекті жазушылардың үздік шығармаларын сахнаға лайықтау маңызы.
Дәрістің мақсаты: Театр өнеріндегі шығармалармен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Соңғы жылдары театр режиссерлары арасында жақсы драмалық шығармалар жетіспей жүргендігі жиі айтылады. Сол олқылықтың орнын толтырып отырған инсценировкамен жұмыстың қолға алынуы.
Режиссер инсценировкамен жұмыста ақын-жазушы(дан) идеясын екінші шындыққа айналдыру барысында автордан да нақтырақ болуы керек. Және ол шындық шығарма өмірдің құр көшірмесі емес көркем шындық ретінде көрерменге әсер етіп, оның санасында біз инсценировкалап отырған шығарманың авторы идеясы қалу керек.
Бұл кезеңде режиссер-студенттер драматургқа айналады, яғни практика жүзінде драма құрылымы заңдылықтарын; оның жанрлық ерекшеліктерін меңгеруге тырысып, әрекет қалай байланысып қалай дамиды, сахналық жағдайларды қалайша орналастырып мәнді қолданамыз т.с.с. мәселелерді қараймыз. Прозалық шығарма характері драмаға жақын болуы керек. Ал, конфликт характерлік драмалық талаптарға сай болуы керек. Шығарма диологтарға бай болуы керек. Дегенмен, диологқа құрылған кез-келген шығарма инсценировкалауға жарайды деген сөз емес. Сахнадағы әрекет –бұл дүниетанымдар, өмірлік позициялар қақтығысы, кейбіреулер ойлағандай тек сөз сапыру емес. Үзінді таңдағанда оның аяқталғанын сезу маңызды, яғни онда оқиға бастауы, оның дамуы және аяқталуы айқын көрініп тұру керек.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Инсценировкаға қандай шығармалар таңдау керек?
Инсценировкамен жұмыста шығарманың жанрлық ерекшелігін қалай анықтайды?
Сахнадағы әрекет дегеніміз не?
Драма құрылымы деген не?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
4 апта
Дәріс №4
Тақырыбы: Композиция – шығарма құрылысы
Қарастырылатын сұрақтар: Драмалық шығарма құрылымымен танысу.
Дәрістің мақсаты: Театр шығармаларын талдау шеберлігін қалыптастыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Композиция – қазақша құрастыру, тәртіпке келтіру деген мағынаны білдіреді. Жазушы өмір картинасын шынайы беруге тырысады. Ол үшін көрсетпекші болған өмір шындығын саралап, екшеп алады. Оны көркем характерлер бойыңа сіңіріп, олар арасындағы тартыс арқылы қоғамдық тартысты көрсетеді.
Шығармадағы оқиғаларды шын, жанды күйіндегідей етіп, біртұтас бірлікте көрсетеді. Кейіпкерлерді қимылға келтіріп, олардың характерін ашады. Ол хараткерлердің бірін екіншісімен толықтыра отырып, біртұтас дүние жасап шығарады. Жазушы соңғы оқиғаның алдыңғы оқиғаның заңды жалғасы есебінде келуін қадағалай отырып, шығарманың аяғында белгілі бір характердің тұлғасын жасайды. Ол характердің өсіп, оқиғаның даму жолымен шығарманың құрылысы да сәйкес келіп отырады.
Осылайша көркем шығарманың барлық бөліктерін біртұтас дүние етіп біріктіріп тұрған, өмір шындығын образдар арқылы көрсетіп, автордың түсінігі арқылы беретін, сөйтіп жазушының айтпақ болған идеясын оқушыға жеткізетін көркемдік құрал – шығарманың құрылысын – композиция дейміз.
Бірақ ескере кететін бір жай, көркемөнердегі композиция проблемасы алғашқы кезіңде жалпы өнердегі көркемдік проблемасынан бөлініп алынып, жеке қарастыылған жоқ. Сондықтан да өнердің бір саласы көркем әдебиеттің, оның әр түрлі жанрларының композициясы туралы мәселе де жалпы өнердегі композиция проблемасымен бірге қарастырылды. Сөйтіп, біздің ғасырымызға дейін өмір сүрген көптеген ойшылардың композиция туралы айтқан пікірлері олардың жалпы көркемдік туралы айтқан пікірлерімен ұштасып жатты. Осыған орай ол пікірлерді жалпы өнердегі көркемдік проблемасымен қоса қарастыруға тура келеді.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Драма өнері туралы не білесің?
Құрылым дегеніміз не?
Құрылым неше элементтен тұрады?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
5 апта
Дәріс № 5
Тақырыбы: Көркем шығармадағы сюжет
Қарастырылатын сұрақтар: Сюжет көркем шығармадағы адамдардың қарым-қатынасы, байланысы. Оқиғаның дамуы мен образдардың өсу тарихы.
Дәрістің мақсаты: Драмалық шығарма құрылымымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Сюжет эпикалық, драмалық және лиро-эпикалық жанрдағы оқиғалы шығармаларға ғана тән, ал композиция – барлық жанрдағы шығармаларға тән. Лирикалық жанрдағы шығармаларда сюжет бола бермейді, онда ой ғана айтылады. Бірақ онда да идея иен композиция міндетті түрде болады. Дүниеге келген әрбір туындының көркемдігі мен құндылығы осы екеуінің бірлігі арқылы ғана анықталады. Бұл көркем шығармадағы шеберлік проблемасы деген сөз.
Соңғы кезге дейін сюжет пен композицияны бір деп қараушылық басым орын алып келді. Бұл сюжет пен композицияның бірімен-бірінің өте тығыз бірлікте келетіндігіне байланысты туып жүрген қате түсінік. Шын мәнінде, сюжет композияцияның құрамына енгенмен жеке зерттеудің объектісі болатындай өз алдына проблема.
Сюжет оқиғалы көркем шығармадағы адамдардың қарым-қатынасы, бірімен-бірінің байланысы, оқиғаның дамуы мен образдардың өсу тарихы. М.Горькийдің сөзімен айтқанда, «Адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр алуан әдеби мінездің өсу, жасалу тарихы». Ал, композиция болса, көркем шығармадағы оқиғалардың белгілі бір жүйелілікпен орналасу тәртібі. Жазушының өзінің айтпақ болған идеясын оқушыларына жеткізу үшін алған образдары мен оқиғаларын жігін білдірмей орналастыру шеберлігі. Ол үшін жазушының қолданған әртүрлі әдісі мен шығарма бөліктерінің сәйкес келу симметриясы, демек, жазушының айтпақ болған идеясын берудің көркемдік құралы.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Сюжет дегеніміз не?
Қандай жанрдағы шығармаларда сюжет болады?
Сюжеттің композициядан ерекшелігі неде?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
6 апта
Дәріс № 6
Тақырыбы: Инсценировкамен жұмыстану барысындағы көркем шығарма элементтері
Қарастырылатын сұрақтар: Эпизод. Тақырып. Идея. Диолог. Монолог.
Дәрістің мақсаты: Драмалық шығарма құрылымымен таныстыру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Эпизод – спектакль ішіндегі кішкене спектакль. Эпизод түрлері.
Драматургиялық шығармада эпизодтың 3 түрі. Эпизод «мост», эпизод «штрих».
Тақырып – дегеніміз өмір мәселесі. Шығармада айтылатын өнер құбылысы және оған қатысты жағдайлар.
Идеясы – мақсаты, мәні, мазмұны. Айтылатын өмір құбылысының қыры мен сыры жағынан автордың айтқысы келген ойымен, автордың суреттеген ойының қорытындысы.
Монолог (грек monos – бір, logos – сөз) – 1) драмалық шығармаларда кейіпкелердің өзіне немесе көрермендерге арналған сөзі;
2) автордың сыр – сезімін білдіретін лирикалық толғаныс. Бір ғана кейіпкермен шектелетін пьеса немесе арнау сөзі. Ең алдымен сценарийде идеясы мен, тақырыбы анықталады. Диолог.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Эпизод дегеніміз не?
Тақырып дегеніміз не?
Идея дегеніміз не?
Монолог, диолог түсінігі.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
7 апта
Дәріс №7
Тақырыбы: Инсценировканы режиссерлық талдау.
Қарастырылатын сұрақтар: Инсценировкамен жұмыстағы талдаудың маңызы.
Дәрістің мақсаты: Театрлік, режиссерлік талдау маңызын түсіндіру. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Инсценировканы режиссерлық талдау барысында бірінші шығарманың идеясын, тақырыбын анықтау қажет. Ұсынылған жағдайдың үш шеңберін,
негізгі қақтығысты табу. Әрекет арқауы және қарсы әрекет. Көкейкесті мақсат.
Қатысушылардың өзара қарым-қатынасы. Шығарманың жанрын және стильдік ерекшеліктерін табу. т.с.с.Режиссердің құрған мизансценасының көркемдік қасиеті оның шынайылығында, мәнерлілігінде және қарапайымдылығында шынайылылықтың бұл мизансцена құр ойластырыла салған емес, сахнадағы адамдардың орналасуы өмірдегідей болуы керек. Жақсы дұрыс образды мизансцена еш уақытта өзінен өзі туындамайды. Және оны жасау режиссердің басты мақсаты болмауы керек. Ол шығармашылық тапсырмалардың жиынтығының шешім нәтижесі ретінде көрінеді. Мұнда әрекет арқауын табу, актер образының тұтастығы, қатысушылардың жеке тән сезімі және әрекет-оқиға өтіп жатқан орын атмосферасы.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:
Инсценирвокамен жұмыста қандай элементтерге баса назар аудару қажет?
Қатысушылардың өзара қарым-қатынасы дегеніміз не?
Шығарманың жанрын және стильдік ерекшеліктерін қалай табуға болады?
Пайдаланатын әдебиеттер:
Байсерке М.Б. «Сахна және актер»-А .: 1993
Захава Б. «Мастерство актера и режиссера»-М.:1978
Станиславский К.С. Собр соч. Т. 1.2.3.4. М.: 1967
8 апта
Дәріс № 8
Тақырыбы: Инсценировка ниеті.
Қарастырылатын сұрақтар: Режиссерлық ниет. Ниеттің шешімі.
Дәрістің мақсаты: Инсценировканы талдау жұмысын жасауды үйрету. Студенттің кәсіби білімі шеңберін кеңейту.
Дәрістің мазмұны:
Инсценировка сюжеті. Инсценировканың көкейкесті мақсаты. Әрекет арқауы және қарсы әрекет. Басты конфликт және конфликттің арақатнасы.Оқиғалар ретінің алдын-ала шешімі. Пластикалық шешімнің тууы. Сахналық кеңістік шешімі. Шу, музыка, жарықты қолдану. Атмосфераны алдын-ала сезу. Алғашқы ниеттің қойылу барысында өзгеру мүмкіндігі.
Актермен жұмыс қазіргі заманғы режиссураның негізгі ретінде. Орындаушылармен алғашқы кездесу, режиссерлық ниеттің ашылуы, орындаушылардың қиалын пайдалану, этюдтағы әрекет арқауы мен кейіпкердің өмір желісін бірге жасап өңдеу.
Суреткер бейнелеген мизанценаны қалыптастыру(фиксация)
«Мен» өзім деу арқылы олардың жағдайындағы ұсынылғн тосын жағдайды нақтылау, оның талдауы.
Әрбір кейіпкер әрекетінің қисынын, әрекетінің бағыт-бағдарының сабақтастығын меңгеру.
Орындаушы актердің кейіпкерлер өмірбаянын, олардың талпыныстарын, мақсаттарын, кейбір әрекеттерін жасау қажеттіліктерін біртіндеп «өздеріне қабылдауы».
Кейіпкерлер характерінің мәнінің қисындылығын тексеру. Кейіпкердің ұсынылған жағдайындағы әрекеті арқылы характерді табу. Оның сахна алаңында болып жатқан оқиғаға сәйкес сенім-сезімн шақырарлықтай әрекеттерінің ішкі қисынын дәлелдеу.
Инсценировканың әрекет арқауының дамуына орындаушылар өз кейіпкерлерінің қатысу мөлшерін бақылауы. Инсценировканың соңғы кезеңі; музыка, шу, костюм, реквизит таңдау.
Достарыңызбен бөлісу: |