ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «мал шаруашылық Өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау» мамандық үшін 5В120200-«Ветеринариялық санитария» ОҚУ Әдістемелік материалдар



бет3/7
Дата08.09.2017
өлшемі4,93 Mb.
#30812
1   2   3   4   5   6   7

Өкпеден кейін жүректі қарайды (финноз, эхинококкоз). Жүрек қуысын жарып тексереді (клапандардың жаралануы), қанның күйін (ұйиды, немесе ұйымайды) анықтайды.

Бауырды тексергенде ең алдымен лимфа түйіндерін, одан кейін өт өзектерін жарады және пышақтың қырымен өт өзектерінің ішіндегі сұйық затты (өтті) сығып шығарады, оның ішінде фасциолдар, дикроцелийлер болуы мүмкін. Бауырды тексергенде эхинококктардың, іріңнің бар – жоғына, сондай-ақ бауырдың көлеміне, түсіне, жұмсақтығына назар аударады.

Бүйректі ұшадан айырмайды. Ең алдымен бүйректі сыртынан қарап, қол мен басып көреді, егерде қалыпты жағдайдан өзгерегн деп есептегенде міндетті түрде жарып – тексеру керек.

Желінді қолмен мұқият басып қарайды, 1-2 тереңірек қылып пышақ пен кесіп, лимфа түйіндерін тексереді.



Ас қорыту органдарын тексеру

Шажырқайды тексеруді және шажырқай арасында орналасқан бірнеше неғұрлым күмәнді (ұлғайған) лимфа түйіндерін жарып қарайды. Қарынды тексергенде оның сыртқы бетіне көңіл аударады. Қажет болған жағдайда (оған себеп болса) қарынды жарып, оның кілегей қабығын тексереді.


Малдың ұшасын тексеру
Ұшаны тексергенде оның толық қансыздандырылуын анықтайды, егер ұша толық қансызданбаса, қатты ауырған не болмаса сояр алдында өте көп жұмыс істеген (қашқан, қуып жүріп сойған, қиналып, союға мәжбүр болған, тасымалданып, бірақ демалмаса) малдың ұшасы деп күмәндануға болады. Толық қансызданбады деп, егер де еттің түсі қоңыр – қошқыл болса; қан тамырлары қанға толып тұрады, әсіресе тері асты, қабырға бойында жататын қан тамырлары. Егерде қанның ұшадан нашар ағуы – организмде бір патологиялық процесстің бар екендігін дәлелдейді. Өйткені сау малдың ұшасынан қан ақырындап болса да ағып, ұша қаннан тазарады. Ал егер ауру малдың ұшасынан қан ақпайды да, етінің түсі қоңыр – қошқылданып тұрады. Ұшаның толық қансызданғаның анықтайтын көптеген әдістер бар.
Құс ұшасы мен органдарын тексеру
Жүндегеннен кейін құстың бар ұшалары тексеріледі. Тексерген кезде дұрыс сойылуын, мүшеленуін анықтайды, басының, тұмсығының, ауыз қуысыныңтазартылу дәрежесін, сондай – ақ табандарының саңғырықтан тазартылуына т.б. назар аударады. Дені сау құсты жақсылап қансыздандырғанда оның ұшасы терісінің түсі сарғыштау немесе қызғылт реңді боз, көкшіл дақтарсыз ашық келеді, қан тамырларында қан жоқ.

Қанағаттанарлықсыз және нашар қансыздандырылғанда, ұшасының терісі қызыл түсті, сыртқы жағында қанға толы тамырлар байқалады, бұлшық ет кесіндісінің беткі жағы ылғалды, көкірек және сан бұлшық еттерін көленінен кесіп қарағанда сулы.

Терісін тексергенде ісіктің бар – жоғына, сондай – ақ терісінің инвазиялық және жұқпалы ауруларға душар болған-болмағандығына назар аударады.

Органдарды ұшадан алмай тексереді. Мал дәрігерлік – санитарлық жағынан тексеруге шала жүнделген ұшалардың тек терісі, табиғи тесіктердің кілегей қабықтары және ішектер жатады.

Тыныс алу жолдарының шіру процесстерін анықтау үшін көкірек қуысына енетін жерінің маңынан кеңірдекті көлденеңінен кеседі. Ауыз қуысын тексеру үшін езуден кеседі.

Ұшалар мен органдарды ет өндіретін кәсіпорындарында конвейірлі жүйе мен, егер де ол жоқ болса (қасапханаларда) бір-ақ кісі байқап-тексереді.

Ал енді конвейерлі жүйесі бар кәсіпорындарда басты, ішкі органдарды әр түрлі нүктелерде (точкаларда) тексереді. Мұндай нүктелер ұшадан органдардың қай жерде бөлектенетініне байланысты болып әр жерде болады да, әр түрлі дәрігерлер байқап – қарайды.

Өте ірі механизирленген конвейерлі жүйемен жабдықталған ет кәсіпорындарында ірі қараның басын жүріп келе жатқан конвейерге іліп жібереді, ал ішкі органдарды конвейерлі үстелге салады, ол үстел ұшаның конвейерімен бірдей қозғалып жүреді.

Шошқаның басы ұшадан алынбайтындықтан оны ұшаның конвейерінде тексереді. Ал шошқаның ішкі органдарын конвейерлі столдағы алюминий қазандарыеа (шұңқыр тегене) салады. Ол конвейер ұша конвейерімен бір қатарда жылжып отырады.

Ірі қара малының өнімдерін алғашқы өңдеуден өткізетін конвейерде келесі мал дәрігерлік – санитарлық сараптау нүктелері қарастырылған.



  1. Басты қарап – тексеру

  2. Ішкі органдарды қарап – тексеру

  3. Ұшаны қарап – тексеру

  4. Төртінші, не ең ақырғы нүкте

Ол өте тәжірибелі мал дәрігері бар нүктелердің нәтижелерін жинап, қорытындылайды.

Шошқаның өнімдерін тексеретін конвейерде келесі нүктелер болады:

  1. Қансыздандыратын жүйенің соңында, жақ асты бездерін топалаңға қарсы жарып – тексереді.

  2. Басты толықтай жарып тексереді

  3. Ішкі органдарды қарап – тексеру

  4. Ұшаны қарап – тексеру

  5. Соңғы нүкте, қорытынды жасау нүктесі.

Қой мен ешкі өнімдерін конвейерде 3 нүктеде тексереді:

  1. Ливер мен ішектерді байқап – қарау

  2. Ұшасын тексеру

  3. Қорытынды нүктесі

Әрбір жұмыс орындарында аспаптарды зарарсыздандыратын стерилизатор (зарарсыздандырғыш аспап), ыстық және суық суы мен қолжуғыш, сабын, орамал және зарарсыздандырғыш ерітінділер болуы тиіс.

Бақылау сұрақтары:


  1. Мүйізді ірі және ұсақ малдардың ұшасын тексеру реті

  2. Шошқа ұшасын тексеру реті

  3. Жылқы ұшасын тексеру реті


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.62-66.

  2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.102-106.


3 модуль. Аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау.
Дәріс 4-5.

Жұқпалы аурулар кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Жоспар:
1. Бруцеллез және туберкулез ауруларымен зақымдануы жөнінде қысқаша сипаттама. Сояр алдындағы диагностика, маңызы.

2. Сойылғаннан кейінгі диагностика.

3. Сойыс өнімдеріне берілетін санитарлық баға.

4. Сойыс өнімдерінен Сібір жарасы, аусыл, листериоз, туляремия, маңқа, сақау аурулары табылғандағы санитарлық сараптау.

5. Аталған аурулардың сояр алдындағы диагностикасы

6. Сойылғаннан кейінгі диагностика

7. Сойыс өнімдеріне берілетін санитарлық баға
Бруцеллез және туберкулезбен зақымдану біздің Республикада жиі кездеседі.

Қазақстанда бруцеллез бен туберкулезге әсіресе Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарында жиі ұшырасады.

Малдарды бруцеллез бен туберкулезден сауықтыру үшін орасан зор қаражат керек. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысын сауықтыру үшін 50 млн ақша (ескі бағамен) керек. Ал мал орындарын толтыру үшін малы ауырмайтын таза жерден мал сатып алу керек. Осының бәріне өте көп шығын бөлінеді.

Онымен қоса: Ауру малды қолда көп ұстайды, малдың өнімі төмендейді, малға берілген жем – шөптің өзіндік құны артады т.б шығындар.

Біздің бүгінгі мақсатымыз: ет комбинаты мен шаруашылықтарда бруцеллез бен тубкеркулезге диагноз қою.

Сояр алдындағы диагностика. Туберкулезбен ірі қара, шошқа: Бруцеллезбен ірі қара, қой, ешкі, шошқа жиі ауырады.

Диагностика әдістері:

Клиникалық белгілері арқылы анықтайтын әдіс көп қолданылмайды, өйткені клиникалық белгісі бар малдарды шаруашылықта, қасапханаларда, барлық ережелерді сақтап сояды. Сойыс өнімдерін мұқият тексергеннен кейін, зарарсыздандырған соң ғана тағамға жіберіледі.

Шаруашылықтарда зақымданған малдармен жұмыс істейді.

Аллергиялық әдіс – Туберкулезде негізгі әдіс, ал бруцеллезде негізгі әдіс серология (не қанды тексеру арқылы) не аллергиялық әдіс.
Туберкулез. Басты міндет лимфа түйіндерінде, мүшелерде, тканьдерде туберкулдарды табу. Оның көлемі тары дәнінің көлемінен тауық жұмыртқасының көлеміне дейін болады.

Туберкулдер сыртынан дәнекер тканьмен қапталған. Ортасында құрғақ казеозды, некрозды зат бар. Егер туберкулездің осы сатысы кездессе, онда ашық туберкулез деп, ал егер ошақ әктеніп кетсе онда жабық туберкуллез деп аталады. Онда ауру қоздырғышы белгілі бір жағдайларға дейін бөлінбейді (суық, ылғал, арықтау, ауру).

Ірі қарада туберкуллез ошағын өкпеден және кеуде қуысынан кездестіруге болады. Өкпеден қызыл-сұр түстес тығыз келген ошақтар байқалады, жарғанда ортасында казеозды зат бар. Кейде казеоздың орнына ірің де болуы мүмкін.

Лимфа түйіндер ұлғайған, тығыз, сырты бұжыр, ортасында казеозды зат бар.



Серозды қабық. Көк шандырда құрсақ қуысының ішкі қабығында жылтыр тығыз, грек жаңғағындай көлемі бар туберкулез ошақтарын көреміз (жемчужница). Соңғы кездері жақ асты бездерінен де өзегерістер табылып жүр.

Туберкулездің ішектерді, сүйекті жарақаттайтын түрі де кездеседі.

Туберкулездің жайылып кеткен түрі көбінесе кеуде,құрсақ қуысын зақымдайды.

Мәліметтер бойынша: кеуде қуысының лимфа түйіндері 100%, өкпе 90%, бауыр 8%, көк бауыр 5%, жақ асты бездері 5%, желін 3%, ішектер 1% туберкулезге шалдыққанын анықтай алады.



Бруцеллез. Патологиялық өзгерістер мүшелерде, тканьдерде туберкулездегідей айқын байқалмайды. Сондықтан да олар диагноз қою үшін өте маңызды емес. Сояр алдындағы басты клиникалық белгілер: малдардың буындары іседі еркек малдардың ені, ұрғашы малдардың желіні қабынады.

Аналық малдарда: көбінесе іш тастайды. Іш тастағанда аса қауіпті деп түсік пен шарана суы есептелінеді. Шарана ісінген, ірімшік тәріздес фибрин ұнтақ дақтары бар, гангреналы жіті метрит ауруын байқауға болады. Сондықтан да біз көбінесе малдәрігерлік куәлікті жазған дәрігерге үлкен сенім көрсетіп, соған сенеміз.

Бруцеллезді қай аурулардан ажырату қажет: жалған туберкулез және паратуберкулез.

Жалған туберкулезде экссудативтік процестер байқалады.

Паратуберкулез: ішектер зақымданып, тышқақ болады (он екі елі және ащы ішек, кілегей қабығы қалыңдайды 5-20 есе және шажырқай лимфа түйіндері өзгереді).

Санитарлық баға.

Екі жағдайда ұша және ішкі мүшелер утилизацияға жатқызады.

1. Туберкулездің қай түрімен зақымданса да арық ұша болса және туберкулездің жайылған түрінде, қоңдылығына қарамай-ақ ұша мен ішкі органдарды техникалық қайта өндеуге жібереді.

2. Егер де тек лимфа түйіні, не болмаса бір ішкі органды, тканьдерде болса, туберкулез ошағы болса, бірақ қондылығы орташа болса, онда қайнатып, консерві жасауға қолданылады.

Туберкулезбен зақымдалған органдар мен тканьдер(формасына қарамастан) техникалық қайта өндеуге жібереді.

3. Егер де туберкулинге оң реакция беріп, бірақ сойғанда зақымдалу табылмаса, ұша мен органдар еш бөгетсіз босатыла береді. Терісін өңдемей – ақ жібере алады.

4. Құс туберкулинге оң реакция беріп, патологиялық өзгеріс табылмаса, ұшаны қайнатып зарарсыздандырады, өйткені өте көп жағдайда құстардың сүйек кеміктері зақымданады.

Егер шошқада жақ асты безінде әктелген ошақ оны аластап, басты тілмен залалсыздандырады, ұша, органдарды босата береді. Шажырқай безінде болса ішекті утилизацияға, ал ұша мен мүшелерді босата береді.



Бруцеллез. Егер сойған кезде ( қой, ешкі, сиыр, шошқа) клиникалық және патанатомиялық белгілері байқалса қайнатады. Желін мен ішектерін техникалық қайта өндеуге жібереді. Бауыр, бүйрек және т.б. қосымша өнімдерде патологиялық өзгерістер жоқ болса, қайнатады. Егер бар болса техникалық қайта өндейді.

Егер де еттен ірі қара, шошқа агглютинация реакциясына оң реакция берген, патантомиялық өзгерістер табылмаса ет пен органдарын еш бөгетсіз босата береді. Егер де ірі қара мен шошқа етінен бруцеллездің қой типі табылса, онда бұндай етті пысырылған шұжық және консерві дайындауға жібереді.

Қой мен ешкі етін пысыралған шұжық пен консерві дайындайды, не болмаса санитарлық ережелерді сақтай отырып қайнатады. Сиыр қой ешкі желінін оң реакция берген, бірақ ұшада патологиялық өзгерістер жоқ, онда қайнатамыз. Егер ішек, өңеш, несеп қуығы, 15% тұз ерітіндісінде ұстап, (құрамында 0,5% тұз қышықлы бар) 48 сағат 18-200 температурада ұстайды. Клиникалық белгісі бар және өң реакция берген малдан ішкі секреция бездері жиналмайды, тек ұйқы безі оң реакция берсе, бірақ клиникалық және патологиялық өзгерістер жоқ болса кристалды инсулин дайындау үшін жинауға болады. Оң реакция берген және ауырған малдарың қанын азық ұнын жасауға және техникалық өнімдер жасауға пайдаланады. Оң реакция берген және ауырған малдың қанын азық ұнын жасауға және техникалық өнімдер жасауға пайдаланылады. Теріні еш бөгетсіз босата береді.

Мал дәрігерлік – санитарлық сараптау кезінде, барлық жұқпалы аурулар, адамға тигізетін зиянына байланысты 2 топқа бөлінеді:

1.адамдарға сойыс өнімдері арқылы берілетін аурулар (сібір жарасы, туберкулез, бруцеллез, аусыл, шошқа қызылшасы, лептоспироз, листериоз, Ку қыздырмасы, туляремия, құтырық, жыбырлақ, сіреспе т.б.).

2.адамға жұқпайцтын аурулар. Бұлар да 2-топқа бөлінеді. Бұның бір тобы адамда кездесетін, бірақ ет өнімдері арқылы жұқпайтын аурулар: актиномикоз, ботриомикоз, қатерлі ісік (газды гангрена, псевдотуберкулез) және адамдарда кездеспейтін аурулар (пастереллез, шошқа обасы, ірі қараның қатерлі катарлы қызбасы, шошқаның сему риниті.

Жұқпалы ауруларды бұндай топтарға бөлу мал дәрігер – сараптаушыны бірінші топтың ауруына аса көңіл аударуды талап етеді, үйткені мұндай аурулар айқындалған жағдайда адамдардың жұқпалы аурулармен зақымданбауын қамтамасыз ететін шараларды іске асыру қажет.

Бірінші топтың ауруларынан басталық.



Сібір жарасы. Топалаң қой мен ешкіде, жамандат жылқыда, қарасан сиырда, акшелек түйеде, түйнеме адамда.

Көршиқан шығып, септицемия түрінде өтетін адам мен жануарларға ортақ жұқпалы ауру. Құстан басқа малдың барлық түрі шалдығады.



Сояр алдындағы диагностика.

Жасырын кезеңнің ұзақтығы 2-3 апта. Температураның жоғары болуы, күйзелуі, тәбеттің қашуы, жүректің әлсізденуі, домбығу, гиперемия және кілегей қабықтың көгеруі, геморрагиялық гастроэнтерит болуы топаланның негізгі белгілері.

Жоғарғы температура көтерілуімен қатар жылқыда шынышқақ, түйме, ірі қарада – іш кебуі, ұсақ малда тырысып – бүрсуі, шошқада көмекейі мен жұтқыншағы аймағының жіті қабынуы, итте геморрагиялық гастроэнтерит білінеді.

Ауру көбінесе 2 түрде өтеді:

1.көршиқан шығатын түрі

2. септицемия түрі

Патологиялық процесстің орналасуына байланысты: топалаң теріде, ішекте, өкпеде, жыныс органдарында болуы мүмкін.

Аурудың жіті түрін қой мен ешкіде жиі кездестіреміз. Олардың ауру белгілерін анықтау қиын, үйіткені тез өліп кетеді.

Аурудың жіті түрінен басқа созылмалы түрі де болады. Онда малдар өте арықтайды, топалаңға күмәндәну тек сойғанан кейін ғана анық көз жеткізуге болады.

Топаланның белгілі бір жерде орналасуы да кездеседі. Мысалы шошқаның топаланға шалдыққанда жақ асты бездері және оны қоршаған мүшелер қабынады. (ангина, фарингит). Демалу қиындап, мал жұтына алмай, аузынан көп сілекей ағып тұрады. Шошқа тамақ іше алмайды, кілегей қабықтары көкшіл тартып кетеді. Көмекей мен жұтқыншақтың ісініп – қабынуына байланысты мал тұншығып барып өледі.

Егер де малды ет комбинатына әкеле жатқанда, не ет комбинатына қабылдау кезінде топалаң байқалатын бола, түгел малды байқап-қарап, дене қызуын өлшейді.

Егер де дене қызуы қалыпты болса, ауру белгілері жоқ болса, ірі қара, қой мен ешкіні, түйені, жылқыны карантинге жатқызып топалаңға қарсы сарысу егіледі. Малдарды мұқият қадағалайды. Күнде дене қызуын өлшейді.

Ал егер клиникалық белгілері айқын болса, онда оқшаулағышқа қамап, емдейді.

3 күн өткен соң, температурасы қалыпты жағдайда болса, санитарлық қасапханаға жіберіліп, сойылады.



Сойғаннан кейінгі диагностика.

Ірі қарада – ұша өте нашар қансызданған, қатпаған, бос, қан ұйымайды. Тері астында әр түрлі мөлшерлі қанды ісік байқалады. әсіресе қарын, жауырын, кеуде, желін аймағында, сонымен қоса шажырқайда, ішекте, ауыз қуысының кілегей қабығында, лимфа түйіндері маңында астыңғы жақ арасында жиі кездеседі.мойын және кеуде бұлшық еттері қанталайды. Лимфа түйіндері үлкейіп, ісінеді, кесіп жарғанда, қызыл – кірпіш тәріздес не қою қызыл түске боялған.

Қанның құйылуы мүшелерде көп нүкте және жолақ түрінде кездеседі.

Көкбауыр өте ұлғайған. өте жұмсақ сыртқы қабығын қырғанда қоймалжын сұйық пайда болады.

Бауыр былжыраған, қан толып кеткен, бүйрекке қан құйылғаны байқалады.

Топалаңның ішекті жарақаттағанда көбінесе он екі елі ішек және ток ішек зақымданады. Серозды қабығында қанталаған ошақтарды аңғаруға болады.

өкпе ісініп, тығыздалған. Барлық ішкі мүшелері қанға толып кеткен.

Бұндай өзгерістер, малдың тірі кезінде ауру белгілері айқын болып, температурасы көтеріңкі болған жағдайды, өлерге 16 – 24 қалғанда болуы мүмкін. Бұндай малдарды союға болмайды. Сондықтан да мүшелерді мал дәрігерлік санитарлық сараптау кезінде топалаңның септицемиялық формасын өте сирек кездестіреді.

Шошқада көбінесе, жоғарыда айтылғандай тамақ ауруы түрінде өтеді.

Топалаң деп диагноз қойылғанда берілетін санитарлық баға.

Егер ауру септицемия түрінде кездессе малдарды союды тоқтатады. Диагнозды анықтау үшін көкбауырдан, лимфа түйіндерінен, құлақты және зақымданған мүшелерден бактериологиялық және бактериоскопиялық зерттеулерге сынамалар жүргізіледі. Талдаудың қорытындысы келгенше, барлық мүшелерді оқшаулайды. Егер де бактериоскопиялық зерттеу топалаң бар деп тапса, ұшаны барлық мүшелерімен, терісімен, бактериологиялық зерттеуді тоспай – ақ өртеп жібереді.

Қалған мүшелерін (аяқ, құлақ, желін, қан) және топалаңға шапқан малдың мүшесімен араласқан заттарды да өртеп жібереді.

Топалаңға шыққан малдың терісімен қатар болған терілерді ережелерге сәйкес зарарсыздандырады.

Егер де басқадай ұшаларға, мүшелерге жанасқан болса, онда оларды 6 сағ ішінде қайнату әдісімен зарарсыздандырады. Егер де олай істей алмаған күнде 10 С төмен температураға қойып сақтап, 48 сағ ішінде қайнатады. Егер де мүлде қайнатуға жағдай болмаса, өртеп жібереді.

Бақылау сұрақтары:


  1. Туберкулез ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика

  2. Туберкулез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  3. Бруцеллез ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика

  4. Бруцеллез кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  5. Сібір жарасы ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика және сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  6. Аусыл ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностика

  7. Аусыл кезіндегі сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы

  8. Маңқа ауруындағы сойғаннан кейінгі диагностикажәне сойыс өнімдерінің санитарлық бағасы.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Дюсембаев С.Т. Ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2013ж, б.108-113,119,160-187,204,240-244.

  2. Нұрғалиев Б.Е. Мал және құс өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау. Алматы 2011 ж, б.155-164,168.

  3. Макаров В. А. «Ветеринарно-санитарная экспертиза с основами технологии переработки продуктов животноводства». Москва, 1991 г.с. 66-70.


Дәріс 6-7

Инвазиялық аурулар кезіндегі сойылған мал өнімдерін ветеринариялық - санитариялық сараптау.

Жоспар:


  1. Инвазиялық аурулар жөніндегі қысқаша сипаттама

  2. Аурулардың малды сойғаннан кейінгі диагностикасы

  3. Инвазиялық аурулар мен ауырған мал өнімдеріне берілетін санитарлық баға.

Трихинеллез – көптеген сүт қоректілерде кездесетін, жіті және созылмалы түрде өтетін, Айқын аллергиялық өзгерістер туғызатын инвазиялық ауру. Аурудың қоздырғышы – жұмыр құрттардың өнімі. Trichinella тұқымына жататын құрт.

Сойылатын малдардан трихинеллезбен шошқа ғана ауырады. Ал табиғи жағдайда трихинеллезбен көптеген жабайы аңдар: аю, тағы қабандар, борсық, түлкі, қасқыр және т.б, бұдан басқа кеміргіштер шалдығады, сондай ақ адам да ауырады. Ауруға шалдыққан жануарларауру қоздырғышын тарататын негізгі ошақ деп есептелінеді.

Қоздырғыштын екі түрі кездеседі:

1.Ішекті мекендейтін (сақа құрт)

2.Бұлшық етті мекендейтін (балаң құрт)

Екеуін салыстырғанда адамдар үшін және үлкен мал дәрігерлік маңызы бар бұлшық етті мекендейін балаң құрт. Ол тек көлденен жолақты етті мекендейді. Сыртынан қабықпен қоршалады (капсула). Ол тегіс ет тканінде, жүрек етінде, май тканінде мекендейді, бірақ шошқаның шпигі арасындағы етте кездесе береді.

Капсула ішінде спираль тәріздес жұмыр құрт болады. Капсуланың формасы сопақ, не дөңгелек болып келеді. Көбінесе көк ет, тіл, кеңірдек, мойын, қабырға аралық және құрсақ еттерінде орналасады.



Сойғаннан кейінгі диагностика.

Диагностиканның бір – ақ әдісі бар – трихинеллоскопия. Мал дірігерлік сараптауда шошқа ұшасы мен жабайы жануарлардың тағамға пайдаланарда қолданатын әдіс - етті трихинеллезге тексеру.

Торайларды трихинеллезге 3 аптадан асқанынан соң тексереді. Сынама үшін көк еттен (диафрагмадан) 60 г. ет алады, ал одан алынбаса қабырға аралық, белдеме, күйіс қайыратын, мойын еттерінен бірінен аламыз.

Зерттеуге қыйсық қайшы мен сұлы дәнінің көлеміндей етіп ет кескіндерін дайындаймыз. Ет кескінің компрессориумның төменгі шынысына (барлығы 24 кескін) салып, жоғарғы шыныны жауып, газеттердің жазуын оқығанға дейін қатты қысады. Кесіндіні 50 – 70 есе көбейтетін трихинеллоскоптың, не микроскоптың астына қойып тексереді. Бұдан басқа қандай әдістермен трихинеллезге тексереміз?

Трихинеллезге проекциялық әдіспен тексергенде, бір мезгілде бар кесіндіні көріп, сағатына 45 – 60 зерттеу жүргізуге болады.

Ал ет комбинаттарында трихинеллезге жалпылама зерттеу қолданылады. Ол үшін арнайы ерітінді де бірнеше шошқа ұшасынан алынған сынамаларды қорытады да, балаң құрттар тұнбаға түседі. Сынамаларды АВТ аппаратының көмегімен тексереді. Сынамаларды трихинеллез кездесетін шаруашылықтардан 5 г-нан 20 ұшадан алады, ал трихинеллез кездеспейтін шаруашылықтардан (8-10 жылдан бері) 100 ұшадан 100г. сынама дайындап, ұсақтайды, реттік сандары бойынша, стаканға жинайды. Арнаулы ерітіндіні сынама мен араластырып, 45 минут араластырады. Егер трихинелла бар болса, онда ол тұнбаға түседі, сондықтан тұнбаны микроскоп пен, лупа мен микропроектор мен тексеруге болады.

Егер тұнбадан 1 немесе одан да көп балаң құрттар табылса, зертеліп жатқан барлық шошқа ұшасын (20 не 100), қосымша аспалы жолға шығарып қояды. Сонан соң ұшаларды 8 топқа 12-13 ұшадан (Егер 20 болса онда 2-3 ұшадан) сынама алып қайта жоғарыдағыдай тексереді. Егер бір топың ұшасынан трихинеллез шықса, онда ол топтың ұшаларынан жеке-жеке сынама алып АВТ аппаратында тексереді. Осы жолмен трихинеллезбен зақымдалған ұшаны анықтайды.

Сақталған шошқа етін (мұздатылған, тұздалған) қалай трихинеллезге тексереміз? Мұздатылған етті (қазақша айтса жібітеді) жұмсартады. Кесіндінің қалыңдығы 1,5 мм-ден аспауы керек. Компрессориумның астыңғы шынысына кесіндіні салып, жоғарғы шыны мен аздап қысамыз. Сонан оны алып (жоғарғы шыныны) әрбір кесіндіге тұз қышқылының 0,5 % ерітіндісінен, не болмаса көгілдір метилен ерітіндісінен бір тамшы тамызамыз. Жоғарғы шыныны салып, микроскоптың астында тексереміз.

Тұз қышқылының әсерінен еттер кесіндісі мөлдірлене түседі де сұрғылт түске боялады. Капсула күміс түстес шеңберге айналып, ал ішіндегі сұйық ағарады (белоктың ұюы әсерінен). Ал көгілдір метилен мен боялған кесінділерде капсуланың іші ашық – көк түске, паразит боялмайды да өте жақсы көрінеді.

Ал тұздалған шошқа етін тексеру үшін кесіндінің қалыңдығы екі есе жұқарады (0,8) да, глицерин мен су қосындысының ерітіндісінен не 5% сүт қышқылынан бір – бір тамшы тамызады (кесіндіні ағарту мақсатында).


Шошқа қыртыс майын (шпигін) трихинеллезге тексеру
Трихинеллалар тері асты майында орналасып, ет жолақтары арасында көзге көрінбеуі мүмкін. Сынаманы шпиктің ішкі қабатынан ет жолақтары жанынан алады. 0,5 мм қалыңдығындағы 5 не одан көп кесіндіні алып, 5 – 8 минутқа 1 %-ті фуксин ерітіндісі бар, 5% - ті натри тотығы ерітіндісіне салып қояды. Уақыт өткен соң компрессориум мен тексереді. Боялған май клеткаларының арасында трихинелла ашық – қызыл, не сарғыш – қызыл түске боялады.

Трихинеллезді басқа аурулардан ажырату үшін: етті қолдан жасалған қарын сөлінде қорыту өте дәл әдіс. Өйткені қарын сөлінің әсерінен трихинелла босап тұнбада қалады. (Егер саркоцист болса, тұнбадан спорларды табуға болады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет