Психодиагностиканың кәсіби және этикалық сұрақтары. Психодиагностиканың кәсіби және этикалық нормалары. Этикалық кодекстің негізгі қағидалары. Тесті жүргізуге қойылатын талаптар.
Психодиагностикалық жұмыс нәтижелерінің қолданылу салалары.
Психодиагностиканың теориялық пән ретіндегі міндеті ғылыми негізделген психодиагностикалық әдістерді өңдеу және теориялық тұжырымдамалар мен болжамдарды тексеру болып табылады. Практикалық психодиагностикада психодиагностикалық берілулердің нәтижесі қалай, кіммен қолданылуына байланысты. Осыған орай психодиагностикалық жұмыстың нәтижесін практикада қолданудың бірнеше салаларын көрсетуге болады:
Психодиагностика оқыту және тәрбиелеу үрдісін белсендендіру үшін қолданылады. Психодиагностика көмегімен білім беру-тәрбиелеу мекемелерінің жұмысшыларының алдында тұрған міндеттер шешіледі. Бұл баланың мектепте оқуға даярлығы, оқу үлгермеушілігінің себебін анықтау, кәсіптік бағдар беру.
Диагностикалық жұмыс нәтижесі клиникалық кеңес беру және психотерапиялық жұмысты қолданылады. Бұл жағдайда психодиагностиканың негізгі міндеті клиенттің нақты проблемасының себебін анықтау және оларды шешудің жолдары және тәсілдерін таңдау.
психодиагностика сот практикасында соттық-психологиялық экспертиза жүргізу үшін қолданылады. Туындаған мәселеге байланысты психодиагност зерттеу нәтижесі бойынша психологиялық қорытынды шығарады.