ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқытудың қазіргі заманғы технологиялары»



бет2/35
Дата05.06.2017
өлшемі5,19 Mb.
#17705
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35



Дәріс жоспары

  1. Техникалық құралдар. Олардың түрлері

  2. Сынып тақтасымен жұмыс.


Дәрістің қысқаша мазмұны

1.Техникалық құралдар. Олардың түрлер

Оқытудың техникалық құралдары дегенде техникалық қондырғылардың және оларға арналған арнайы дидиактикалық материалдардың жиынтығын түсенеміз.

Орта мектептердің физика кабинеттерін оқытудың техникалық құрлдарымен жабдықтау және оларды қолдану әдістемесіне 15-20 жылдай уақыт өтті. Қазіргі уақытта мектептердің барлығы дерлік оқытудың қазіргі заманғы техникалық құралдарымен жабдықталған. Бұрынғы техникалық құралдарды біртіндеп сырып келеді.



Дәстүрлі оқытудың техникалық құралдарының әртүрлі классификациясы бар. 12-суретте соның бірі келтірілген.

Дыбыстық құралдар (аудиоқұралдар) – ақпарат тек дыбыстық канал бойынша берілетін ОТҚ (ТСО). Оған радио, магнитофон жатады. Бұл жағдайда сәйкесінше дидактикалық құралдар оқу радиоқабылдағыштары және магнитофонды жазбалар болып табылады, мысалы физикалық диктанттарды, текстерді экрандық құрал арқылы бейнелейді.

Экрандық (визуальды) құралдар, яғни ақпарттарды көру каналдары бойынша беретін ОТҚ, оған кодоскоп графопроектор жатады - бейнелерді пленкада проекциялайтын прибор; эпидиаскоп – бейнелерді қағазда проекциялау үшін қолданылатын прибор; диапроектор - диапозитивтер және диафильмдерді проекциялауға арналған прибор.



12-сурет. Оқытудың техникалық құралдары



Аудиовизуальды (экранды-дыбыстық) құралдар – бұл ақпаратты бір мезгілде көру және дыбыстық каналдар арқылы беретін ОТҚ. Оларға: кинофильмдерді («Украина», «Школьник» және т.б.) демонстрациялауға арналған кинопроектор, телевизор, бейнемагнитофон жатады. Осы ОТҚ керекті дидактикалық материалдар 13-суретте көрсетілген.

Оларды қарастырайық.

Диапозитивтер кез-келген статистикалық проекция құралы сияқты экранда қозғалмайтын кескінді алуға мүмкіндік береді; өзінің мүмкіндігі бойынша диапозитивтер қабырға кестелеріне ұқсас. Бірақ диапозитивтің кескіні кестеге қарағанда ірірек бола алады дәл осы оның артықшылығы болып табылады.

Диапозитивтер жекелеген кадрлар сияқты (ғалымдардың портреттері, техникалық қондырғылардың фотосуреттері, диаграммалар, графиктер және т.с.с.).



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет