Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет27/36
Дата07.02.2022
өлшемі2,41 Mb.
#83964
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
Байланысты:
985320f6-a3eb-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ орг 2
985320f6-a3eb-11e4-bd4b-f6d299da70eeУММ орг 2
3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚТАР


Зертханалық сабақ № 1 – Кіріспе.
Сабақтың мақсаты:
Сабақ жоспары:

  1. Көмірсутекті қанқасының түрлері, ациклді, циклді және гетероциклді қосылыстар.

  2. Моноциклдер.

  3. Изомерия. Гомология.

  4. Есеп шығару

Бақылау сұрақтары:
1. Ароматты қосылыстарға қандай изомерия түрлері тән?
2. Моноциклді қосылыстардың өкілдері?
3. Ароматты көмірсутектердің классификациясын келтіріңіз


Зертханалық сабақ № 2 – Терпендер. α-пиненнің (скипидардың) қасиеттері
Сабақтың мақсаты: α-пиненнің (скипидардың) қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
а) α-пиненнің бром суымен әрекеттесуі. Пробиркаға 0,5 мл скипидар құып тамшылатып және шайқап отырып бром суын қосады. Не байқалады? Теңдеу реакциясын жазыңыздар.
б) α-пиненнің калий перманганатының сулы ерітіндісімен тотығуы. Пробиркаға 1 мл 1-пайызды KMnO4 ерітіндісін құяды, 1 мл 5% Na2CO3 ерітіндісін құып, шайқап отырып 0,5 мл скипидар қосады. Реакциялық қоспада қандай өзгерістер жүреді? Реакция теңдеуін келтіріңіз.
в) α-пиненнің ауа оттегімен тотығу. Пробиркаға 1,5 мл 1-пайызды KI ерітіндісін, 1-2 тамшы крахмал және 0,5 мл скипидар қосады. Пробирканы шайқап, штативке орналастырады. Біртіндеп көк түс пайда болады. Реакция теңдеуін келтіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. α-пиненнің формуласын келтіріңіз
2. Қандай қосылыстар α-пинен тотыққанда түзіледі
3. α-пинен бром суыммен әрекеттескенде қандай қосылыс түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет