Циклді қосылыстардың аттарын «цикло» деген сөз қосылып май қатары көмірсутектерінің аттары тәрізді етіліп жасалады.
Оларға структуралық изомерияның мына түрлері тән:
сақинаның үлкен-кішілігі бойынша, мысалы үшін С6Н12
2) сақинадағы орын басушылардың үлкен-кішілігіне қарай:
3) сақинада орын басушылардың орналасуларына қарай:
4) орын басушылардың құрылысына қарай:
Сақинада бір ғана орын басушы болса, стереоизомерияға орын қалмайды. Екі орын басушы болып қалса геометриялық та, оптикалық та изомерия бола алады.
Геометриялық изомерия (цис-транс-изомерия) геминальдық күйінен басқа (орынбасарлар көміртектің бір ғана атомында) орын басушылар күйлерінің барлығында да болады:
Оптикалық изомерия, молекуланың симетриялық жазықтығы болмаған күнде ғана байқалады.
Алу әдістері. 1.Циклопарафиндерді алудың жалпы әдістердің біріне мырышты дигалогенмен әрекеттестіріп туындыларын гологенсіздендіру жатады. Ондай жолмен циклопропан және оның гомологтары оңай алынады:
2.Циклопропанды және оның гомологтарын этиленді көмірсутектерге диазометанмен әрекеттестіріп алуға да болады.
3.Төрт-(одан да көп) буынды циклдері көмірсутектердің цикліндегі атомының сондай санымен қанықпаған көмірсутек сутектетдіріп алуға болады.