Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «Оқу физикасындағы ғылыми танымдар» «5В011000 – Физика» мамандығы үшін ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет18/35
Дата06.02.2022
өлшемі4,78 Mb.
#39823
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35
$$$002-012-000$3.2.12 Дәріс №12. Физикадан өздік жұмыстарды ұйымдастыруда жалпыланған сипаттағаы жоспарды пайдалану.

{Дәрісте қозғайтын сұрақтар}


1Жалпыланған сипаттағы жоспар туралы мағұлымат
2.Сабақта жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану жолдары
&&&
$$$002-012-001$3.2.12.1 Жалпыланған сипаттағы жоспар туралы мағұлымат
{Дәріс конспекті}
Оқушыларға физикалық ұғымдарды қалыптастыру мақсатында өзіндік жұмыстарды ұйымдастырудың маңызы зор. Жүргізілген зерттеулер оқушыларға ұғымдарды игертуде, ұғымдарды оқып-үйренудің жалпыланған жоспарын жасаудың орны айрықша болатындығына көз жеткізді. Жоспардың жалпыланған деп аталу себебі: мұндай жоспарды барлық физикалық ұғымдар үшін құруға болады. Жоспар кез-келген ұғыммен жұмыс істегенде мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де пайдалы. Жоспар ұғымның қалыптасу және даму кезеңдерін бірізділікпен қамтыған сұрақтар жиынына жауап бере отырып жасалады. Ұғымды, құрылған жоспар арқылы оқып-үйрену, ол туралы мәліметтердің жинақы болуына, ең негізгі мәселелеріне баса назар аударуға, басқа білім аумағына еркін қолдануға кең жол ашады. Оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгеруінің басты құралы бола алатын жалпыланған сипаттағы жоспарлар төмендегідей:
Нысан: 1. Нысанның жалпы сипаттамасы.
2. Пайда болу шарттары.
3. Нысанның физикалық қасиеттері.
4. Сапалық сипаттамалары.
5. Модель.
6. Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер.
7. Оның мүмкін күйлері.
8. Практикада пайдаланылуы.
Шама: 1. Қандай нысанды сипаттайды?
2. Өлшеу әдісі.
3. Өлшем бірлігі /БХБЖ жүйесінде/.
4. Оның басқа шамалармен байланысы.
5. Шама анықтамасы.
Тәжірибе: 1. Тәжірибенің мақсаты.
2. Тәжірибенің сызбасы (схемасы).
3. Тәжірибе өтетін жағдайлар.
4. Тәжірибе жасау.
5. Тәжірибенің қорытындысы.
Құбылыс: 1. Құбылыстың басты ерекшеліктері.
2. Өту шарттары.
3. Құбылыс бақыланатын эксперимент тізбегі.
4.Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байланысы.
5. Практикада қолданылуы.
6.Құбылыстың зиянды әсерлерінен сақтандыру амалдары.
Приборлар: 1. Құрылғының қызметі.
2. Құрылғының сызбасы (схемасы).
3. Құрылғының жұмыс істеу принциптері.
4. Қолданылуы.
Заң: 1.Нені байланыстырады, анықтайды, бекітеді.
2.Қандай негізгі фактілерге негізделіп тұжырымдалған.
3.Қандай физикалық шамаларды байланыстырады.
4.Заңды сипаттайтын формула.
5.Тәжірибе жүзінде бекітілуі.
6.Практикада қолданылуы.
7.Заңның анықтамасы.
Көрсетілген жоспарларды оқушылар ұғымдарды меңгеру жөніндегі өзінің қызметіне бақылау жасау үшін, ал мұғалімге оқушылардың ұғымды меңгеру сапасын тексеру үшін де пайдалануға болады.
Көрсетілген жоспарлар ұғымдары оқып-үйренудің өзекті мәселерін айырып алуға ықпал жасайды, оқушылардың ұғыммен өз бетімен жұмыс істеулеріне көмектеседі, сонымен қатар мұғалімнің ұғым туралы негізгі ойларын түйіндеуге, ұғымды оқытудың басты бағыттарын сараптауға мүмкіншілік туғызады.
Мұндай жоспарларға сүйене отырып жұмыс істеу, ұғымдарды оқушылардың меңгеру сапасын уақытылы тексеріп отыруға көмектеседі, ал ең бастысы оқушылардың молекулалық физика ұғымдарын меңгеруі мақсатты және саналы түрде жүргізіледі.
Көрсетілген жалпылама сипаттағы жоспарлардың кейбіріне қосымша пунктер енгізуге болады: мысалы, нысан – қандай басқа нысандардан тұрады, онда өтетін құбылыстар; шама – шаманың жеке жағдайлардағы мәні, белгіленуі, өзгеру аралығы, қолданылу шегі; құбылыс -қандай физикалық нысандарды сипаттайды, оны сипаттайтын физикалық шамалар, құбылыстың қысқаша теориясы; заң - оның білінуінің жеке жағдайлары, заңның қолданылу аясы.
&&&
$$$002-012-002$3.2.12.2 Сабақта жалпыланған сипаттағы жоспарды пайдалану жолдары
{Дәріс конспекті}
Осы кеңейтілген жоспарды пайдаланып, физикалық ұғымдарды қалыптастыруды қарастырайық. Мұғалім қарастырылып отырған тақырыптың өзекті жерін түсіндіріп болғаннан кейін, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуіне арналған жалпылама сипаттағы жоспарды пайдаланады. Бұл жоспар бойынша оқушы оқылған материал жайында өз әңгімесін құрады.
Сабақта қолдануға болатын жоспарлардың бір қатары төмендегі 5-10 - кестелерде көрсетілген.

5 - кесте - Идеал нысана „Идеал газ”





1

Нысанның жалпы сипаттамасы

Молекулалар арасындағы өзара әсер өлшеусіз өте аз және молекулалардың кинетикалық энергиясы өзара әсерлесудің потенциялық энергиясынан әлдеқайда көп болатын газ.

2

Қандай басқа нысандарға кіреді

Сиретілген газдармен жұмыс істейтін барлық физикалық приборларда қолданылады.

3

Қандай нысандардан тұрады

Бір-бірінен алшақ орналасқан молекулалар немесе атомдардан тұрады.

4

Пайда болу шарттары

Реал газды сирету арқылы аламыз.

5

Нысанның физикалық қасиеттері

Сиретілген газды идеал газ ретінде тек жылулық тепе-теңдік болғанда ғана қарастыруға болады.
Идеал газ ретінде аз қысымдағы, қалыпты температурадағы газды алуға болады.

6

Сапалық сипаттамалары

Идеал газ молекулалары немесе атомдары бір-бірінен алшақ орналасады.
Идеал газдың молекулалары немесе атомдары өзара әсерлеспейді.
Олар соқтығысқан кезде дефомацияланбайды.



7

Модель

Сиретілген абсолют серпімді (деформацияға ұшырамайтын) шариктер

8

Нысанды сипаттайтын негізгі теңдеулер

;

9

Оның мүмкін күйлері

болғанда
болғанда
болғанда



6- кесте - Физикалық шама „Абсолют температура”





1

Қандай нысананы немесе құбылысты сипаттайды

Термодинамикалық жүйедегі жылулық тепе-теңдік күйді, дәлірек айтқанда нөлдік деп қабылданған күйден ауытқу дәрежесін көрсетеді.

2

Шаманың жеке жағдайлардағы мәні

Қайнау температурасы, балқу температурасы, кризистік температура

3

Белгіленуі

Т

4

Өлшеу әдісі

Тікелей (эталонмен салыстыру)

5

Өлшем бірлігі (БхБЖ жүйесінде)

Кельвин (К)

6

Өлшеу құралы

Термометр, термопара және т.б.

7

Оның басқа шамалармен байланысы

;

8

Өзгеру аралығы



9

Қолданылу шегі

Саны көп бөлшектерден тұратын жүйе үшін қолданылады

10

Шама анықтамасы

Температура – макроскопиялық жүйенің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайды және нөлдік деп таңдап алынған күйден ауытқу дәрежесін көрсетеді.

7 - кесте - Молекулалардың жылдамдықтарын анықтауға арналған Штерн тәжірибесі





1

Тәжірибенің мақсаты

Молекулалардың жылдамдықтарын анықтау.

2

Тәжірибенің схемасы


27-сурет. 28-сурет.

3

Тәжірибе өтетін жағдайлар



а) ортақ ості цилиндр керек;
ә) олар тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айнала алады;
б) цилиндрлер ауасы сорылған болуы керек;
в) В цилиндрі бөлме температурасында болады;
г) А цилиндрі осінің бойымен күміс қабаты
жалатылған платина қылсым С керілуі керек;
д) А цилиндрінің қабырғасында тар О саңылауы
болуы керек.

4

Тәжірибе жасау

1) қылсымнан ток жүргенде күміс қабаты буланады да, ішкі цилиндр күміс атомдары газымен толады. Кейбір атомдар О саңылауы арқылы ытқып шығып, В цилиндрдің ішкі бетіне жетіп қонады да, саңылаудың қарсы тұсында күмістің жіңішке Д жолағы пайда болады (27-сурет).
2)цилиндрлер аса жоғары секундына 1500 айналыс жасайтындай етіп айналымға келтіріледі. Сонда атом цилиндрлер радиустарының айырымына тең жолды жүріп өтуге қажет t уақыт ішінде қандай да бір бұрышқа бұралады. Нәтижесінде атомдар үлкен цилиндрдің ішкі бетіне О саңылауының тура тұсына емес (28-сур.а), саңылаудың ортасы арқылы өтетін радиус ұшынан қайсыбір қашықтыққы барып қонады (28-сур. б).

5

Қорытындысы

Д және Джолақтары арасындағы қашықтық күміс атомдарының ең көбірек шоғырланған жерлеріндегі қашықтыққа атомдардың орташа жылдамдығы сәйкес келеді, ол мынаған тең: ;
Бұл формулаға:
өрнегінен t-нің мәнін қойып, мынаны аламыз:

Егер 45 жиілікпен Штерн приборын айналдырғанда, күміс жолақтың айналу есебінен орташа жылжуы 1,12 см. болса, ішкі және сыртқы радиустары 1,2 және 16 см. сәйкес келеді. Бұл тәжірибеден күміс атомдарының орташа квадраттық жылдамдығын анықтағанда, ол жуық шамамен 600 м/с тең болады. Ал теориялық мәні 590 м/с тең.

8 – кесте - Физикалық құбылыс „Қайнау”





1

Құбылыстың басты ерекшеліктері



а) сұйық ішінде бу көпіршектерінің пайда болуы, үлкеюі және сұйық бетіне шығып жарылуы;
ә) сұйық бетінің жеделдете буға айналуы;
б) қайнау кезінде сұйық температурасының өзгермеуі.

2

Өту шарттары



а) әрбір сұйық үшін тағайындалған қайнау температурасына дейін қыздыруда;
ә) көпіршектердегі будың қысымы сұйық ішіндегі қысыммен теңелген кезде;
б) сұйықты үздіксіз қыздыруда;
в) қайнау кезінде сұйықтың температурасының өзгермейтіндігінде.

3

Қандай физикалық нысандарды сиапаттайды

а) сұйықтарды;
ә) сұйытылған газдарды.



4

Құбылыстың соңғы нәтижесі

сұйықтың буға айналуы.



5

Құбылыс бақыланатын эксперимент тізбегі



1) сұйықты қайнату (ол үшін сұйықты қыздыру
керек);
2) сұйықты төменгі қысымда қайнату:
а) сұйықты төменгі температурада қайнату;
ә) сұйық бетіндегі ауаның n концентрациясын азайту арқылы

6

Оны сипаттайтын физикалық шамалар

t- қайнау температурасы;
- қысым;
-қаныққан бу қысымы;
-кризистік температура.

7

Құбылыстың қысқаша теориясы



1) қайнау-сұйықтың барлық көлемі бойынша
орналасқан бу көпіршіктерінде және сұйық
бетінде өтетін булану процесі;
2) қайнау температурасы сұйықтың тегіне
байланысты;
3) қайнау температурасы қысымға байланысты

а) сұйықтың бетіндегі ауаның n- концентрациясын азайту арқылы;
ә) сұйық бетіндегі ауаның Т-температурасын азайту арқылы, қысымды азайтып қайнау температурасын төмендетеміз.



8

Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен байланысы

а) булану;
ә)кебу;
б) конденсация.



9

Практикада қолданылуы



1) техникада: а) жоғарғы қысымдағы бу қазандарында;
ә) сұйытылған газдардың қайнауы;
б) бу аккумляторларында.
2) медицина: а) хирургиялық аспаптарды;
ә) таңу материалдарын стерилдеуде;
3)күнделікті өмірде: а) үйлерді жылытуға арналған бу қазандарында;
ә) күнделікті тағам дайындауда.

10

Құбылыстың зиянды әсерінен сақтандыру амалдары

а) қайнау кезінде сұйықтың массасының азайып
қалуы;
ә)қайнау кезінде температураның жоғары болуына байланысты күйіп қалудан сақтану.

9 – кесте - Іштен жану қозғалтқышы



1

Құрылғының қызметі.

Отының ішкі энергиясын механикалық энергияға айналдыратын құрылғылар.

2

Құрылғының схемасы.




29-сурет – Іштен жану қозғалтқышы. 1,2-клапан; 3-поршені бар цилиндр; 4-шатун; 5-иінді білік; 6-маховик; 7-шам.




3

Құрылғының жұмыс істеу принциптері.



Қозғалтқышта бір жұмыс циклі поршенінің төрт жүрісінің, немесе төрт тактінің ішінде орындалады.
1.Бірінші такт басталатын, қозғалтқыш білігі айналғанда, поршень төмен қарай қозғалады.
Поршень үстіндегі кеңістік ұлғаяды. Осының салдарынан цилиндр ішіндегі ауа сирейді. Осы кезде (1) клапан ашылып, цилиндрдің ішіне жанғыш қоспа кіреді. Бірінші такт аяқталған кезде цилиндр жанғыш қоспаға толады да, (1) клапан жабылады.
2.Білік әрі қарай айналғанда, поршень жоғары қарай қозғалып, жанғыш қоспа сығылады. Поршень жоғары шекті орынға барып жетіп, екінші такті аяқталған кезде сығылған жанғыш қоспа от алып тез жанады.
3.Қоспа жанғанда пайда болған газдар поршенді қысып, оны төмен қарай айдайды. Ұлғайған ыстық газдардың әсерінен двигатель жұмыс істейді, сондықтан бұл тактіні жұмыстық жүріс деп атайды. Поршеньнің қозғалысы шатунға, сол арқылы маховик орнатылған иінді білікке беріледі. Күшті түрткі алған маховик инерциясы бойынша әрі қарай айнала береді де, өзімен жалғасқан поршеньді келесі тактілерде орын ауыстырып қозғалтып отырады. Екінші және үшінші тактілер клапандар жабулы кезінде орындалады.







4. Үшінші тактінің ақырында (2) клапан ашылады да, жану заттары осы клапан арқылы цилиндрден атмосфераға шығады. Поршень жоғары қарай қозғалатын төртінші такт кезінде де жану заттары сыртқа шығады. Төртінші тактінің ақырында (2) клапан жабылады.
Сонымен, қозғалтқыштың циклі мынадай төрт процестен (тактілерден) тұрады: 1. Сору, 2. Сығу, 3. Жұмыстық жүріс, 4. Шығару.

4

Қолданылуы:



1. Автомобильдердің барлығында.
2. Тракторларда.
3. Самолеттерде.
4. Тепловоздар мен теплоходтарда.
5. Өзен және теңіз кемелерінде.

10 – кесте - Газдың молекула-кинетикалық теориясының негізгі теңдеуі





1

Нені байланыс-тырады

Газ қысымының





1.молекулалардың орташа
кинетикалық энергиясына
2.молекуланың жылдамдығына
3.молекулалар шоғырына
4.бір молекуланың массасына
5.молекуланың тығыздығына

2

Қандай негізгі фактілерге негізделіп тұжырым-далған

Молекулалардың ыдыс қабырғаларына соғуының нәтижесінде пайда болатын қысымды есептеуге негізделген.

3

Қандай физикалық шамаларды байланыс-тырады

Газ қысымын , молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын , бір молекуланың массасын , молекулалар шоғырын , молекула тығыздығын , молекуланың жылдамдығын.

4

Заңды сипаттайтын формула







5

Оның білінуінің жеке жағдайлары

1.
2.



6

Тәжірибе жүзінде бекітілуі

Ойша эксперимент

30-сурет.

7

Заңның қолданылу аясы

Газдардың макро және микро параметрлерінің арасындағы байланысты табу үшін қолданылады.

8

Практикада қолданылуы

  1. Молекулалардың орташа кинетикалық энергиясын табу үшін.

  2. Молекулалардың тығыздығын есептеу үшін.

  3. Молекулалардың жылдамдығын есептеу үшін.

  4. Бір молекуланың массасын есептеу үшін қолданылады.

9

Заңның анықтамасы

Идеал газ қысымы көлем бірлігіндегі молекулалар шоғырын молекуланың массасы мен жылдамдығының квадратының көбейтіндісіне тең.

Осындай жоспарларды әрбір сабақта, физика ұғымдарын қалыптастыру мақсатында пайдаланудың нәтижесі жоғары болады.


Сабақта бұл жоспарлар оқушыларға дайын күйінде берілмейді, жоспар бойынша берілген сұрақтарға жауапты оқушылар өздері іздеп табады.
Физика сабақтарында мұндай жоспарларды пайдаланудағы жүйелі жұмыстың нәтижелілігі мыналарда:
а) курстың негізгі сұрақтары, білімдердің жүйелілігі және логикалық анықтылығы бойынша білімнің құрылымдылығын анықтайды;
ә) оқушыларға мұғалімнің баяндауын түсінуді, меңгеруді жеңілдетеді;
б) оқушыдан оқулық мазмұнын ойша өңдеуді, үй тапсырмасын орындау барысында білімдерді қайта құруды талап етеді және өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді;
в) оқушылардан сабақ сұрауды қысқартуға мүмкіндік береді, себебі, оқулық мазмұнын толық айтып беруге қарағанда жоспардың пунктері бойынша уақыт көп шығындалмайды.
Жалпы қорыта келгенде, оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгеруі барысында жалпылама сипаттағы жоспарларды пайдалану өте тиімді, әрі олардың алған білімдері белгілі бір жүйеге түсетіндігі анық.
Оқушылар өз ойларын осындай жоспарларды пайдалана отырып өз тілімен баяндайды. Мұның барлығы оқушылардың өз беттерінше оқулықтан, қосымша әдебиеттерден оқығандарынан ең негізгілерін, өзектілерін бөліп ала білу дағдысын қалыптастырады.
Мұнда, тек жалаң қайталау емес оны шығармашылық тұрғыдан қорыту, өзіндік тілмен жаңғырту бар. Бұл, бір жағынан, оқушының сөйлеу машығын меңгеруіне септігін тигізеді.
Осындай жұмыстың барысында оқушыларды өз ойын жүйелі түрде, әрі жинақы баяндауға баулимыз.
Ұғымдарды меңгерудің негізгі ерекше тәсілдеріне жалпылама сипаттағы жоспарларды және жаттығулар жүйесін пайдалануды жатқызамыз. Оқушылардың молекулалық физика ұғымдарын жалпылама сипаттағы жоспар, арнайы жаттығулар жүйесі бойынша меңгеруі олардың ойлау қабілеттерінің дамуына, білім сапасының жоғарылауына зор ықпал жасайды.
&&&
$$$002-012-100$Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1.Жалпыдлама сипаттағы жоспар деген не?
2.Жалпылама сипаттағы жоспар не үшін қолданылады?
3.Жалпылама сипаттағы жсопарды сабақтың қай кезінде қолданған дұрыс?Жалпылама сипаттағы жоспарды оқушылар қалай қолданады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет