ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау 6М011200 «Химия» мамандығы үшін магистранттарға арналған пән бағдарламасы семей



бет1/2
Дата25.08.2017
өлшемі440,08 Kb.
#25886
  1   2

КАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТ



3 деңгейлі СМЖ

құжаты


ПОӘК

№ 1 басылым

18. 09. 2013 ж.



042-18-34.2.28

/01-2013



ПОӘК

Магистранттарға арналған «Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау» пәні бағдарламасы



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Оқушылардың оқу жетістіктерін критериальды бағалау

6М011200 - « Химия» мамандығы үшін




МАГИСТРАНТТАРҒА АРНАЛҒАН ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ

Семей

2013


  1. ӘЗІРЛЕНГЕН

ҚҰРАСТЫРУШЫ: ________ «_____» ___________ 2013 ж.


Д.Р. Онтагарова, педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

«Химия және география» кафедрасы




  1. ТАЛҚЫЛАНДЫ:




    1. «Химия және география» кафедрасы отырысында

« » ___ _______ 2013 ж. № хаттама


Кафедра меңгерушісі Д.Р. Онтагарова
2.2 Жаратылыстық ғылымдар факультетінің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында
«____» __________ 2013 ж. № ___ хаттама

Төрайымы, доцент __________________ З.В.Абдишева


3.БЕКІТІЛДІ :
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлданған және ұсынылған « » ____ 2013 ж., № ____ хаттама

ОӘК төрағасы, проректор _______________ Г.К.Искакова




Мазмұны




1.

Пән бойынша глоссарий




2.

Дәрістердің қысқаша мазмұны




2.1

Дәріс №1. Оқу жетістігін бағалау жүйесі




2.2

Дәріс №2-3. Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік.




2.3

Дәріс №4-5.Кембридж тәсілімен оқыту мен оқу үшін бағалаудың маңыздылығы





2.4

Дәріс №6.Топтық жұмысты бағалау әдістемесі




2.5

Дәріс №7. Бағалаудың басқа түрлері




2.6

Дәріс №8-9. Талдау




2.7

Дәріс №10-11. Портфолионы бағалау. Портфолионың түрлері




2.8

Дәріс №12. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын бағалау жөнінде




2.9

Дәріс №13. Бағалаудың рейтингілік жүйесі




2.10

Дәріс №14-15. Кредиттік бағалау жүйесі.




3.

Пәнді оқып-білу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар




4.

Практикалық жұмыстардың жоспары




5.

МОӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау




6.

МӨЖ бойынша әдістемелік нұсқау




7.

Баға қоюдың саясаты




8.

Әдебиеттер






Пән бойынша глоссарий

Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.



Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.

Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.



Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.

Диагностикалық бағалау – оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтау.

Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.

Критерийлік бағалау жүйесі - қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.

Өзін-өзі бағалау – бұл өзінің мықты және әлсіз жақтары, мүмкіншіліктер мен мәселелері жайлы ақпараттарды талдап жинауға бағытталған процесс.

Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды

Рефлексия –оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел.

Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.

сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам



Суммативті (қорытынды) бағалау -белгілі бір уақыт аралығында тақырыпты, тарауды оқып болғаннан кейін оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысының, құзіреттілігінің қалыптасу деңгейін анықтауға арналған.

Талдау(ежелгі грек тілінен «жіктелу») – танысу процесінде нақты бөліктің санамен орындалатын немесе адамның пәндік-тәжірибелік қызметінде құрама бөліктерге (заттар, қасиеттер немесе заттардың арасындағы қатынастар) жіктелуі.

туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп

түсіндіреді.

Формативті (қалыптастырушы) бағалау– оқушының білім алуын үнемі бақылап отыратын мақсатқа бағытталған үзіліссіз процесс.

Формативті (қалыптастырушы) бағалаудың мақсаты - оқу процесі арысында оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетіне түзетулер енгізу болып табылады.

Ынталандыру – дегеніміз бұл адамның іс-әрекетінің қажеттіліктерін анықтайтын, оның бастамасын, бағытын және белсенділігін құптайтын факторлар жүйесі.

Дәрістердің қысқаша мазмұны
Дәріс №1. Оқу жетістігін бағалау жүйесі

Жоспары:


  1. Жеке бағдарлы оқытудағы бағалау жүйесінің ерекшелігі.

  2. Оқушының жетістіктерін бағалау мақсаты.

  3. Оқушының жетестігін бағалау принциптері.

  4. Оқушының жетістігін бағалау түрлері.

  5. 12 – жылдық білім беру кезінде қолданылатын бағалау жүйесі


1.Жеке бағдарлы оқытуда бағалаудың әр түрі мен әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушыларға өз білімдері мен дағдыларын көтеруге және алдағы уақытта қай бағытта жұмыс істеу керек екендігін анықтауға мүмкіндік туса, мұғалім оқушының оқу мазмұнын терең түсінуіне және оқып-үйренуде тәуелсіз болуына қажетті ақпараттарды алады.

Бағалаудың әр түрлі тәсілдерін, әдістері мен техникасын оқушылардың өтілген тақырыпты түсіну дағдыларын қалыптастыру дәрежесін анықтау мақсатында мәліметтер жинау үшін ұтымды қолдану мұғалімге оқытуды жүйелеуге мүмкіндік береді, яғни әр оқушының талабы мен мүмкіндігі ескеріледі, ал оқушы білім алуына және алдағы өміріне қажетті өзінің білімін, жоғары құзіреттілігін қалыптастыруын бақылайды.

Бағалау – оқыту мәселерінің диагностикасы мен жетістіктерін, кері байланысты, оқу процесіне қатысушыларды (сыныптағы оқушылар, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет) білім берудің жағдайымен, мәселелерімен, және жетістіктерімен таныстыруды өлшеудің негізгі құралы. Оқушының оқудағы жетістіктерін бағалау жүйесі – білім беру бағдарламасын меңгеру сапасын бағалайтын оқу үрдісінің негізгі элементі.

Қазіргі кездегі мектептің білім беру жүйесінде бағалау, баға, белгі деген сөздер тек синоним түрінде қолданылады. Бірақ іс жүзінде олай емес.



Бағалау – оқушының оқу және танымдық қызметін бақылау, сонымен қатар білім беру сапасын жақсарту мақсатында оқушы туралы ақпараттарды жинақтау, жазу, тіркеу және интерпретациялау процесі.

Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.

Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.

Оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынандай болуы керек:

- оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;

- икемді;

- көп жабдықты;

- психологиялық жағынан жағымды;

- көп құрылымды.

Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), жиынтық.



2.Оқушының білім алудағы жетістектерін бағалаудың мақсаты алынған білім нәтижелерінің алдын ала жоспарланған деңгейге сәйкес келу дәрежесін анықтау болып табылады.

Бағалау -

- оқушының оқудағы мақсаты мен жетістіктерге жету критериіне көңіл аудару;

- мұғалімнің әрекетін әр оқушыны жеке дамыту технологиясын жетілдіруге бағыттау, атап айтқанда:


  • оқушыға ары қарай білім алуда дұрыс шешім қабылдауға қажетті ақпараттар беру (өз күшін қайда бағыттау, неге көңіл аудару, нені жақсарту, нені түзету, қай жағынан жетілдіру керек);

  • оқушыға өзін өзі бағалау дағдысын қалыптастыру;

  • - оқушыларменүнемікерібайланыста болу;

  • - оқушыға ары қараймақсаттытүрдебілімалукерекекендігіндәлелдеу;

- ақпараттарды беру:

  • - оқушығаоныңжұмысыныңсапасытуралы;

  • - оқушыдағыпроцестертуралымұғалімдерге;

  • - білімалунәтижесіндегіжетістіктердіңдеңгейітуралыата –аналарға;

  • мектепжәнеелді мекен (аудан, қала, облыс, т.с.с)бойыншажалпыесеп беру саясатынқалыптастыру.


3.Оқушыныңжетестігінбағалаупринциптері.

Мұғалімгеөзқызметіндемынандайпринциптердібасшылыққаалуға тура келеді:



  • Маңыздылық.Оқушыныңбілімалудағыжәнеіс - әрекетіндегінеғұрлыммаңыздыжетістіктердібағалауғакөңілаудару.

  • Теңбе-теңдік.Оқушыныңбілімінің, іскерлігінің, дағдысының, құндылықтарының, мақсаттағықұзіреттілігініңжәнеоқудағыжетістіктерініңбағаларыныңсәйкесболуынқадағалау.

  • Шындық және әділдік.Нақтыбағалаукритериінжасапжүзегеасыру. Критерий бағалаудыжәнебелгіқоюдыоқушығаұысымжасауқаупіненарашалайды.

  • Интеграциаланған.Бағалаудыжүзегеасыружоспарлыжәнежан-жақтыойластырылғаноқытудыңқұрамдасбөлігіболыптабылады.

  • Ашықтық.Бағалаудыңкритериі мен әдістерінтапсырманыорындамасбұрынхабарлау. Оқушыларбағалаукритериінжасауға да қатысаалады.

  • Қолжетімділік.Барлықбілімалупроцесінеқатысушыларүшінбағалаупроцесініңқарапайымжәнеоныңтүрлері мен әдістерініңайқынболуынаұмтылу.

  • Жүйелілік.Бағалаупроцедурасынтізбектейжәнежүйеліорындау.

  • Мейірімділік.Оқушы мен мұғалімніңарасындажетістіктердіарттырудасеріктестікқатынастаболуғажағдайжасау.

4.Оқушының жетістігін бағалау түрлері.

Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жиынтық, қорытынды).





5.12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады:

0 балл – қанағаттанарлықсыз 

1-2 балл – қанағаттанарлықтан төмен 

3 балл – қанағаттанарлық

4 балл – қанағаттанарлықтан жоғары

5 балл – жеткілікті жақсы

6 балл – жақсы

7 балл - өте жақсы

8 балл - үздікке жақын

9 балл – үздік

10 балл - өте үздік 

Білім алушының іс әрекетінің барлық түрін бағалау оқушының алған балдарын қосу әдісімен жүргізіледі.Әрбір оқу пәні бойынша жоғары балл білім алушының белгілі бір оқу кезеңінде, іс - әрекеттің белгілі бір түрін орындағанда, сондай – ақ білім алушылардың іс - әрекеттерін бақылаудың ағымдық, аралық, қорытынды формаларында алған балдарын қосу арқылы анықталады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі оларды оқыту және тәрбиелеуде нақты алған нәтижелерді қадағалауды және оларды әрі қарай жетілдіруді көздейді.

Оқу жетістіктерін бағалау түрлері

Сабақ сайын білім алушылардың оқыту нәтижелерін бағалау оқу іс - әрекетінің деңгейіне сәйкес белгіленген баға ауқымы аясында бір сабақ ауқымында жинақталған балдардың орташа арифметикалық мәнін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Орташа арифметикалық мәнді анықтау үшін оқу іс - әрекеті деңгейлеріне ( репродуктивті, продуктивті) сәйкес әртүрлі тапсырмаларды орындағанда алған оқушылардың балдары пайдаланылады. 
Жалпылау, тақырыптық және қорытынды бағалауда мұғалім олардың іс - әрекеттерінің барлық деңгейлерін ( репродуктивті, продуктивті, шығармашылық)
ескереді:

  • Ағымдық 

  • Кезеңдік 

  • Межелік 

Ағымдық - 2 – 11 сыныптардағы оқу кезеңдерінде бағалау
( тақырыптық, сабақ сайын); 

Кезеңдік – бөлімді аяқтауда, сондай – ақ жарты жылда, оқу жылында бағалау (тақырыптық, жалпылау);

Межелік – оқу циклдары аяқталғаннан кейін, яғни 2,4,6,8,10,12 сыныптардан кейін (тақырыптық, жалпылау) бағалау.

Бастауыш және негізгі мектепті аяқтағаннан кейін ( 4 және 10 сыныптардан кейін) аралық мемлекеттік бақылау және оқыту нәтижелерін межелік бақылаулар арқылы өткізіледі. 



Жалпы орта білім алуды аяқтағаннан кейін (11 (12) сыныптардан кейін) Ұлттық бірыңғай тестілеу ретінде жалпы орта білім сапасын мемлекеттік бақылау түрінде өткізіледі. 

Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау мониторингі білім беруден күтілетін нәтижеге қатысты әрбір екіжылдық оқыту циклдары соңында өткізіледі.

Бақылау сұрақтары:

    1. Оқу жетістігін бағалау жүйесі

    2. Оқу жетістігін бағалаудың негізгі принциптері

    3. Оқушылардың оқу жетістігін бағалау түрлері

    4. Формативті және суммативті бағалау жүйесі

    5. 12-жылдық білім берудегі бағалау жүйесі

Ұсынылған әдебиеттер:

  1. Методические пособия АО Назарбаев Интеллектуальные школы по критериальному оцениванию.

  2. А.А. Красноборова. Критериальное оценивание в школе. Пермь, 2010.

  3. Оценка достижения планируемых результатов в начальной школе. Система заданий в 2 частях. Под редакцией Ковалёвой Г.С.Логиновой О.Б. Москва «Просвещение» 2010 год.

  4. Көкіжанова Г.К. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау білім сапасын басқарудағы негізгі критерий – Педагогика,2009 ж.



Дәріс №2-3. Мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалау

Жоспары:

      1. Оқу жетістіктерін критерийлік бағалау туралы жалпы түсінік

      2. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері

      3. Критериалды бағалаудың негізгі принциптері мен функциялары

      4. Критериалды бағалаудың тиімділігі


Критерийлік бағалау жүйесі- қандай да бір оқу материалы қаншалықты мөлшерде меңгерілгендігін анықтайтын, іс жүзіндегі дағдылар қалыптасатын, оқу курсында бекітілген белгілі бір талаптардың ең аз көлемін меңгеру деңгейін салыстыру мүмкіндігі анықтайтын жүйе.

Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты — мектепте білім беру сапасын көтеру, мектеп  бітірушілердің білімін  халықаралық стандартқа сәйкестендіру. 



Критерийлікбағалау

  • Оқушының жеке басы емес, оның жұмысы ғана бағаланады ;

  • Оқушының жұмысы басқа оқушылардың жұмысымен емес ,

эталонмен салыстырылады, ( үздік орындалған жұмыс үлгісімен),

эталон оқушыларға алдын ала белгілі;



  • Оқушы өз жетістіктері мен өзінің бағасын анықтайтындай бағалаудың нақты алгоритмі жасалған;

  • Оқушыға берілген білім ғана бағалана алады , сондықтан бағалау критерийі - оқу мақсаттарының нақты көрінісі;

Пән бойынша жалпы оқу мақсаттары оқушылардың сол пән бойынша жетістіктерін және олардың жекелей жұмыстарының нәтижесін жалпылау – бағалау критерийлері болып табылады;

Рубрикатор – оқушының өткен тақырып бойынша алған білімін бағалау критерийлерінің тізбесі. Ол қандай да бір тақырыпты меңгеру мақсатымен анықталады және берілген рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.



Критерий – оқыту міндеттерімен анықталады, оқушының жұмыс барысында орындайтын және нәтижесінде меңгеруге тиісті әртүрлі іс-әрекетінің тізбегі.

Дескрипторлар – әрбір критерий бойынша оқушының жетістік деңгейін сипаттайды және белгілі ұпайлармен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын ұпай да жоғары болады.

Өткен тақырып бойынша барлық жұмыстар, бақылау жұмыстары да сәйкес рубрикамен бағаланады. Рубрикаларды оқушы әр тақырыпты бастар алдында алады. Бұл берілген тақырып бойынша қорытынды жұмысы қалай бағаланатындығын түсінуіне мүмкіндік береді. Дәлірек айтсақ, рубрика оқушыға берілген тақырыпты меңгеру нәтижесінде нені үйренетіндігін және осы тақырыпты меңгеру үрдісінде неге көбірек көңіл аудару керек екендігін көрсетеді. Яғни, оқушы өз оқуының белсенді бір жағы – субъект болады.

Рубрика – оқушы не үшін оқып жүргендігін, критерий – ол нені үйренуі керек екендігін, ал дескриптор – оқушы оны қалай орындау қажеттігін көрсетеді. Егер рубриканы қандай да бір төбе деп есептесек, критерий – баспалдақ, ал дескриптор – жоғары көтеріле отырып, сенімді түрде мақсатқа қарай жылжуға болатын жеке басқыштар.

Критерийлер және дескрипторларды қолдана отырып, оқушы жақсы нәтижеге жету үшін қандай қадамдар жасауы керектігін анық көре алады. Ол жұмысын өздігінен бағалай алады және уақытында аяқтай алады.

Критерий оқушыларға жұмыстың басында таныстырылады. Сондай-ақ, критерийді мұғаліммен бірге талқылайды, тұжырымдалуына және критерий құнына өзгеріс енгізе алады. Сонымен қатар оны оқытуды жақсарту үшін бағалау деп те атауға болады.

Балдық бағалауда оқушылар жасаған еңбегіне сәйкес бал жинайды. Балдық жүйеде белгілі критерийлермен өлшенетін жазбаша жұмыс болу керек. Бағалаудың әр параметрі сабақтың және деңгейдің тармағында көрініс табады.Барлық көрсетілген параметрлер белгіленген критерийлер бойынша өлшенеді және есептеледі және оқушылар онымен таныстырылады. Бағалау криериийлерімен және дискрипторлар оқушыларға ұсынылады. Сол дескрипторлар арқылы оқушылар өзінің деңгейін анықтай біледі.

2.Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде негізгі 6 критерий қолданылады.

Критерийлер

Дескрипторлар

Макс. балл

А

Теориялықбілім



Материалды білу және арнайы терминдер мен түсініктерді дұрыс және оңтайлы пайдалану.

6

В

Коммуникация



Логикалық ауызша немесе жазбаша түрде берілген терминология мен шартты белгілерді пайдаланып, оқушыларға ғылыми ақпараттарды беру мүмкіндігі. Ақпаратты беру кезінде оқушылар көрнекілік құралдарын (суреттер, сызбанұсқалар, модельдер) пайдаланады

6

С

Есептер шешу



Оқушылар ғылыми ақпаратты берерде әртүрлі ақпарат көздерін қолданып, таныс және стандартты емес жағдайларды шеше алады, оны қолдана алады, алынған ақпаратты талдай алады.

6

D

Жобалау жұмысы



Оқушы мұғаліммен зерттеу мәселесін, мақсатын анықтап, зерттеу әдістемесін таңдайды, өз қызмектін жоспарлап, қорытынды шығарады, алынған нәтижелерді өз бетімен бағалай алады.

6

Е

Ақпаратты өңдеу



Оқушы барлық мәліметтерді жинақтап, жаза алады; қажет болған жағдайда СИ жүйесіне келтіріп, сәйкестендіреді,мәліметтерді жүйелеп, сызбанұсқа түрінде және кесте түрінде жаза алады; нәтижені талдап, қорытынды жасайды

6

F

Тәжірибе жүргізу



Оқушылар лабораториялық құралдарды дұрыс пайдалана алады; байқаудағы және өлшеулердегі нәтижелерді дұрыс ала алады; техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

6



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет