Байланысты: П нні О У- дістемелік кешені «Педагогика»
Тұлғаның дүниетанымын қалыптастырудың әдіснамалық негізі. Философияның түрлі бағыттарының тұлғаның қалыптасып келе жатқан дүниетанымын бағалаудағы маңызы.Философияның өзі де дүниетаным. Философия тәрізді дүниетанымның басқа формалары да бар: мифологиялық, діни, көркемдік, натуралистік, үйреншікті. Философияның, басқа дүниетаным формаларынан айырмашылығы – оның қоғамдық сананың ғылыми саласына жататындығы. Философияның категориялық апараты бар, өз дамуында барлық ғылымдар мен адамзат дамуының бірыңғай тұтас тәжірибесіне сүйенеді.
Философия мәні ”дүние - адам” мәселесі туралы ойлар. Философия екі құбылысқа негізделеді: бүтін дүние және адамның осы дүниеге қатынасы; таным принциптерінің кешені, таным әрекетінің жалпы әдісі. Осыған орай, философияның дүниетанымдық және әдіснамалық басты екі қызметі анықталады.
Адам мәселесінің маңыздылығына байланысты бірінші орында философияның гуманистік (адамгершілік) қызметі тұр. Оның мақсаты адамға тән құндылық, оның қабілеттілігі, сезімі мен парасатының үйлесімді дамуы, мәдениеттілікке қатысты мінез-құлықтың жоғары деңгейдегі көрінісі. Адамгершілік – адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын ізгілік, тілектес-ниеттестік сезімі, адамдармен іштей және жалпы түрде қарым-қатынас жасау ерекшелігі.